Танымал тележүргізуші «байдан таяқ жемеудің 4 тәсілін» үйретті
02.01.2015 10 пікір 1556 қаралды

Танымал тележүргізуші «байдан таяқ жемеудің 4 тәсілін» үйретті

Жақында тұрмыс құрған танымал тележүргізуші Маржан Сұлтанбаева әйелдер қауымына күйеуінен таяқ жемеудің 4 тәсілін айтты деп жазады gonzo.kz.
sultanbaeva-0102

«Жарты жылдай бұрын «байлы болудың бонустарын» тізіп жазған едім, өзім «байлы» болған соң теория мен тәжірибенің бір-бірімен ұштасатын-ұштаспайтынын тексеріп те жатқан жайым бар», – дейді Маржан.

Оның ойынша, жақсы әйел дегеніміз байынан таяқ жемейтін әйел.  Сондықтан, күйеуден таяқ жемеу үшін қарапайым төрт қағиданы ұстанған жөн екенін айтады.

Маржан Сұлтанбаева ұсынған 4 қағида:

1. Тәкаппарлықты тізгінде!

Карьера қуып жүріп қалған қыздар үшін – қиындау, әрине. Біз өзіміздікін дәлелдеп, өзіміздің дегенімізді жасап дағдыланып қалғанбыз, өйткені. Өз принциптеріңе емес, өзіңнің азаматыңның принциптеріне адал болуың керек қой, біз соны мықтап есімізде ұстағанымыз жөн, қыздар!

Ақиқаты сол, ашу үстінде тіпті «ақыл» үркіп кетеді біздің қаһарымыздан… «Мен… мен бұрын бүйтуші едім… мен сүйтер едім…» – деп, дес бермейміз. Шын мәнінде, күйеуіңнің алдында кішірейе салсаң – түгің де кетпейді.

«Ой, мен байымды тыпыр еткізбеймін…» – деп құрбылардың көзінше мақтанатын әйелдердің қатарында болғың келсе – ынжық күйеу таңда! Ал, қайратты мінезіне сүйсініп байға тидің екен – тәкаппарлықты тый! Өйткені, азаматың сол сен сүйсінетін мінезінен айрылған күні – сенің де сезімің өшеді. Сондықтан, сүйікті адамың биік боп қалсын десең, өзің төмен түс!

2. Кешірім сұрауды үйрен!

Қандай жағдайда болмасын, сөз таластырғаннан гөрі кешірім сұрай салған дұрыс екен. Иіле сал, кішірейе сал, некелі жарыңның алдында оның еш әбестігі жоқ. Айналып келгенде, тағы да 1-қағиданы қайталауға тура келеді: Тәкаппарлықты тый!!!

3. Төркінге жалтақтама!

Қыз бала – жат жұрттық. Кетті ме, ол – енді басқа елдің адамы! Әрине, хат-хабар алмасып тұру керек, тек… ол «безобидный переговорлар» жас отбасында кикілжің туғызбайтындай болса… көріп жатырмыз… «мамам айтты…» – деп кетіп қалған жеңгелерді де көрдік… «Төркіні жақынның – төсегі жиылмас» деп бекер айтылмаған. Ақылды шеше – дұрыс ақылын айтады ғой. «Жұбыңмен келіп тұрғайсың, жападан-жалғыз оралмай…» – дейтін Аналар аман болсын!!!

4. Әйел екеніңді естен шығарма!

Күліп тұрған күйеуінің көңіл-күйін быт-шыт етіп бұзып, бес минуттан соң қатулы қабағын аша салуға әйелдің қабілеті жетеді. Тек сол бойдағы табиғи қабілеттің тетіктерін дұрыс меңгере алмай абдырап қалып жатамыз да.

Мәселен, көлікті басқару үшін де жолда жүру ережелерін және темір тұлпардың «газ-тормоз» механизмін мықтап меңгеріп алуың керек қой. Сол сияқты, еркегіңнің қай уақытта еркелегісі кеп, қашан қарны ашатынын, қай сөзіңді жылы қабылдап, қай қалжыңыңды көтере алмай шалқасынан түсе қалатынын… бәрін- бәрін зерттеп, ойға түйіп алып, сосын стратегиялық жоспар құра беруге болады болашаққа. Және: «Әйел мен еркек тең құқылы!» – деп ұрандатпай, керісінше жеңіле салғаның – ұтымды позиция!
nur.kz

Previous Сәкен Майғазиев 40 жаста!
Next Әйгерім Қалаубаева неке жүзігін тақты

Осыған ұқсас

ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ… ІІ БӨЛІМ

2-ТАРАУ.  МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТА ОЙНАУДЫ ҮЙРЕН, ӘРІ ӨЗ МҮМКІНШІЛІКТЕРІҢДІ ОЙЛА   Сонымен сен атақты Джон Леннонның: «Барлық адамның арманына қол жеткізуге мүмкіншілігі мол.

Әншілік лицензиясы тоқтатылды

Өзбекстанда жалаңаш денесін көрсеткен Тамила есімді әншінің (құжаттағы есімі Эсмеральда Рахматова) төңірегінде дау шықты. Telegram  әлеуметтік желісінде әншіге қатысты екі бейнежазба таралған соң, «Узбекнаво» эстрадалық бірлестігі Тамиланың әншілік лицензиясын тоқтатқан.

Тыңдармандар байдың үйінде ән салған Қайрат пен Төреғалиді сынап тастады (видео)

Желіде елімізге танымал хитмендер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің үйде өткен отырыста ән айтқан видеолары пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz. Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған видеоның сипаттамасында: «Қайраттың осылайша үйде ән

10 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Қаңтар 30, 22:30 Reply
    Маржан нагыз казак кызына лайык. Казакстанда №1 тележургизуши. Оган жететин жургизуши жок.
  2. Қолқоюсыз
    Наурыз 14, 11:36 Reply
    Маржан Султанбаеваны бир телеарнанын директоры етип тагайындауга абден лайык. Тездетип эфирге оралсын.
  3. Әйгерім
    Наурыз 14, 15:32 Reply
    Маржан Сұлтанбаева өте ақылды қыз. жазған кеңесін әр қыз баласы оқып, көкейіне түйе білсін. сол кезде елімізде отбасылардың ажырасуы болмайды.
  4. Маржан
    Мамыр 18, 15:30 Reply
    Маржан, демал! Жаңалық ашқындай боп, не айтып отырсың? Қай уақытта да жүрген ортасына сүйкімді боп көрінген сенен де ақылды нәзік жандылар бұл айтқандарыңды сенен бұрын біледі ғой...
  5. шырайлым
    Қазан 31, 17:28 Reply
    Арине ерин алдай билген айел ол бакытты шыгар. Киындыкка тозсен артында бир жаксылыгы бар деген... бастысы тозимди болу керек
  6. Кайни
    Сәуір 20, 13:45 Reply
    Алдагы омиринди билмей акылгойсиген артык басында бари жаксы ар жагы туман есинде болсын маржан
  7. Біреу
    Қыркүйек 08, 15:38 Reply
    Ия ақыл үйрету оңай.Бұның барлығын істесе де кейбір еркектер бар сөз ұқпайтын .Сондықтан өзін керемет əйел көрсетудің қажеті жоқ.Əркімнің тағдыры əртүрлі.АЛЛА біреуді сынап берсе,біреу тілінен табады.
  8. Нуреке.
    Қыркүйек 16, 11:25 Reply
    Маржан Бақытты бол!Қосағыңмен қоса ағар!Сенің қағидаң көп қыз-келіншектерге ұнамайды,білемін.Осы қағиданы ұстанса қаншама отбасы бұзылмас еді.Бірақ өте тамаша ұстаным!Сен мінезді де,ақылды арусың!Ақылыңнан айналдым!