Айқын Төлепберген Шахановтың әнін орындайды
13.05.2016 1 пікір 1196 қаралды

Айқын Төлепберген Шахановтың әнін орындайды

Айқын Төлепбергеннің орындауындағы “Махаббат елі” деп аталатын туынды жарыққа шықты.

Тың туындыны сіздер қазірден тыңдап, өздеріңізге жүктей аласыздар. Әрине, бөлісер пікірлеріңіз болса пост астына қалдыра отырыңыздар.

  1.  Махаббат елі

Әні, сөзі: Мұхтар Шаханов

Махаббат елі

Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан,

Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам.

Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,

Жүрегімде басталады бір майдан.

Қайырмасы:

Перзентісің гүлім,

Махамбеттің жырын,

Тудырған ұлы өлкенің.

Аямашы құрбыңнан көркемім,

Жүрегіңнің бар нұрын.

Жанарыңда сенің

Жатыр екен менің тағдырым.

Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып,

Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық.

Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем,

Кешігем деп ойламайсың неге?

Қайырмасы:

Перзентісің гүлім,

Махамбеттің жырын,

Тудырған ұлы өлкенің.

Аямашы құрбыңнан көркемім,

Жүрегіңнің бар нұрын.

Жанарыңда сенің

Жатыр екен менің тағдырым.

Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі,

Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі.

Желкеніңді пенделіктің билемесін желі,

Бір жоғатсаң таба алмайсың мені.

gakku.kz

Previous ЭКСПО-2017: Талғат Ермегияев офшорлар мен жасырын есепшоттар туралы
Next АҚШ басылымы Сағынтаевтың қызын ең сәнді қазақстандық ару деп атады (ФОТО)

Осыған ұқсас

Қалаубаеваның үш тілде айтқан әні халықтың қалауынан шықпады

Әнші Әйгерім Қалаубаева үш тілде шырқалатын «I love you» әнін тыңдармандарына ұсынды. Өнер иесі алғашында әннен үзіндіні Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған болатын. Оның еңбегіне жеміс тілегендермен қатар, соңғы уақытта өнер

Сахнаға іш киіммен шыққан қазақ қыздары көпшіліктің сынына ұшырады (фото)

Жуырда Астана қаласында өткен Sound of Gakku фестивалінде сахнаға іш киіммен шыққан Джейран тобының әнші қыздары сынға ұшырады. Бұл туралы nur.kz жазды. Өнер жолына келгеніне аз ғана уақыт болған бойжеткендер мінсіз

1 пікір жазылды