Дизайнер Жадо өзін «шошқаға» теңеген Меруерт Түсіпбаеваны сотқа берді (Фото, Видео)
22.12.2016 33 пікір 3834 қаралды

Дизайнер Жадо өзін «шошқаға» теңеген Меруерт Түсіпбаеваны сотқа берді (Фото, Видео)

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваның басы дауға қалды. Дизайнер Жадыра Сахиева әншіні сотқа берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева мен Жадоның арасындағы дау әлі де басылар емес. Өзінің жеке басына тиісіп,  «шошқа» деп атаған әншіні дизайнер сотқа беріп, істі аяғына дейін жеткізем деп отыр.

Дизайнер Жадо өзін "шошқаға" теңеген Меруерт Түсіпбаеваны сотқа бердіБүгін Алматы қаласы Медеу аудандық сотына Жадо, журналистер қауымы және оның адвокаттары келді.

Алайда Меруерт Түсіпбаева бұл жолы сотта бой көрсетпеді. Өзіне қатысты айтқан сынға желідегі парақшалары арқылы жауап берген әншіні Жадо енді кешірмеймін дейді. Себебі, оның жеке басыма тіл тигізуге қақысы жоқ деген ойда сәнгер.

«Мен ол кісіні жасы үлкен, халықтың еркесі деп құрметтейтінмін. Тіпті бұған дейін дос секілді болғанбыз. Осыған дейін ол немесе менеджерлері бір де бір рет маған телефон шалып, мән-жай туралы әңгімелескен жоқпыз. Ол маған орынсыз сын айтудан бұрын ойлануы керек еді. Біліп алып айтуы керек еді. Менің бір емес үш бірдей жоғары білімім бар. 2012 жылы Өнер академиясын бітіргенмін. Заңгер мамандығым тағы бар», – деді ол.

Оның айтуынша, әнші тіпті оның жеке басына да ауыр сөздер айтып, соның салдарынан бір айға жуық уақыт ауырып жатқан.

«Мен де қарапайым адам емеспін ғой. Өнерде жүргеніме 20 жылдай уақыт болды. Қаншама кино түсірдім. Қаншама киноға киім тіктім. Көп жерлерде әділқазалыр алқасында отырғандықтан, «халықтың ерке қызы Меруерт өзінің талғамына сай киінуі керек» деп жай ғана айттым. Ал ол болса, маған хабарласпай, желідегі парақшасына отбасым туралы, жеке басыма қатысты түрлі пікірлер айтыпты.

Мені шошқа деді. Мен мүмкін арықтай алмайтын науқас адам шығармын. Олай болмайды ғой. Екі қазақ қызы ел алдында қырылыспайық деп ойлап едім. Одан кіші болғандықтан, онымен бет жыртыспай заңға жүгінуді жөн көрдім», – дейді ол.

«Шыны керек, осыған дейін күттім. Тіпті бүгін де көріп, мүмкін әңгімелесерміз деп ойладым. Міне, ол кісі келген жоқ. Заң алдында барлығымыз бірдейміз ғой», – дейді сәнгер.

Previous Қайрат Нұртастың 200 мың долларға жуық қаражат кеткен концерті қалай өтті? (Фото, видео)
Next Тұрсынбек Қабатов эфирде көз жасын тыя алмай жылады (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Қарақат жары Қыдырәліге тоқал сыйламақ

Бүгін танымал продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болмановтың туған күні. Өнер иелері әншіні туған күнімен құттықтауларын кешеден бастап кетті деп хабарлайды NUR.KZ. Facebook арқылы бөлісу Вконтакте бөлісті ҚАРАҚАТ ПЕН ҚЫДЫРӘЛІ Туған күн

Ләйла Сұлтан батырлар жырындағыдай жігітті таба алмай жүр

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы махаббатын жолықтыра алмай жүрген қыздарға кеңес берді. Бұл туралы Массагет жазады. «Нағыз қазақ жігітінің қандай болуы керек екенін әрбір қазақ қызы қалыптасып қалған стереотиптермен сипаттағысы келетін шығар.

Әншілеріміз Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей масқара болды

Тарихын білмегеннің болашағы бұлыңғыр. Ендеше жұлдыздардың болашағы – “қара түнек” шығар. Себебі, олар Қазақстан Республикасының қай жылы тәуелсіздік алғанын айта алмады. Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz. Алғашқылардың

33 пікір жазылған

  1. Асем
    Желтоқсан 22, 16:37 Reply
    Өзін бәрінен биік санайды. Меруертті су қаным суймейді.
  2. Сауле
    Желтоқсан 22, 17:07 Reply
    Меруерттики дурыс болмапты. Онысы неси?
  3. Бахыт
    Желтоқсан 22, 17:26 Reply
    Менде жеп көрем сол Меруертеріңді өзін қалықтан жоғары қойғысы келеді.
  4. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 22, 17:35 Reply
    Талпиш катынгой ол. Бир де ол озин "мени бурынгы куйеуимнен бир тунге бер деп сурапты" деп жазды фбга. Ол оны намыс деп турган жоккой сонда. Сауап сазайын алсын мыстан.
  5. Карла
    Желтоқсан 22, 17:51 Reply
    Тəубесіне келтірген жөн
  6. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 22, 20:09 Reply
    Меруерт Меруертті ешкім жаксы көрмейтін шығар))))
    • Эмма
      Желтоқсан 22, 20:36 Reply
      Меруертпен жақын аралассаңыз өте жақсы адам, білмей жатып кінəлəу дурыс емес болар , біздің көп қыздар елге танымалы өте ұсқынсыз киінетіндері жəне өз фигураларын жөнге келтірмейтіндері рас))))
  7. Гульназ
    Желтоқсан 22, 22:01 Reply
    Меруертпин дауысыда жок олен айталмайд талпиш катын
  8. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 22, 22:22 Reply
    Ойбуй уят бопты олары, бетке устарларымыздын мадениети кайда сонда. А ? Мадениет кайраткерлери болгасы келеди баринин :aaa:
  9. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 22, 22:47 Reply
    Маскара казактын кыздары уят сендерге. Маншук пен Алия кыздарымыз ел коргаганда, казактын кыздарай деп еди букил алем. Аттарын шыкпаса жер ортендер. Карын токтык, уайым жоктык аздырар адам баласын улыларымыз бекер айтпапты гой. Акшаларын тасып бара жатса иги ис жасасандаршы сотка жугирмей, Жадыра биик бол ар пенде айткандары, кылыктары ушин алла алдында жауапты. Апкелик акылым иги иске жумса каражатынмен уакытынды
  10. Т. Биркенулы
    Желтоқсан 22, 22:58 Reply
    Орынсыз соз орнына айтылмаган сон осындай халге жеткизеди. Расында кеинги кезде жагымсыз создеримен. Меруерт козге коринип калып жур.
  11. Моля
    Желтоқсан 22, 23:44 Reply
    Жадыра ханым дұрыс сіздікі меруерттт унатпаймын
  12. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 22, 23:53 Reply
    Х ш:oilanu: бетке устар хырхысып жатса жастарымыз кмге харап коркейеды масхара сыйырды хусан боХ шыгдды созды хусан от шыгады демейме
  13. Хадиша апа
    Желтоқсан 23, 00:12 Reply
    Мен әрине Тусіпбаеваны дұрыс дер едім. Жадыра сіңлім айтылған сөз атылган оқпен тең. Жай айта салдым деуге бола ма. Ол да халық алдында жүрген адам. Енді келіп өзіңді ақтауға тырысасың.. Осы әртистердің өмірін елге жаямыз деп болмады өсек аяң, Ұрыс керіс туғызатын передачаларды жауып, журналистерді құрту керек. Ең басты поджигательдер солар. Енді солардың кесірінен 2 қыз соттасқалы жатыр. Олардың өмірі кімге керек. Оларды ет пен сүйектен жаралған адам. Халық олардың жұмысы деп қана қабылдауы керек. Солардың өмірін түсіруді қою керек
  14. гулима
    Желтоқсан 23, 06:09 Reply
    Лучше бы благим делом занялись, чем друг друга позорить.
  15. Баян
    Желтоқсан 23, 10:33 Reply
    Арине уят,жастарга жол корсететин апаларымыз гой. Оданда муктаж жандарга кол ушын берип комектеспейме акшаларын текке шашпай. Журналистер бетимен кеткен, казир аншилер болсын айгили адамдарды халык алдында маскара еткенди жандары суйеди ау деймин. Токтату керек мундайды, содан кейн оны баска елдин азаматтыры да билетин болады. Маскара!!!!
  16. Айка
    Желтоқсан 23, 11:27 Reply
    Жадо оте дурыс жасап отырсыз орнына койу керек ақылы жок талпиш қатын бул да орынды айтылған
  17. Великолепный Сәке
    Желтоқсан 23, 13:42 Reply
    Байқаңдар Түсіпбаева қиын адам ,алдында коментарий жазған бір қызды тауып алып кешірім сұратқызыпты,сіздерді де тауып алып еңіретіп тұрып кешірім сұратқызбасын xаxаxаxаxаxа))))))))) :kulki1:
  18. Автор
    Желтоқсан 23, 17:24 Reply
    Меруерт нашар адам,ол толык кiciлердi унемI мазак етiп отырады .Алланын берген дене бiтiмiне карсы соз айтуга болмайдыгой.ОзI арык жиеркенiштi
  19. Жанат
    Желтоқсан 23, 19:09 Reply
    Меруерттің онысы дұрыс болмаған екен((Адамнан адам еем емес. Жаратушы бір ғана Алла!
  20. Жанат
    Желтоқсан 23, 19:11 Reply
    Меруерттің онысы дұрыс болмаған екен((Адамнан адам кем емес. Жаратушы бір ғана Алла!
  21. Айша
    Желтоқсан 24, 12:22 Reply
    Болар елдин адамдары бир бирин батыр дейди,болмайтын елдин адамдары бир бирин шошка дейди. Бирлик болсын елимизде
  22. Айжамал
    Желтоқсан 29, 01:50 Reply
    Меруеттің аузым бар деп сөйлей беретіні бар екен.Ол интервьюында ,мен семіздерді адам құрлы көтермеймін дегенін естіп таң қалдым .
  23. AKERKE
    Желтоқсан 29, 22:53 Reply
    Меруеттин арекети дурыс емес .жагым сыз анши
  24. рука
    Қаңтар 11, 12:26 Reply
    Меруерт жарайсың.алға .
  25. Гау
    Қаңтар 21, 19:59 Reply
    Адамды хайуанга тенеу ол улкен куна емес па.Меруерт барган сайын жагымсыз болып барады.Алла оны бир куни таубасына келтирер.Ар ким не киседе де.калай киседе оз талгамы, оз иси ,ол ушин жага жыртысудын кереги не.Оданда киналган жандарга комек ушын берип.алгыс алмайсыздар ма.
  26. Клара Киреева
    Ақпан 12, 17:00 Reply
    Жадыра апке сиздин созинизди арине,кате дей алмаймын бирак окиништиси сиз жай айтсанызда Меруерт апке туралы ой айткан екенсиз,оны букил ел естип отыр,сиздин ози туралы естиген Меруерт ханымда карап калмаган гой,екеуинизде бирде-бир болып отсыздар екен.Сол себепти де,ел алдында бир-биринизден кеширим отинип,бурын кандай болсаныздар кайта сондай болып журе бергендериниз жон деп ойлайм.Алла Тагала кашанда кеширимшил адамды жаксы кореди,ози де биздин кателиктеримизди кеширип келеди!