Жанар Айжанованың жасырын ұлы бар!
21.02.2014 9 пікір 3873 қаралды

Жанар Айжанованың жасырын ұлы бар!

Бұл тақырыпта жаңалық жазбас бұрын көп іздендік. Жанар Айжанованың өнер әлеміне жастайынан келгенін білмейтін қазақ жоқ. Яғни халықтың назарынан тыс қалған кезі болған емес.

Қазіргі таңда Айжұлдыз Адайбаева атты қызының бар екені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда анасының жолын қуып сахнада өнер көрсетіп жүр. Дегенмен бүгін біз Айжұлдыз туралы емес Жанар Айжанованың ұлы туралы айтып отырмыз. Бұлай айтуға себеп, жақында Жанар апайдың туылған күні аталынып өтті. Әлеуметтік желілерде Ерхан Алданазаровтың: «Ақ мама, туылған күніңізбен. Сіздей ақылшы анамның барына бақыттымын» деген жазбасына көзіміз түсті. Бұл жазбаның жауабы да болды «Жанар Айжанова: Рахмет балам!».  Оқып отырып сіз де аң-таң болып отырған боларсыз? Біз де сондай жағдайда болдық. Мән жәйді Ерханнан білгенді жөн санадық.

Сөйтсек, Жанар Айжанова Ерханның өнердегі ұстазы әрі жерлесі ғана болып шықты. Ерханды кішкентайынан өнерге баулып, үлкен сахнаға аяқ басуына себепкер болған жан екен. Қазіргі таңда Ерханның қоржынында жиырмаға жуық әндері мен үш бейнеклипі бар. Болашаққа құрған жоспары көп. Соның бірі Жанар анасымен дуэт жазу. Алдағы уақытта сіз бен біз жақсы жаңалыққа қанық боларымыз сөзсіз.

IMG_20131122_035157

Previous Мәдина Сәдуақасова: "Менің қалыңдық көйлегім өте қымбат тұрады..."
Next Сандуғаш Стамғазиева ұстаз атанды

Осыған ұқсас

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Ділназ Ахмадиева жұбайы Динараның көзінше Сәкен Майғазиевті мойнынан құшақтап суретке түсті. Мұны көрген желі қолданушылары әншіге сын тақты, деп хабарлайды Stan.kz. Жуырда эстрада жұлдыздары Нұржан Керменбаевтың қуанышына ортақтасты. Әншінің ұлы

ЖҰЛДЫЗАЙ ТҰРМЫСҚА ШЫҚТЫ

Әуелі «Шаншар» театры, Кейін «Алдараспан». Ал, одан соң «Мафия мен тақия». Бір сөзбен айтсақ, әзіл әлемінің әртісі Жұлдызай Дүйсенбиева тағы бір театрдың мүшесі атанды. Бұл жолы көрерменге күлкі сыйлап жүрген

Дәурен СЕРҒАЗИН, актер: «Театрсыз өмірімді елестете алмаймын»

Жақында көрерменге «Жер мен көктің арасы» атты қойылымын ұсынған, бүгінде режиссерлік қырымен халықтың оң бағасына ие болып жүрген «Жастар театрының» танымал актері  Дәурен СЕРҒАЗИНМЕН сұхбат: – Дәурен аға, сіздің «Жер мен көктің

9 пікір жазылған

  1. Гульдана
    Наурыз 03, 15:51 Reply
    Жанар әпкемізден тәлім алып, өнердің жолын қуған Ерхан агаға сәттілік тілеймін. Жанар апа сияқты талайды тамсандырып, биік шыңдарға жете берісін, Ақтөбеліктер жасасын!!!
  2. Жанар
    Наурыз 16, 23:17 Reply
    Тақырып дұрыс қойылмаған екен! Журналистер - ақ бәрін ушықтыруға даяр!
  3. Ай
    Сәуір 28, 19:06 Reply
    Тақырыпты өлтіріп қойыпты, егер тақырыбы болмағанда бұл мақаланы оқымайтын едім және Ерхан туралы білмей өтер едім мына дүниеден))) Жазған журналистке "Керемет Пиарчиксің" дегім келеді,
  4. Сара
    Мамыр 15, 14:42 Reply
    тақырыбына қарап көзім атыздай болып кетіп еді, жазғышбектерім-ай)))
  5. Назерке
    Қаңтар 06, 04:39 Reply
    Тақырып өте дұрыс қойылған. Мақаланың сәтті шығуына бірінші кезекте "шулы" тақырыбы әсер етеді ғой. Журналистер ғана түсінетін шығар бұны...
  6. Қолқоюсыз
    Қаңтар 31, 12:57 Reply
    Жанар сахнада озинди жасына сай уста абыройынды шашпа себеби сен батыстын кызысын соган лайык бол
  7. анар
    Ақпан 28, 21:03 Reply
    әәәйййй,сендердіме, журналистер ай,тақырыпты да тауыпсыздар ау. Жанар Айжанова сіз керемет әншісіз!!!!!
  8. ЖАНАТ Ш
    Маусым 09, 11:21 Reply
    Жанар Айжанова керемет жансыз
  9. Ерема
    Шілде 17, 00:12 Reply
    Такырыпты дурыс жазуга болмады ма????