Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досы Тоқтар Серіковтің ел білмейтін қырларын жария етті
27.12.2016 8 пікір 2471 қаралды

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досы Тоқтар Серіковтің ел білмейтін қырларын жария етті

Бір ұстаздың тәрбиесін көріп, жастайынан бірге өскен Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бүгінде қазақ эстрадасындағы орны бөлек дара әншілерге айналды. Алғаш танысқан сәттен бастап-ақ олардың жұбы жазылған емес. Балалық шақтары, ұмытылмас студенттік кездері бірге өтті. Мейрамбек Бесбаев алғаш рет бала күнгі досының ел біле бермейтін қасиеттерін жария етті.

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды stan.kz.

«Тоқтардың ең бір жақсы қасиеті – оның есте сақтау қабілетінің күштілігінде. Онысына әлі күнге дейін таңғаламын. «Әлгі жігіт қой, әлгі кісі ғой, есіңде ма?» деп бәрін танып жүреді. Жалпы Тоқтардың таңғалатын қасиеттері көп. Ақындығы бір бөлек. Табан астында ойдан құрастыратыны бар. Сосын аңшылық өнері бар. Екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Қалжыңбастығы бар. Қазір көп көре бермеймін. Өйткені «қайда кетті?» деп сұрасаң «аңға кетті» дейді. Қыс болса қасқырдың, жаз болса үйректің соңынан кетеді. Кейде сағынып жатамыз. Ылғи аң жақта жүреді. Не атып жататын қайдам, әйтеуір атып жатады.

Сосын ат құмарлығы бар. «Көп аттарым бар, мықты-мықты жануарларым бар» дейді. Бірақ «Тоқтардың аты келіпті» дегенді өзім естіген емеспін. Өзі де өнерде, аламан бәйгеде шауып жүр ғой. Енді аттары келсе екен. Соны тілеймін», – деп қалжыңмен аяқтады сөзін Мейрамбек Бесбаев.

Previous Есентаеваның қызы итінің туған күніне арнайы торт әзірлетті
Next Әнел Әрінова: Ұлым болғандықтан камераның алдында шешіне алмаймын

Осыған ұқсас

Мешітке барып, құран оқитынын айтқан трансгендер Айнұр Тұрсынбаеваны шошытты (видео)

“Хабар” телеарнасының “Біздің үй” бағдарламасының кезекті санына жынысын ауыстырған трансгендер жігіт шақырылып, ол өзінің мешітке барып, құран оқитынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ. “Сен қызсың ба, ұлсың ба деген сұраққа не

Шынар ЖАНЫСБЕКОВА, актриса: Ажалдың күлкісін іздеп жүрмін

Шынар Жанысбекованы іздеп, М.Әуезов атындағы драма театрға келгем. Іздеген актрисам алдымнан шықты. Дайындықтан шыққан беті екен. Біртүрлі образда. Киінгені де. Дауысы да. Алғашында түсінбедім. Еріксіз жымидым. «Ой, мән берме, бір

МС Сайлаубек өнерін кино саласында сынамақшы

МС Сайлаубек шоу-бизнес әлемінде қарқынды жұмыс істей бастады. Түсініксіз тілде өнер көрсететін рэпер кино саласында да бақ сынап көрмек. «Серік Бол» деп аталатын жаңа туындыда рэпер өз образын сомдайды. Түсірілім

8 пікір жазылған

  1. Атырау қаласынан
    Желтоқсан 27, 20:32 Reply
    Өзі де аттары да оза шауып бəйгенің алдын бермейтін шабандоз болсын!
  2. b
    Желтоқсан 27, 22:05 Reply
    :kulki1:
  3. бакон.
    Желтоқсан 28, 12:15 Reply
    жулдызды жуптарын жазылмасын.сиздер казак деген осындай деп корсетер улгимиз онегемизсиздер
  4. бакон.
    Желтоқсан 28, 12:15 Reply
    жулдызды жуптарын жазылмасын.сиздер казак деген осындай деп корсетер улгимиз онегемизсиздер
  5. Айжамал
    Желтоқсан 29, 02:04 Reply
    Иə елдің еркесі ,жігіттің серісі аман болыңдар.