«Ninety one» әншісі: Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз (ВИДЕО)
14.11.2016 13 пікір 1901 қаралды

«Ninety one» әншісі: Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз (ВИДЕО)

«Ninety one» тобы олардың концерт өткізуіне қарсы шығып, сыртқы келбетіне сын айтатын жандар туралы пікір білдірді. Көкшетау қаласында өткен концерт барысында атышулы топ тыңдармандарымен тілдесті, деп хабарлайды Stan.kz.

Ninety one тобының әншісі Бала топтың концерт өткізуіне кімнің қарсы шығатынын білгісі келетінін, алайда әлі күнге дейін ол сұрақтың жауабын таба алмағанын айтты.

«Неше түрлі нәрселер болып жатыр. Оның бәрі не үшін деп өзіме сұрақ қоямын. Әлі күнге дейін жауабын таба алмай жатырмын. Жан-жақтан адамдар айтады: мүмкін сырғаның кесірі, мүмкін шаштың кесірі шығар деп. Бізге рұқсат бермей жатқандар кім? Түсінетін адамдар түсінеді. Ал түсінбейтін адамдар сол дұрыс дейді. «Сырға тақпаңдар, шашты боямаңдар» дейді. Неге? Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз. Біз сіздерді үлкен деп құрметтеп, ешқандай сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді. Бірақ сонда да осындай нәрселер болып жатыр. Бірақ біз оған мойымаймыз. Осындай ойларға бататын кездерім 2-ақ минут шығар. Одан кейін ағаларыма барып, қалжыңдарымды айтып, олардың көңілін көтеріп, әрдайым қуантып жүруге дайынмын. Сол үшін Eaglez, біз сіздермен әлі ұзақ уақыт бірге боламыз», – деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атышулы топтың бірнеше қалада (Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда) концерті өтпей қалған еді. Тұрғындар аталған топтың имиджінің қазақ сахнасына сай келмейтінін, жастарды теріс бағытта тәрбиелейтінін айтып шағымданған-ды.

Previous Ұлықпан Жолдасовтың анасына арнап ән орындаған балақай жұрттың жүрегін елжіретті
Next Қайрат Нұртас романтикалық кешкі асты кім үшін әзірледі?

Осыған ұқсас

Уәлибек Әбдірайымов неге гитарасын сатираға айырбастап жіберді?

Бүгінгі қазақ сатирасында өзіндік орны бар, әдемі әзілдерімен, қазақы қалжыңымен көпшілік көңілінен шығып жүрген «Шаншар» театрының директоры, белгілі сатирик Уәлибек Әбдірайымовпен «Алаш айнасының» тілшісі аз-кем сұхбаттасқан еді…

Мәдина Сәдуақасоваға тыңдармандары 1000 дана раушан гүлін сыйлады (фото, видео)

Қала күніне арналған концертте тыңдармандары Мәдина Сәдуақасоваға мың дана раушан сыйлады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Күні кеше қала күніне орай “Алматының 25 шыңы” атты салтанатты шара өткізілді. Аталған шараға елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ЮНЕСКО

Қазақ жерінің тағдырына үн қатпаған Мағауиннің бас ауруы тек Шаханов қана ма?

«Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ әдебиетінің классигі, бұл күндері мұхиттың арғы жағында тұрып жатқан жазушы Мұхтар Мағауиннің «Жоқ-өгізбен шайқас немесе Б. Момышұлының «Орысшыл иттігі» және Қ. Мырза-Әлінің «опасыз сатқындығы» туралы ертегі»

13 пікір жазылған

  1. Жанбота
    Қараша 14, 21:09 Reply
    :kulki: оздеринди далелдеп шыгуларына тилектеспин
  2. Улдана
    Қаңтар 08, 17:10 Reply
    Ninety one-тек алға.Әлі ақ талай жетістіктерге жетесіңдер.
  3. Қолқоюсыз
    Ақпан 11, 12:34 Reply
    Жаным сол. Айтқаныңа жылапта алдым гой. Дұрыс айтасың түсінетін адам түсінеді, түсінбейтін сол күйі түсінбей өтеді. Оларға түсіндірудің де қажеті жоқ. Мен NINETY ONE-біргемін Eaglez

Жауап