Сиви Махмуди не үшін көйлектерін сатып жатыр?

Сиви Махмуди не үшін көйлектерін сатып жатыр?

20160120_16483820-30 қаңтар аралығында Сиви Махмудидің ұйымдастыруымен қайырымдылық акция өтеді

Қайырымдылық акциясынан түскен қаржыны Гүлнұр есімді ДЦП ауырымен ауыратын, көп балалы отбасынан шыққан жас қызға аударылады. Қазақстанда бүгінгі күнде мемлекеттің қаржысын деңгейлі түрде жеткізе алмай қиналып жүрген жандар қаншама. Көптің ішінен неге Гүлнұр деген сұрақ туындайды!? Гүлнұр, Тараз қаласының тұрғыны. Отбасында ең үлкені. Өзінен кейін екі інісі бір сіңілісі бар. Жасы 21-ге келсе де өз еркімен тұрып жүре алмайтын халде. Барлық еміне, оқуына, тренингтерге жеткізіп жүретін анасы. 21 жыл бойы осы қиыншылықты көріп жүрген Гүлнұрдың «аяғыма тұрып, жүріп кетсем екен» деген жалғыз арманы бар. Отбасының жалғыз асыраушысы әкесі.  Сиви Махмуди бұл отбасымен бұрыннан таныс. Қазіргі таңда өте қымбат ем қабылдап жүргенін біліп осындай акция арқылы кішігірім көмек болсын деп өз үлесін қосуда.

Қайырымдылықтың алғашқы күнінде Сиви Махмуди Гұлнұрдың өзін арнайы шақыртып тез арада аяғыңа тік тұрып, ұзатыл деген ырыммен ақ көйлекті сыйға тартты. Screenshot_2016-01-21-13-52-03-1 Screenshot_2016-01-21-13-52-16-1

Сонымен қатар қосымша көмек беремін деген жандар болса:  8707 626 55 18 нөміріне хабарласып толық ақпаратпен таныс болады. Гұлнұрдың өзімен жолығып, тікелей көмек көрсете алады.

Бұл қайырымдылықтың ерекшелігі барлық шет елден келген брендтік көйлектер қол жетімді бағада өткізіледі,сонымен қатар әр сатып алушыны Сиви Махмуди өзі қабылдап, көйлек таңдауға көмек береді.  300000-600000 аралығында тұратын көйлектерін небәрі 7000-150000 теңге аралығында өткізіп жатыр. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып қарапайым халық та өз ризашылықтарын айтып арзан көйлектерді алып кетуде.

20160120_164756 20160120_170850 Screenshot_2016-01-21-13-52-23-1

Қайырымдылық акция, Алматы қаласы, Әуезов көшесі 128 Ғабдулин көшесінің қиылысында. «Сиви» дүкенінде сағат 10:00-21:00 аралығында өтіп жатыр.

 

Previous БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН ӘЙЕЛІНІҢ МОДЕЛЬ БОЛУЫНА ТЫЙЫМ САЛАТЫНЫН АЙТТЫ
Next Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Назарбаеваның ең үздік фотолары

Осыған ұқсас

Сайлаубек сайлаудан бас тартты

МС Сайлаубектің сайлауға түсуі туралы қауесет әртүрлі қоғамдық  пікір туғызып, ел-жұртты біраз дүрліктірді. Бұған байланысты рэпердің өзі мен продюсері де қандай шешім қабылдағанын жеткізді, деп жазады abai.kz. “Сайлаубектің атын атасы

Лəйлə Сұлтанқызы жас келіншектерге сүйікті болудың құпиясын айтып берді

Белгілі тележүргізуші жаңа тұрмыс құрған келіншектерге ерімен дұрыс қарым-қатынас жасауға қатысты 10 кеңес айтты деп хабарлайды NUR.KZ. Жуырда ғана оқырмандарға жол тартқан «Менің екінші кітабым» еңбегінің авторы Ләйлә massaget.kz порталы

Есентаева Қазақстан үшін ұялады екен

Продюсер, актриса әрі тележүргізуші Баян Есентаева дәл қазір қайда жүргенін ашып айтты. Ол өзінің Instagram парақшасына Францияның Бордо қалашығында түсірген видеосын жүктеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Продюсер видеосында әдеттегі жанармай бекетінің

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!