Динара Сұлтан хиджабтың орнына қазақтың ұлттық киімін киюге шақырды (фото)
06.01.2017 17 пікір 3375 қаралды

Динара Сұлтан хиджабтың орнына қазақтың ұлттық киімін киюге шақырды (фото)

Шетелде тұрып жатқан Динара Сұлтан қазақ халқын хиджабтың орнына ұлттық киім киюге шақырды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Динара Сұлтан бірнеше жылдан бері шетелде БАӘ-де тұрып жатыр. Аталған елге күйеуінің жұмысына бола көшіп барған-ды. Ол араб қыздарының ұлттық киімдерін ерекше құрметтейтіндеріне қайран қалған екен.

“Мен арабтың қыздарына қарап таңқаламын. Олар өздерінің ұлттық киімінсіз далаға аттап баспайды. Ұлттық киімдері «абая» деп аталады. Намаз оқи ма, оқымай ма оған қатысы жоқ, “абаясыз”елдің алдына шықпау – заң! Бұрын қара жамылғандардың бәрі намаз оқиды екен деп ойлайтын едім, олай емес екен. Жалпы, қазақ десе өзіңе тиеді ғой, дегенмен, негізі еліктегіш халықпыз ғой. Неге біздің қыздарға да осылай қазақи ұлттық нақыштағы киімдерді кимеске?!

Қазір не көп, ұлттық киімдерді қатырып тігетін дизайнерлер көп. Арзаны да бар, қымбаты да бар. Қыздар, қазақ қыздарын әлемге танытайықшы! Қара жамылмаңдаршы, егер намаз оқитындарыңыз болса, біздің әдемі кимешектер, абаяның орнына қазақша шапандар, кеудеше,кәжекилер жетеді ғой. Мына үстімдегі шапанға арабтың қыздары қызығып, сұраныс түсіп жатыр! Неге өзіміз осылай күнделікті киіп жүрмеске?! Алақай! Мақтан тұтам!” – дейді Динара Сұлтан.

Желі қолданушылары да әншінің бұл ұсынысын қоштай түсті. “Бәрі дұрыс дейді. Бірақ ешкім кимейді”, “Жаным Динара, сен сондай ақылды жансың”, “Жарайсың! Әйтеуір, бір адам осы мәселені ашып айтты ғой”, “Өте дұрыс айттыңыз. Жарайсыз!”, “Сізбен толықтай келісемін. Алға!”, “Дұрыс айттыңыз! Қазір еліктегіш жандардың қатары көбейіп келеді. Ең бастысы, ниеттің тазалығы емес пе?! Иман адамның киіміне байланысты емес. Бастысы, әуретті жерлер жабық тұрса болғаны” деп жазады желі қолданушылары.

Previous Ерке Есмахан шенеунікке тұрмысқа шыққалы жатыр ма? (видео)
Next Ринат Зайытов пен Асхат Тарғын тойда төбелесіп қалды

Осыған ұқсас

Марат Омаров, әнші, сазгер: Қазақы әндерді үйрету, қазақтың бар екенін дәріптеу бізге парыз

– Кезінде «Анашым» атты әніңіз аналарға арналған гимн ретінде қабылданғаны рас. Жиын тойларда әліге дейін айтылады. Ұмытылып қалып кететін әндердің қатарынан емес. Соңғы уақытта «Анашым», «Алғашқы махаббат» атты әндеріңізбен деңгейлес

ҚЫТАЙДЫ ТАМСАНДЫРҒАН ҚАЗАҚ АРУЫ

Қазақ қызы “Аспан асты” елінде өткен волейболдан Азия чемпионатының ең сұлу спортшысына айналды, деп хабарлайды SportNews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме бере отырып. Жарыс әлі аяқталмаса да жанкүйерлер және әділ қазылар Сәбина

Өнер жұлдыздар: Бұл талабымызды үкімет сес көрсету емес, мәмілеге шақыру деп түсінсе екен

Жер сатуға наразылық білдірушілердің қатарына өнер саласындағы азаматтар да қосылды, деп хабарлады 31 арна. Олар бірауыздан халықпен бірге екендерін, жердің саудасына да, оның жалға берілуіне де қарсы екендіктерін айтты. Бұған

17 пікір жазылған

  1. Түймегүл
    Қаңтар 06, 16:14 Reply
    Дұрыс айттың кисе жарасар еді тыңдар құлақ болса.
  2. Қолқоюсыз
    Қаңтар 06, 17:05 Reply
    Керемет болгар еды келысемын Динара сiзбен
  3. Дидар
    Қаңтар 06, 19:40 Reply
    Кимешек жəне тағылар ол жалаңаш пен шарият негіздерін ұстайтын мұсылман қыздар арасындағы жартылай жалаңаш киім. Алланың үкімі бойынша, қыз бала балиғатқа жеткен соң, еркекті қоздырмастай, іші көрінбес, киімің мүсініңді байқатпас, тобыққа дейін болып, шашы толық бекітілген, бетіңмен қол алақаның ғана ашық болуы тиіс. Ондай сай сəнді қазақы ұлттық негізге сəйкестендіріп күнделікті киюге арнап түр түрін тігуге болады.
  4. Малик Умаров
    Қаңтар 07, 02:47 Reply
    Салем боле !!! Бари гажап сулу кыздарымыз, тамсана коз карап тоимаиды гои. Дурыс болашакта солаи болгаи
  5. найман
    Қаңтар 07, 09:18 Reply
    динара озиннен бастасаншы акыл аитпай
  6. Қазақ деп ұлттық киім деп жар салушының Өзі түзеліп ауыз ашып әңгіме айтса екен. Алланы разы етіп халықты риза ету жүректегі иманнан. Қазақы дәрсстүрді толығымен қолдаймын бұрмаланбаған болса әрине. Орамал әсемдіктің белгісі. Әрбір ару әуретін жауып жүрсе қадірі артып абыройы асқақтайды.
  7. Мадина
    Қаңтар 07, 23:50 Reply
    Өте орынды, келісемін, қазақы болысымызға сай, ата бабамыздан қалған өте үлгілі киімдеріміздің түр түрі бар, неге оны брендқа айналдырмасқа, біздің дəстүрлі киімбіздей киім еш бір халықта жок, шынындада өте əдемі шебер ойластырған біздің ата бабамыз! Бізге хиджаптың керегі не? Оны киіп журген Қазақстан азаматтары сектант секілді, бір қорқынышты өздері,
  8. Қолқоюсыз
    Қаңтар 09, 13:51 Reply
    "Хиджабтың орнына" демей "Ашық шашық киім кигеннен гөрі" қазақтың ұлттық киімін киюге шақырам деңіз. Хиджабты Алла парыз еткен соң киеді, сән үшін немесе еліктегені үшін емес. Құранды оқыңыз Алла разылығы үшін.
  9. Қолқоюсыз
    Қаңтар 09, 22:17 Reply
    динара акылдылыгын асып жатыр екен сенде арабтар сиякты салт дастуринди силагандай келин ретинде орамалынды басыннан тастамай тизеннен томен киип журе аласынба. кайдам олай жасай алмайтынына козим жетеди сондыктан арлы берли ангименин кереги не. хиджапты аллахтын буйрыгы болган сон киемиз ериккеннен емес. ал мынау айтылып жаткан теман хиджаптагыларга емес жартылай жаланаштарга айтылган ангиме гой.