Әли Оқапов ұялы телефонына тікелей хабарласқан қызға жекіп тастады
25.12.2016 9 пікір 1732 қаралды

Әли Оқапов ұялы телефонына тікелей хабарласқан қызға жекіп тастады

Әнші Әли Оқапов ұялы телефонына тікелей хабарласқан журналиске жекіп тастады. Бұл туралы Қамшы порталы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, 17 желтоқсан күні «Қамшы» порталында Әли Оқапов пен Қайрат Нұртасқа бағытталған Марал есімді қазақ қызының хаты жарияланған болатын.

Хатта Әли мен Қайраттың «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанғаны жайлы айтылып, әншілерге «Өздеріңізді алған орден-медальдарыңызға лайықпын деп санайсыздар ма?» деген сауал қойылған.

Осы сұраққа әншілердің өз аузынан жауап алу мақсатында «Қамшы» тілшісі телефон арқылы оларға хабарласып еді, алайда бірден жауап алу мүмкін болмады. Араға бір апта салып, тілші оларға қайта хабарласып, аталған хатқа байланысты жауабын білмек болды.

Хатта аты аталған әншілердің бірі – Қайрат Нұртастың директоры Лаура ханым: «21 желтоқсан күні өткен концерттің есебін жасап отырғандықтан, қазір жауап беруге мүмкіншілігім жоқ», – деп себебін түсіндірсе, Әли Оқаповтың тілшімізге берген жауабы мүлдем басқаша болды.

«Не себепті маған тікелей хабарласып отырсыз, әртістің жеке номеріне хабарласуға ешкімнің де құқы жоқ», – деп  әңгімесін бастады Әли Оқапов.

«Мен төрт күн бойы ұйықтағаным жоқ, сізге де түн ортасында, ұйықтап жатқан жеріңізде хабарласса ашуыңыз келеді ғой… Мен сіздердің қандай хат бойынша хабарласып тұрғандарыңызды білемін, оны оқып шықтым. Алайда, мен оған жауап беруге міндетті емеспін. Хат болса, хат күйінде қалсын. Бұл менің ешқандай да тәкаппарлық немесе біреуді менсінбегендігім емес, маған қойылған сұрақтардың барлығына жауап беріп отыратын менің мүмкіндігім жоқ. Мұндай тірліктермен айналысатын менің арнайы адамым бар, осындай жағдайларды шешіп отырсын деп сайлап қойғанмын. Неге сол кісіге хабарласпайсыздар?» – деп ашулана кетті.

Әлидің айтып отырғаны, оның директоры – Ерлан Әлімов. Негізінде, тілші ең бірінші кезекте дәл сол Ерланға байланысқа шыққан. Ерланмен бір рет емес, бірнеше рет тілдескен.

Аталмыш сұраққа байланысты Ерланның айтқан жауабы мынадай болды: «Бұл хат Әлиге тікелей арналған хат екен, мұндағы қойылған сұраққа мен жауап бере алмаймын. Әлидің өзіне хабарласып, жауабын өзінен алыңыздар».

Осылайша, Әли Оқапов өзіне тікелей хабарласқандарды тілдеп тастады.

Previous Серік Ибрагимовтың сүйіктісіне арнаған әні Парижде хитке айналды (видео)
Next «Қоңыр» тобының әншісі тұрмысқа шықты

Осыған ұқсас

«Байға тие алмай жүрмін». Мақпал ағынан жарылды (видео)

Өткенде ғана Мақпал Исабекова елге ортаңғы саусағын көрсетіп сынға қалған. Ал бүгін ақ жаулық киген суретін жариялапты. Не болып қалды екен? – деп жазды 365info.kz. Оған қоймай суретінің астына өлең салып

Тәуекел Мүсілім көпшіліктен өзін «сұлу» деп атамауды сұрады (фото)

Отандық актерлердің бірі Тәуекел Мүсілім оқырмандарынан өзін «сұлу» деп атамауды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты. Көптеген қыздың арманына айналып үлгерген актер оқырмандарына өтініш жасаған.

«Медея» Македониядан Гран-Примен оралды

Белгілі әнші, театр және кино актрисасы, қазақ өнерінің жарық жұлдызы Айгүл Иманбаеваның жеке театры тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. Қайсар қыздың дарынын былай қойғанда қайраткерлігінің арқасында дүниеге келген «Айгүл

9 пікір жазылған

  1. Баян
    Желтоқсан 25, 19:52 Reply
    Али біз сені семьямызбен жақсы көреміз. Сенің айтқан əніңді сүйсініп тыңдаймыз.сен өте тəрбиелі,инабатты жансың.неге бұлай айтып отыр дейсің ғой,өйткені біз сенің журналисттерге берген сұхбатыңды тыңдап риза болып отырамыз.Нағыз қазақтың жігітісің. Өркенің өсеберсін!біз сені жақсы көреміз.
  2. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 25, 21:04 Reply
    Әли дұрыс жауап берген әншілердің өмірiне арласудын кажетi жоқ құпия болғаны дурыс
  3. Толкинай Касимова
    Желтоқсан 25, 21:05 Reply
    Әли дұрыс жауап берген әншілердің өмірiне арласудын кажетi жоқ құпия болғаны дурыс
  4. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 26, 02:20 Reply
    Алиди анши деп кайдан шыгарган танымаймыз дауысыда жок жалгыз айткан емес анди секендеп билегендердин бари аншима Ернар Торагали Кайраттар гусап жалгыз айта алмайд анди сонда кайдагы анши Али шыкпасын халыкты мазак кылып ол шыканда теледидарды баскага коиа салган адамдарды талай коргем баска озине лайыкты жолын изделий
  5. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 26, 02:20 Reply
    Алиди анши деп кайдан шыгарган танымаймыз дауысыда жок жалгыз айткан емес анди секендеп билегендердин бари аншима Ернар Торагали Кайраттар гусап жалгыз айта алмайд анди сонда кайдагы анши Али шыкпасын хал.ыкты мазак кылып ол шыканда теледидарды баскага коиа салган адамдарды талай коргем баска озине лайыкты жолын изделий
  6. Айым
    Желтоқсан 27, 01:14 Reply
    Еее ақша билеген заман ай.Ақшаң болса қалтаңта талтаңдасаң талтаңда :kulki:
  7. Марат
    Желтоқсан 27, 17:44 Reply
    Мумкiн ол оз iн халык артиси деп санайтын шыгар.
  8. Али Окапов әнши ким айтты әнші емес деп оздери Алиди билмеген сон танымайт та