Ерболат Беделхан өнер мектебін ашты
04.01.2017 2 пікір 676 қаралды

Ерболат Беделхан өнер мектебін ашты

Жуырда ғана Ордалық Ерболат Беделхан талантты жастарға дәріс бергелі жатқанын хабарлаған болатынбыз. Оған әнші білек сыбана кіріскен секілді. Өйткені, ол өзінің өнер мектебін ашты, – деп хабарлайды Гәкку арнасы.

Ерболат Беделхан, ұстаз: «Енді бұл өнер мектебі деп айтуға болады. Өзімнің кішкентай кезімнен армандап келе жатқан сол бір арманым еді. Соған бүгін қолымның жетіп жатқанына шынында қатты қуаныштымын«.

Бұл күні тек Ерболат ғана емес, продюсерлік орталыққа қатысы барлардың барлығы да қуанышты болды. Сондықтанда, қонақтарды Ninety One тобының жігіттерінің өздері қарсы алды.

Айтпақшы, есігін айқара ашқан өнер ордасында сіздер өнердің мына түрлерін меңгере аласыздар.

«Қазіргі заманауи музыкада өлең айтқысы келсе, билеп үйренгісі келсе, мысалы мына қазақ тіліндегі рэп деген мысалы несі бар… Қалай айтамын? Енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан жанры деп ашып жатырмыз. Солардың не екенін білгісі келсе«,- дейді Беделхан.

Онда Ерболатқа хабарласыңыз. Ол барлығын да үйретеді. Бірақ, жас ерекшелігіне шектеу бар.

Ерболат Беделхан: «Басында мен ойлағанмын бір 10 жастан бастап ала беремін ба деп. Бірақ, енді әрине менің… Енді ондай үлкен ауқымды көп адамдарды қабылдай алмаймын өкінішке орай. Сондықтан да, кішкен жаңағы 13-14 жастан бастап ғана қабылдай аламын«.
Айтпақшы, оқу ақылы болғанымен гранттық бөлім де қарастырылған. Ол үшін өзіңіздің өнерлі екеніңізді дәлелдеуіңіз қажет.

«Кімде-кім өзінің жаңағы өнерлі екенін көрсетіп жатса, тек ғана мен өзім шешім қабылдаймын ол адамның жаңағы менің былайынша айтқан кезінде қолыма келуі болады. Бұл жаңағы стажер еп айтамыз ғой. Сол кезде ол ақы төлемейді. Керісінше мен оны өз қамқорлығыма аламын деген сөз«,- дейді Беделхан.

Айта кетейік, жуырда ғана ашылған өнер мектебіне қабылданатын адам санына шектеу бар. Оған не бары 150 өнерпаз іліге алады. Сондықтан, асыққандарыңыз жөн. Іске сәт.

Previous Сәкен Майғазиев туған күнін әріптестері мен ізбасарларының ортасында атап өтті (фото, видео)
Next Тұрсынбек Қабатовтың жары: Күйеуім маған тоқал алам деп айта алмайды

Осыған ұқсас

Мүфти исламда қыздардың да сүндетке отыратынын мәлімдеді

Мәскеулік мүфти Альбир Қырғанов бірнеше жағдайда әйелдердің де сүндеттелетінін мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, бұл мәселеде әр адам өзі шешім қабылдайды. Бұл туралы stan.kz порталы жазады.  «Ислам діні әйелдердің сүндеттелуіне толықтай

Олимпиадада жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы Жазира Жаппарқұл туралы не білеміз? (фото, видео)

Барша қазақстандықтарға қуаныш сыйлап, Рио Олимпиадасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған Жазира Жаппарқұлдың сіз біле білмейтін сырлары қандай? Бұл сұраққа жауапты NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі іздеп көрді. Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған

Музарт тобының әншісі Сәкен Майғазиев дүрілдетіп той берді

Музарт тобының әншісі Сәкен Майғазиев дүрілдетіп той берді. 500-ге жуық адамның басын қосып, барша өнердегі әріптестері мен туған-туыс, дос-жарандарын бір мейрамханаға жинауының себебі бір жыл бұрын дүниеге келген қызы Раяна

2 пікір жазылған

  1. Акжанай
    Қаңтар 06, 00:14 Reply
    Жарайсын, кутты болсын. Шын онер иелерин жарыкка шыгаруынызга тилектеспин
  2. найман али
    Қаңтар 12, 14:47 Reply
    Намысы жоқ қызтеке жігіттердің мектеп ашуы сорақы жағдай