Қалаубаеваның үш тілде айтқан әні халықтың қалауынан шықпады
09.02.2016 3 пікір 3004 қаралды

Қалаубаеваның үш тілде айтқан әні халықтың қалауынан шықпады

Әнші Әйгерім Қалаубаева үш тілде шырқалатын «I love you» әнін тыңдармандарына ұсынды. Өнер иесі алғашында әннен үзіндіні Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған болатын.

Әйгерім Қалаубаеваның үш тілде орындалатын әні тыңдармандарға ұнамай қалды

Оның еңбегіне жеміс тілегендермен қатар, соңғы уақытта өнер иесінің әнге деген талғамы төмендеп бара жатқанына алаңдағандар да табылды деп жазады Корреспондент басылымы.

Тыңдармандары «Әндеріңіздің мағынасы жоғалып барады. Өкінішті», «Не деген ән? Сіздің әндеріңіздің мағынасы жоқ жеңіл әндер», «Ужас, не ән мынау» деген пікір қалдырған.

Алайда, әнші өзін сынаған желі қолданушыларына дер кезінде жауап  қатып та үлгерген. Олардың біріне «Мен тек өзіме ұнайтын, жаныма жақын әндерді орындаймын. Егер әндерім өзге жанның көңілінен шығып жатса, демек, ойымыз, көңіл-күйіміз, жанымыз ұқсайды деген сөз деп ойлаймын! Мен де барлық әнді ұната бермеймін… Сол сияқты сіздің де таңдауыңыз бар! Бастысы аман болайық, қалғаны түзелер», -деп жазған.

Алайда Қалаубаева оқырмандарына бұл пікір ұнамаған болу керек. Бір қолданушы «Мәселе, өзіңізде ұнауда емес. Мағынасы мен сөзіне, әніне де сәл мән беріңіз… Ол да бір ақшаға келген дүние ғой. Хит болуы керек» деп кеңестерін де беріп үлгерген.

Дереккөз: Nur.kz
Previous Басты рольдерде Е.Есмахан мен Т.Төреәлі ойнайтын фильм күзде көрерменге жол тартады
Next Мұрат ҚОЖА: Әркімнің өз жеке өмірі, тірлігі бар

Осыған ұқсас

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына ұшырады (фото)

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына түсті деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты. Ол отырған көлік көктайғақта жылқыларға келіп соғылған. «Ғұмыр-сəт… Айдалаға жылқысын жайып жіберетін ағайындар бар болыңдар!

Димаш Құдайберген француздарды тәнті етті (ФОТО, ВИДЕО)

Димаш Құдайберген Францияның «France 2» бағдарламасында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап. Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайбергенді Les années bonheur жобасының бас жүргізушісі Себастьян

Салафилікке тыйым салу – ұлттық қауіпсіздікті сақтайтын сарабдал саясат

ЕЛІМІЗДІҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ УАХАБИЗМ-САЛАФИЗМ АҒЫМЫНЫҢ БАРЛЫҚ ТАРМАҒЫН ЭКСТРЕМИСТІК ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ ЕЛБАСЫҒА АШЫҚ ХАТЫ Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!!! Мыңжылдықтар тоғысындағы талайлы сын-тегеуріндерден Ұлы Дала елінің іргесін шайқалтпай алып шығудың

3 пікір жазылған

  1. Борис
    Ақпан 09, 22:12 Reply
    Айгерим Калаубаеваны кереметтей анши дей алмаймын.казирги аншилер ойга не ан келеди соны айта беретин болды гой. арты жаксы болсын
  2. мадинка
    Сәуір 06, 20:58 Reply
    өздеріңіз ән айта алмайтын болған соң айгерім ханымды жамандай бермесеңдерші
  3. Қолқоюсыз
    Мамыр 01, 18:38 Reply
    Айгерим Калаубаева жаксы андери унаиды