Төреғали мен Ерке «Аллоның» фонограммасына ілесе алмай қалды (видео)
04.05.2016 3 пікір 1169 қаралды

Төреғали мен Ерке «Аллоның» фонограммасына ілесе алмай қалды (видео)

Әнші Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлі осы уақытқа дейін беріп жүрген концерттерінің бірінде фонограммамен өлең айтамыз деп қалың жұрттың алдында ұятқа қалған. Бұл туралы «Ревю” бағдарламасы хабарлайды,-деп жазады stan.kz.

Қос әнші ақпан айында Қазақстанды аралап, концерт берген болатын. Әр концертінде хитке айналған «Алло” әні айтылған. Бұл әнді орындап тұрып екеуі де фонограммаға ілесе алмай, жұрт алдында күлкіге қалған.
Видеоны көрген желі қолданушылары екі жаққа бөлінген. Бірі «Көре алмайтындардың ісі шығар” десе, енді бірі «Фанераға одан да билеу керек еді” деп жағымсыз пікір білдірген. «Бұл – монтаж. Егер видео шын болса, әншілер ұятқа қалған екен” деп сәтті шыққан бұл дуэттің әрекетін түсінбегендер де бар.

Мұндай жағдай тек жастардың ғана емес, аға буынның да басынан өткен. Бағдат Сәмединованың концертте фонограммамен ән айтып тұрғаны әшкереленіп, артынша жанды дауыспен тыңдарманның көңілін аулауға мәжбүр болған.

Дерек көзі: stan.kz
Previous Олардың үйленуіне болашақ енесі қарсы болған
Next Баян Есентаева: Тележурналист болу - басты арманым

Осыған ұқсас

Айдана Меденованың әнін беріле орындаған балақай Қазнетті «жарды» (видео)

Желіде таралып кеткен кішкене қыздың орындаған әні Қазнет қолданушыларын таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ. Әлеуметтік желіде Айдана Меденованың «Менімен биле» деп аталатын әнін орындаған бүлдіршіннің видеосы кеңінен таралып кеткен. Қолданушылар кішкене қыздың

$1000, қымбат көлік, теледидар: Отандық жұлдыздардың ең ерекше сыйлықтары

Қазақстандық шоу-бизнесте өнері өрге домалап, жанкүйерлердің махаббатына бөленіп жүрген бақытты жұлдыздар қаншама. Бірі ғашық жандардың жүрек сырын шерткен махаббат хаттарын жиі алса, енді бірі үнемі тыңдармандардан сыйлық алып жүреді. Нұржан

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты

Әншінің өмірінде оң өзгерістер болып жатыр. Жұрт шулаған болжам яғни Ақботаның тұрмысқа шыққаны рас екен, деп хабарлайды stan.kz. Алдымен шулы видеоға қатысты әнші болған жайтты ашық әңгімелеп берген еді. «Ол

3 пікір жазылған