Ерке Есмахан шенеунікке тұрмысқа шыққалы жатыр ма? (видео)
06.01.2017 4 пікір 3125 қаралды

Ерке Есмахан шенеунікке тұрмысқа шыққалы жатыр ма? (видео)

Танымал әнші Ерке Есмахан туралы ел аузында жүрген қауесет көп-ақ. Әнші отандық журналистің аузынан «Ерке шенеунікке тұрмысқа шығып, Астанаға көшеді» деген әңігмені естіп таң қалды деп хабарлайды NUR.KZ. Отандық блогер Эльвира Ерғалина Еркемен осы туралы әңгіме-дүкен құрды.

Видеосұхбат барысында Ерке өзінің Астанаға көшетінін хабарлады.

«Астана Ақтөбеге жақын, ал мен өзім Ақтөбенің қызымын. Сондықтан ұлымды қасыма аламын», – деді Ерке. Ал «Ерке шенеунікке тұрмысқа шыққалы жатыр» деген қауесетті естіп әнші таң қалды. «Жоқ, олай болса жақсы болар еді, әрине, көп қиналмас едім», – деп қалжыңдады ол.

Сонымен бірге, сұхбат барысында Еркенің енді Баянмен жұмыс істеу-істемеуі туралы да айтылды. Ол туралы жоспарын ашып айтпаған әнші Астанадан жеке кәсібін ашпақ ниетте екенін жасырмады.

Previous Журналист: "Нысананың" сценарий авторы да, актерлары да Сібірге итжеккенге жіберуге лайық
Next Динара Сұлтан хиджабтың орнына қазақтың ұлттық киімін киюге шақырды (фото)

Осыған ұқсас

Хирургтер Бағлан Әбдірайымовтың қолын неге кеспек болды?

Хирургтер бір кездері ер азамат қауымына үлгі, нәзік жандыларға арман болған “Жігіттер” квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың қолын білегінен төмен кесіп тастамақ болған. Бұл туралы анасы Нұрсұлу ханым “Аналар” бағдарламасында баяндап берді.

АЛМАТЫДА ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫНЫҢ ЖАҢА КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

  Алматыдағы “Меломан” кітап дүкендері желісінде танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының “Менің екінші кітабым” атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға әнші Жанар Дұғалова, танымал тележүргізуші Дина Төлепберген, актер Тәуекел

«Нұр Отан» мүшесі Асқар Мырзахметовтің заңды өрескел бұзып отырғанын айтты

«Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі Айдын Егеубаев вице-премьер Асқар Мырзахметовті ірі жер иеленушілерінің есімдерін әдейі жасырып отыр деп айыптады деп жазады juldizdar.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. Өзінің Facebook парақшасында осылай деп жазған белсенді

4 пікір жазылған

  1. Камила
    Қаңтар 07, 17:48 Reply
    Жарайсыз аман болыңыз ботаканыныздын кызыгын кориниз