«МузАРТ LIVE» жобасының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
19.12.2016 9 пікір 1771 қаралды

«МузАРТ LIVE» жобасының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Бірнеше айға созылып, көрерменді әр жексенбі сайын көгілдір жәшікке байлап, баурап алған «МузАРТ LIVE» жобасы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Қамшы.

60000 адамнан суырылып шығып, ақтық сынға 8 қатысушы өткен болатын. Сегіздіктен төртеу таңдалып, жаңа «МузАРТ» квартеті құрылатынын естеріңізге сала кетейік. Сәкен Майғазиев, Ақжол Мейірбеков, Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов, Кенжебек Жанәбілов, Ринат Гайсин төрелік еткен жобаның ақтық сынының шарты бойынша жеңімпаздың тек біреуін халық өзі дауыс беру арқылы таңдайды. Алғашқылардың бірі болып жаңа топтың құрамына кірген қостанайлық Серікболсын Кішкенбаев болды. Ал, қалған үш финалисті топ мүшелері қасында отырған кеңесшілерімен ақылдаса отырып таңдады. Кенжебектің көзі Нұрхат Сегізбаевқа түссе, Мейрамбек 18 жасар Әзиз Балтебекұлын топтан көргісі келді. Ұзақ ойланып, терең толғанған Сәкен өзінің бұл топқа 25 жаста келгенін, оған дейін ондаған байқауларға қатысып, бағын сынаса да жеңіске жетіп көрмегенін айтты. Сөз соңында ол Сұлтан Ахметті таңдады. Сонымен, жаңа квартеттің мүшелерімен танысыңыздар.

Олар:

Серікболсын Кішкенбаев

Нұрхат Сегізбаев

Әзиз Балтабекұлы

Сұлтан Ахмет

Previous Төреғали желіде тарап кеткен мас күйіндегі суретіне қатысты жауап берді
Next Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі ЖЫЛ ӘНШІЛЕРІ атанды

Осыған ұқсас

Алматылықтар «Мюзикола» тобының негізін салған Болат Сыздықовпен қоштасты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, музыкант, «Мюзикола» тобының гитарисі Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филарморниясында өтті. Филарморния ғимаратының алдында әртістің жақын достары, әріптестері және тыңдармандары жиналды. Музыкантты ақтық

Айқын Төлепберген Әлем чемпионатына бәс тігіп, ақша ұтып алды!

Қазақстандық жұлдыздар да букмекерлік кеңселерден табыс түсіріп жатыр. Мәселен, Колумбия-Жапония кездесуіне бәс тіккен әнші Айқын Төлепберген жақында 100 мың теңге ұтып алды, деп жазады Vesti.kz. “Мен ойынға көбірек ақша ұтайын деп

М.Сұлтанбаева: Төсегі – суық, күйеуі жайсыз болса, əйелдер көздері алақ-жұлақ етіп, жан-жағын жайпағыш боп кетеді

Танымал тележүргізуші Маржан Сұлтанбайдың қазақ ырым-тыйымына байланысты зерттеуі мен «тың» қорытындысы жұртшылықтың сынына ұшыраған болатын.

9 пікір жазылған

  1. Айтілек
    Желтоқсан 19, 13:45 Reply
    Бізде осы қатысушылар шығады -деп болжағанбыз. Дұрыс таңдау деп ойлаймыз.
  2. Айна
    Желтоқсан 19, 14:27 Reply
    Сакен мен сизди Исаны тандайды деп ойлап едим бир кандасымызга тандау киын болдыма оз кол астынызга алама деген бирааааааак
  3. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 19, 14:32 Reply
    Жигиттердин бари бирдей бари биринен бири отеди жаксы тандау болды калган жигиттерде МузАРТ пен жумыс жасайтынына сенимдимин
  4. Айна
    Желтоқсан 19, 14:33 Reply
    Жигиттердин бари бирдей бари биринен бири отеди жаксы тандау болды калган жигиттерде МузАРТ пен жумыс жасайтынына сенимдимин
  5. Лиза
    Желтоқсан 19, 15:27 Reply
    Мен де Сакен болмаса Мейрамбек Исаны таңдайтын шығар деп үміт артып едім.Үмітім ақталмады.Енді мен үшін Музарт та,төрттік те қызық емес.Бұл менің жеке пікірім!Әркімнің өз пікірін жазуға құқығы бар!
  6. Кинаят Асылхан
    Желтоқсан 19, 18:09 Reply
    Амантай Еркебуланды Сакен тандайма деп үмыт артып едім.Оралман деп кадыма естігеным бар Муратбек шыкканда оралман екнінді басында білмей калыпбыз деп ол распа даль солай болып калган жокпа....
  7. Света
    Желтоқсан 20, 00:17 Reply
    Ия,Мусага обал болды.Ол сондаи уилесер еди топка.Типти топтын бети болатын еди.Аттен.