Қарақаттың табынушылары әншінің «үйі жиналмаған» деп сөгіп тастады (ВИДЕО)
05.01.2017 8 пікір 6699 қаралды

Қарақаттың табынушылары әншінің «үйі жиналмаған» деп сөгіп тастады (ВИДЕО)

Танымал әнші Қарақат Әбілдинаға желі қолданушысы «үйің жиналмаған» деп сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі парақшасына отбасылық демалыс кезінен аулаған балығының видеосын жүктеймін деп, жұбайы Қарақат желі қолданушысынан сөз естіп тынды.

«Осындай бір керемет асыр салып, сағынып қалған ақ боранға «шомылып», алтын балықтың үлкенін бұйыртқан мейірімді Аллаға сансыз мадақ айтып, армансыз демалдық…» деген жазумен бөліскен видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі «Қарақат, үйіңіз шашылып жатыр ғой, үйге де бір мезгіл көңіл бөлсеңізші. Сахна деп жүгіре бермей… Жинақы тұрған дұрыс» деп пікір қалдырғаны сол артынша жазба авторы Болманов «Қарақатыма тазалығы үшін де ғашық болғанмын» деп жауап қатты. Сыни пікірді оқыған өзге желі қолданушылары бұл ескертпені ұнатпай қалды.

«Шашылып тұрған дұрыс, тіл-көз өтпейді. Жинамаңыз, Қарақат, өз денсаулығыңызды күтіңіз, балалы үй солай болу керек», «Үй жиналады, бірақ балалар болса, шашылады. Анам айтушы еді, «үйді тықыр етіп жинама» деп… Үй шашылып тұрса, берекелі болады дейді. Бірақ әркімнің түсінігі әрқалай…» деп қарсы шықса, кейбірі видео үйде емес, демалыс аймағында түсірілгенін алға тартқан.

Көріністің демалыс аймағында түсірілгенін Қыдырәлі Болмановтың өзі де растады.

Previous Тұрсынбек Қабатовтың жары: Күйеуім маған тоқал алам деп айта алмайды
Next Алтынай Жорабаеваның Таиландтағы демалысы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Осыған ұқсас

«Дервиши» джаз жанрында жинақ шығарды

«Дервиши» тобын халық енді жаңа қырынан білетін болады.  Бағытын өзгерткен әншілер, енді джаз жанрында бақтарын сынап көрмекші. Алматыда тұсауы кесілген  жаңа жинаққа, «Дервиши» тобы өздерінің тоғыз әнін енгізген. Сондай-ақ, әлемдік джаз

Бекболат Тілеухан ба, Қайрат Нұртас па?

Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті. Съезде партияның сайлауалды бағдарламасы мен Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі жарияланды. Тізімге 127 кандидат ілікті.

Елена Әбдіхалықова: Айтыс табыс көзіне айналып, бір топтың мүддесіне құрылғандай…

Ақын, әнші-сазгер, Елена Әбдіхалықова: ӨЗ ӨЛЕҢІМ ӨЗІМНІҢ ЖАНЫМДЫ ҰҒАР… – Елена деген есімді жұрттың көбі орыстарға тән есім деп ұғынады. Елена деген ат сізге елдің қызы болсын деген ниетпен қойылған

8 пікір жазылған

  1. Клара
    Қаңтар 05, 19:16 Reply
    Осы жұрттың не шаруасы бар жұртта самые главные сенің үйің жинаулыма болды ғой
  2. Қолқоюсыз
    Қаңтар 05, 22:34 Reply
    Елдер оз басындагы оты кормеи,озге елдин басындагы шокты корип сокенди жаксы кореди. Казак десен осы озинди биринши согип,табалауга дайын турады.. Оз пикирлерин оздериннын калганы дурыс.
  3. Найманқыз
    Қаңтар 05, 22:49 Reply
    Тең теңімен тезек қабымен демекші сұлулығы мен сымбатына , өнері мен ибалығына сөз жоқ ҚАРАҚАТқа жыртық шапан жамылып алса да жарасады.
  4. Қолқоюсыз
    Қаңтар 06, 01:44 Reply
    Балалы үй базар деп неге айтқан. Балалы үй базар сияқты шашылып жатқандықтан айтқан. Шашылу--ырыс, береке. Шашу шашу қайдан шыққан? Шашылып, ырыс құт кірсін деген тілек ниеттен шыққан сөз. БАҚ журналистері өсек айтып, біреулердің(көпшілік кешіріңіздер) аңдып жүріп көтін көргенге қанағаттанатын сияқты ғой. Олар көт аңдып жүріп, ақша табады.
  5. Есенкүл
    Қаңтар 06, 01:46 Reply
    Балалы үй базар деп неге айтқан. Балалы үй базар сияқты шашылып жатқандықтан айтқан. Шашылу--ырыс, береке. Шашу шашу қайдан шыққан? Шашылып, ырыс құт кірсін деген тілек ниеттен шыққан сөз. БАҚ журналистері өсек айтып, біреулердің(көпшілік кешіріңіздер) аңдып жүріп көтін көргенге қанағаттанатын сияқты ғой. Олар көт аңдып жүріп, ақша табады.
  6. Акжунис
    Қаңтар 06, 11:53 Reply
    Менин айтарым, оз уйинизди жинап алыныздаршы тел.шукыганды тастап. Ол оз уйи емес, демалыс уйи екени еси дурыс адамга коринип тур гой. Балалыиуй сондай болады. Типти оз уйимди айтсам, казир жинап, ас уйге 1-2сагатка кирип кетейин, балалар отырган болмелер танымастай озгерип кетеди. Сол сиякты, Каракат та адам. Казирги жагдайында оган кутим кажет.. Сонд., желиде отырушылар, тисимизди кышытпай гана, жонинмен сойлеп отыруларызды отинемин. Мен де онын тек тындаушысымын.