Баян Есентаеваның өнері сынға түсер сәт келді
11.02.2016 2 пікір 5098 қаралды

Баян Есентаеваның өнері сынға түсер сәт келді

Танымал продюсер Баян Есентаева әлеуметтік желіде моңғолиялық баланың орындауындағы әнді қайталап орындап берген адамға 1000 АҚШ доллары көлемінде жүлде беретінін жариялаған еді. Сондай-ақғ продюсер жеңімпаз анықталған жағдайда ол жүлдені ескі валюта бағамымен (180 теңге) беретінін айтқан болатын. Баян Есентаеваның бұл бастамасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірге ие болып жатыр. Тіпті, Баянның жүлдесінен дәмелілер де табылып, желіге моңғолша ән орындаған видеоларын жариялауда. Осы ретте «Қамшы» ақпараттық порталы моңғол баланың айтқан әнін айнытпай қайталап айтуды Баянның өзіне ұсынады. Егер танымал продюсер аталған әнді дыбыстық, мағыналық сипатын сақтап, айнытпай айтып шықса, портал ұжымы Баян Есентаеваға жаңа бағаммен (370 теңге) 1000 АҚШ долларын сыйға тартатынын ресми түрде хабарлайды. Ол үшін Баян

ханымға бар болғаны «Қамшы» порталы жариялаған арнайы бәйге үшін» деп аталған әнді орындап берсе жеткілікті.

Дерек көзі: Қамшы.кз

Previous АУЫЛДЫ САҒЫНСАҢЫЗ — «72 САҒАТТА ҮЙЛЕНУ» ФИЛЬМІНЕ АСЫҒЫҢЫЗ!
Next Отандық әнші Ерасылды қайғыра еске алды

Осыған ұқсас

Төреғали Төреәлінің жаңа киім үлгісі желіде дау тудырды (фото)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жаңа күртешесі желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ. Әнші жүктеген жаңа суреттегі күртешенің стилін кей желі қолданушылары жақтырмай қалды. Оның күртешесі қызу талқылауға негіз болып, желі

Есболат Беделханның жаңа суреті елді шошытты (ФОТО)

«Орда» тобының мүшесі Есболат Беделханның әлеуметтік желіге жүктеген суреті елді шошытты. Олай демеске лажымыз жоқ. Баяғыда жыртық шалбар киіп, тәнін жартылай жалаңаштап сахнаға шыққандардан қауіптенуші едік, мынау тіпті масқара екен.

ДАСТАН «ОРДА» ТОБЫНАН БӨЛЕК КЕТУГЕ НИЕТТІ!

Ел ішінде «Орда тобында тоқырау орын алды» деген сыбыс желдей есіп жүр. Мұның қаншалықты шындыққа жанасатынын біз әзірге білмейміз. Десе де, топ мүшелері жеке-жеке қызу жұмыс істеп жүргеніне оқырман куә.

2 пікір жазылған

  1. Бақыт
    Ақпан 11, 15:24 Reply
    Сыңға емес, сынға. Ң мен н әріптерін айыра білу керек. Қатені түзеңіздер
  2. juldizdar.kz
    Ақпан 11, 15:31 Reply
    Рахмет, Бақыт, қатені жөндеп қойдық