Жазира әріптесі Құралайды көтере алмай қиналды (фото)
08.01.2017 2 пікір 1637 қаралды

Жазира әріптесі Құралайды көтере алмай қиналды (фото)

Желі қолданушылары Жазира Байырбекованы суреті үшін сынап тастады. Арасында қолдау білдіріп, оны жақтап сөйлегендер де болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Жазира Байырбекова халыққа өзінің қарапайым мінезімен танымал. Осы уақытқа дейін кілемді қолмен жуатынын көрсетіп, жұртты тамсандырған болатын. Бұл жолы ол әзілге негізделген суретін бөлісті.

Жазира отырыстардың бірінде әріптесі Құралайды көтермек болған екен. Алайда бұл қолынан келмеген-ді. “Кеше Жазира Құралайды көтеремін деп қиналып қалған сияқты”, – деп жазады сурет иесі. Бұл сурет желі қолданушыларының бірін күлдірсе, енді біріне жағымсыз әсер сыйлады. Олар мұны әбестікке балады.

“Құралай ханымға да, Жазираға да күшті жарасып тұр. Езіп, салмағын салмай отырғанынан әзіл екені түсінікті”, “Әзілдерің жарасып тұр”, “Оларға әзілдесуге болмай ма? “Ұят” дейтіндей соншама не істеп қойды?! Олар да өздерің сияқты адам. Ұят деп отырғандар өздерің де осылай жасайсыңдар ғой. Отырып алып жазғаннан басқа ешнәрсе білмейсіңдер. Жазира ханым, ұят ешнәрсесі жоқ”, “Бұл Құралайдай бала тапсын деген ырым ғой”, “Бәрі отырып Құралайға орын жетпей қалған сияқты ғой. Сосын Жазираның алдына отыра салған” деп жазады желі қолданушылары.

Previous Ұлтшыл болып жүрген М.Тайжан неге соттың орысша өтуін талап етті?
Next «Байға тие алмай жүрмін». Мақпал ағынан жарылды (видео)

Осыған ұқсас

Аиша Бүркітті екі жыл бойы соңынан жүгірткенін айтты

Өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген Бүркіттің жары Аиша отбасын сақтап қалудың басты құпиясымен бөлісті. Ол аяулы ана мен сүйікті жардың стюардессаға ұқсауы керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды. Аиша қыз

Алмас Кішкенбаев даяшы болып кетті (ФОТО)

Алмас Кішкенбаев сахнамен қош айтысты. Уақытша ғана. Ол Астанадағы мейрамханалардың бірінде даяшының рөлін сомдады. Сурет Әлімжан Баранғұлов Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды. Эстрада жұлдызымен бірге шараға “Астана Опера” труппасының

Гүлбаһрам Байбосынова, актриса: Ендігі арманымның аялдамасы – келін атанып, бесік тербеткен ана болу

– Осы жыл аналардың сәбилерін сұмдық жағдайларда тастап кетуімен басталды ғой. «Айжан» телехикаясындағы қыз ауылдан келіп, ғашығынан аяғы ауыр болып қалады. Көгілдір экран – тәрбиенің құралы. Біз осы фильм арқылы

2 пікір жазылған