33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды
29.12.2016 31 пікір 8632 қаралды

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды

Танымал әзілкеш, театр әртісі Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің барлық құпияларын айтып, көрерменге жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ. Жеке өмірінің бүге-шүгесін ол 31-арнадағы «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді.

2014 жылы 33 жасында тұрмысқа кештетіп шыққан актриса өзінің өмірлік серігінің етегінен үш-ақ рет кездесіп қана ергенін мойындады.

Айтуынша, олар ортақ достары әзілкеш, актер Дәнекер арқылы танысқан. Аса тәртіпті, «қызға қырық үйден тыю» деген қағидамен тәрбие алған Жұлдызай бастапқыда оған жігіт ретінде қарамайды.

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды«Сөйтсем ол Дәнекерден менің нөмірімді сұрап алып, екі-үш ай хабарласпай жүріпті. Мені елдер бір көргеннен сұсты, мінезі шатақ деп қабылдайды. Ол да бірден хабарласуға батпапты. Қазіргі өмірлік серігімнің есімі де – Өмірсерік», – деп әңгімесін айтып берді актриса.

Осылайша, олардың әңгімесі жарасып, Whatsapp желісі арқылы сөйлесе бастайды. Тек қана телефон арқылы байланысып жүрген олар артынша екі рет қана кездеседі. Ал үшінші рет оның қазіргі жары Жұлдызайға телефон арқылы хабарласып, аналарын жолықтырмаққа шешеді.

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салдыБүгінде Жұлдызай бір сәбидің анасы атанған. Ал қайынжұрты ол туралы өте жылы лебіздер айтып, Жұлдызайдың қандай келін екеніне тоқталды.

«Ол үйде кәдімгі келін, үйге келе сала аяққа мәсісін киіп алып, асүйге кетеді. Тіпті олардың тойының алдында үйде жылқы сойдық. Сонда оның ішек-қарнының барлығын Жұлдызай тазалады», – деп есіне алды қайынсіңлісі.

Жұлдызайдың айтуынша, ол тұрмысқы шықпай тұрып айрықша түс көрген. Түсінде бір ақ киінген әжей келіп, оның маңдайынан сипап: «Сен менің немереме тұрмысқа шығасың», – деген екен.

«Жұздызай үйге келіп, үлкен кісілерге сәлем берді. Сөйтіп оны төр бөлмеге кіргізіп, барлығымен таныстырып жатырмыз. Ол кіре сала төрде ілініп тұрған суретке таң қалып қарап қалды. Ол ата-әжеміз болады деп айттық.

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салдыСөйтсе, әжеміз оның түсіне кіріп, осы әулетке келін болып түсетініне аян беріпті. Кейін Жұлдызай қызды болды, оның есімін ырымдап Аянат деп қойдық», – деді қайынсіңлісі.

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салдыСонымен бірге, жеке өмірінен бөлек, Жұлдызай шығармашылық өміріндегі жаңалықтармен де бөлісті. Ол «Алдараспан» театрының актері Нұржанмен арада қандай кикілжің болғанын баяндады.

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды«Нұржанмен арадағы кикілжің қу тіршілік, ақша үшін болды. Өте қомақты қаражатқа қатысты. Қанша екенін айтпай-ақ қойын», – деген актриса бүгінде бауырындай болып кеткен досымен қайта табысқанын айтады.

«Дегенмен, ақша біздің достығымызға сызат түсірді деп айта алмаймын, бүгінде бір-бірімізден кешірім сұрап, қайта тіл табыстық. Ол менің қанша жылдан бергі досым болды, бір қара нанды бөліп деп, бір жатақханада жүрген кездеріміз ұмытылмайды», – деді Жұлдызай.

Ол өзінің көрермендеріне «Алдараспан» театрының келесі концертінде өнер көрсетемін деп уәде берді.

Previous Сәкен Майғазиев қазақ тілін білмей тұрып, ағылшын тілін үйренетіндерді аямай сынап тастады (видео)
Next Қайрат Нұртастың әкесі отбасын сақтап қалу үшін кезінде әншіліктен бас тартқан

Осыған ұқсас

Қайрат Нұртастың анасы келінін жұртқа биыл көктемде таныстырмақ

Гүлзира Айдарбекова келінін жұртқа ағымдағы жылдың көктем мезгілінде таныстыратынын айтты. Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz. Осы уақытқа дейін Гүлзира Айдарбекова мен Сиви Махмұди арасында

Шер ӘЛІ, жас әнші, актер: САНЖАР –МЕНІҢ ЖАН ДҮНИЕМЕ СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН КЕЙІПКЕР

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА Жылы:  Қой (1991) Жұлдызы: Торпақ Сүйікті ісі:  Табиғатта серуендей, спортпен айналысу Ақыны: М. Мақатаев, М. Шаханов Жазушысы:  Ә. Нұршайықов Әншісі: М. Жүнісова. Б. Шүкенов, А-Студио Әртісі: А. Әшімов,

З. Батталова: Комиссия мүшелерінің пікірлері бір-бірінен айнымайды

Қоғам белсендісі Зәуреш Батталова Жер туралы комиссия мүшелеріне шарт қойды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. «Қазіргі кездегі комиссияның жұмыс істеу тәртібіне көңілім толмайды. Ондағы жеті-сегіз адамнан басқа комиссия мүшелерінің пікірлері бір-бірінен айнымайды. Премьердің

31 пікір жазылған

    • куаныш
      Желтоқсан 30, 15:19 Reply
      Кыз бен жигиттин арасында достык болмайды
      • Айн
        Желтоқсан 31, 00:47 Reply
        Неге. Достык болады. Менде бес жыл бир жигитпен дос болганмын
  1. Жанка
    Желтоқсан 29, 15:27 Reply
    Жарайсыз бақытты болыңыз!
  2. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 29, 16:01 Reply
    Алдараспанга кайта оралсан жаксы болар еди себеби сени сагынышпен издеймиз
  3. Майра
    Желтоқсан 29, 16:01 Reply
    Алдараспанга кайта оралсан жаксы болар еди себеби сени сагынышпен издеймиз
  4. Гуля
    Желтоқсан 29, 17:40 Reply
    Бакытты болыңыз
  5. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 29, 20:15 Reply
    Сенің сомдаған обрздарың маған қатты ұнайды, кəзіргі əртістерден ешқандай күлкілі ештеңе табаалмайсың өздері айтып өздері күлетін өңшеңбір шала əртістер ,тука екеуіңіз қайта сахнаға бірге неге шықпайсыңдар,екеуіңіз жақсы партнëр,сіздердің қойылымдарыңды көргенде жақсы бір демалып қаламыз.
  6. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 29, 20:44 Reply
    Өте керемет Жұлдызай ханым бақытты болыңыз кызыңыздын артынан ере берсин.
  7. Ербол
    Желтоқсан 29, 22:21 Reply
    Жулдызай рольдерд! жаксы сомдайды.Онерин орлесин!Бакытты болындар..
  8. AKERKE
    Желтоқсан 29, 23:10 Reply
    БАКЫТТЫ БОЛЫНЫЗ. :unatu:
  9. Ерик
    Желтоқсан 30, 07:18 Reply
    жарайсын тамаша бакыты бол жана жыл кутты болсын Атыраудан
  10. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 30, 08:26 Reply
    Жулдызай бакытты бол.сенин ойнаган ролльдерин оте жаксы
  11. Асия
    Желтоқсан 30, 10:23 Reply
    Нагыз ер мынезды кыз! Жарайсын!Бакытты болуга лайыктысын
  12. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 30, 11:05 Reply
    Жарайсыз бакытты болыныз бөпелеріңйз көп болсын
  13. самат
    Желтоқсан 30, 15:17 Reply
    Бакытты болыныздар
  14. Мираш
    Желтоқсан 30, 20:22 Reply
    Омирде бариде болады сабырмен карасан талай асуды аласын
  15. Гулбану
    Желтоқсан 30, 23:36 Reply
    Бақытты болыңыз.Маңғыстау обл.Бейнеуден сəлем .
  16. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 30, 23:36 Reply
    Бақытты болыңыз.Маңғыстау обл.Бейнеуден сəлем
  17. Бакытбек
    Желтоқсан 31, 14:22 Reply
    Жулдызай шаншар га да алдараспан га да катысып туршы. Сен болсан кызык болады
  18. Қолқоюсыз
    Қаңтар 04, 13:38 Reply
    жұлдызай тамаша актерлықтың нағыз хас шебері... жарайсың.. тек өнерден тыс қалып қойма.
  19. Камила
    Қаңтар 05, 10:22 Reply
    :unatu: БАҚЫТТЫ БОЛЫНЫЗ БАЛДАРЫНЫЗ КӨП БОЛЫП ОНЕРИНИЗ ӨРГЕ ЖУЗИП БИИК ШЫҢДАРДАН КОРИНЕ БЕРИНИЗ !ЖАРАЙСЫЗ
  20. Еркін
    Маусым 26, 00:53 Reply
    Жұлдызай сіз сахнаға қайта орлсаңыз жақсы емес зор болатын еді.Сізді сахнадан немесе теледидардан көрсек бір рахаттанып демалып қаламыз. Өзіңіз ойнасаңыз соның ішінде бізде жүргендей боламыз.Əсіресе Тука екеуіңіз ойнасаңыз тіптен қатып кетер еді.Халық үшін көрермендер үшін қайта шықсаңыз.