Қайрат Нұртастың анасы келінін жұртқа биыл көктемде таныстырмақ
05.01.2017 18 пікір 3250 қаралды

Қайрат Нұртастың анасы келінін жұртқа биыл көктемде таныстырмақ

Гүлзира Айдарбекова келінін жұртқа ағымдағы жылдың көктем мезгілінде таныстыратынын айтты. Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.

Осы уақытқа дейін Гүлзира Айдарбекова мен Сиви Махмұди арасында түсініспеушілік орнаған-ды. Бұған кейінгісінің жұртқа Қайрат Нұртастың отбасы туралы айтуы себеп болды. Сиви отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында кезекті фильмде Қайрат Нұртас пен оның 4 бала-шағасы, әйелі ойнайтынын айтып қойған-ды. Осы тақырыпқа қатысты “Ұят емес” бағдарламасында Гүлзира ханымға “Келініңізді өзіңіз таңдадыңыз ба?” деген сұрақ қойылды.

“Бұл сұраққа жауап бермеймін. Ол тақырыпты қозғамай-ақ қойсаңыздар болады. Мен алдында халыққа айтып кеткен болатынмын. Жақында өз уақыты келеді. Сол кезде айтылады. Біз күзде түсіреміз деген киномыз көктемге қалды. Сол себепті, ең болмаса, көктемге дейін шыдаңыздар. Сосын барлығы айтылады”, – деді Гүлзира Айдарбекова.

Бұдан кейін қойылған “Демек көктемде келініңіз туралы барлық ақпаратты жайып саласыз?” сұрағына жауапты продюсер “Құдай қаласа!” деп қысқа қайырды. Яғни продюсер көктемде түсірілетін фильм арқылы жұртқа келінін таныстырмақ.

Previous Алтынай Жорабаеваның Таиландтағы демалысы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)
Next Батырхан Шүкеновтің әнін естіген ресейлік зағип қыз қазақ тіліне ғашық болып қалды

Осыған ұқсас

Нұрғиса Тілендиев: Әкем Тіленді «Аққу» күйін пышақтың ұшымен тартатын

…Орайы келгенде, кезінде Нұр-ағадан, дәулескер күйші, әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтен естіген мына  оқиғаны назарға ұсынуды жөн көрдік. Нұр-аға айтады: – Кеудедегі намысты шар қайраққа салғандай жаныса ештеңеден тайынбайтын жас кезіміз

Бағдат Сәмединова: Күйеуім мені ашынасының көзінше ұрған

Танымал әнші Бағдат Сәмединова жеке өміріндегі қиындықтармен бөлісіп, оқырмандарға жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында айтып берді. – Сізге өнер адам ретінде

Медеу Арынбаев: Ділназ екеуіміз қосыла саламыз

Жуырда Медеу Арынбаев өнердегі қарындасы Ділназ Ахмадиеваның бейнебаянының тұсаукесерінде өнер көрсетті. Мұнымен қатар, әнші оның алып қашқысы келіп жүргенін жасырмады. Артынша бұл сөздерін қалжыңға балады. Бұл туралы 31 арнаның “Айта

18 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Қаңтар 05, 18:49 Reply
    Түсінбеймін, неге сонша құриялық. :shoshu:
  2. Хаус
    Қаңтар 06, 17:46 Reply
    Келинин корсетемин деп пиар жасау гой Гулзиранын бар ойы .Сондай пиар жасаганды Гулзира ханымнын жаны суйеди.осындайына жыным келеди ау.
  3. Қолқоюсыз
    Қаңтар 12, 05:30 Reply
    Неге сонша əйелін жасырт Қайрат ағамыз
  4. Куралай
    Қаңтар 12, 23:43 Reply
    Несi кызык осылардын.а?тусiнбеймiн го.