Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)
09.01.2017 3 пікір 5514 қаралды

Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)

Баян Есентаева туған күнін Вьетнам елінде атап өтіп жатыр. Шетелде жүрген продюсер өзін құттықтаған жандарға алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Баян Есентаева 43 жасқа толды. Ол өзінің туған күнінде “Vinpearl Golf Land Resort” кешенінде демалып жатыр. Аталған кешен Вьетнам елінің Кханьхоа провинциясында орналасқан. Алғашқылардың бірі болып продюсерді құрбысы құттықтады. Ізгі ниетін білдірген Динара Сәтжанға Баян Есентаева суретпен жауап берді.

“Мен Баянды үлкен де мейірімді жүрегі үшін, әзіл айта білетіндігі үшін, жомарт жаны үшін, стратегиялық ақылы мен адал дос бола білетіндігі үшін жақсы көремін! Оған әрдайым сенім артуға болады. Баян – сөзінде тұратын адам! Ол ешуақытта біреудің сыртынан жаман сөз айтқан емес. Мұның орнына үнсіздікті жөн көреді. Баян Астанаға келген кезді қатты жақсы көремін. Екеуіміз таңға дейін шай ішіп, өмір, жоспар және идеялар туралы сөйлесеміз.

Баян мықты және ол өмір мен өзін кез келген жағдайда қабылдауға дайын. Ода негатив жоқ. Осы үшін де оны қатты жақсы көремін! Қасымызда жүргенің үшін рахмет! Саған жан мен тәннің үйлесімділігін, мықты денсаулық, күш-қайрат, жаңа идеялар мен жаңа мүмкіндіктер тілеймін! Үнемі алға жүр, еш уақытта тоқтама!” – дейді Динара Сәтжан.

Баян Мақсатқызы құрбысына тілегі үшін алғыс айтып, кезекті суретін жүктеді. Бірнеше күннен бері продюсердің жазбаларына пікір жазылмады.

Previous «Байға тие алмай жүрмін». Мақпал ағынан жарылды (видео)
Next Ауылда жыртық “гәлөш” киген Сәкен Майғазиев жұртты күлдірді (фото)

Осыған ұқсас

Жанболат Беделханның қалыңдығы тойдағы әдепсіздігі үшін сынның астында қалды (фото, видео)

«Орда» тобының мүшесі Жанболат Беделхан отбасын құрып, тойды 90-жылдардың үлгісімен жасады деп хабарлайды NUR.KZ. «Орда» тобының мүшелері Беделхановтардың отбасында қуанышты жаңалық. Ерболат пен Есболаттың үлкен ағалары Жанболат Беделхан шаңырақ көтерді.

«КЕШЬЮ» ТОБЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ӨЗГЕРЕДІ

Құрамы бүгінге дейін бірнеше мәрте өзгерген «Кешью» тобы тағы да өзгеріске ұшырайды. Топ құрамындағы Айдана Меденова тұрмысқа шыққалы жатыр.Бұл туралы baistars.kz сайтына берген сұхбатында Кешью продюсері Баян Есентаева мәлімдеді деп

Әнші Зивара қос бірдей тұсаукесер рәсімін өткізді!

Тамылжыған үнімен, сыңғырлаған даусымен тыңдарманның жүрегіне жол тауып, шығыс стильіндегі әндерді нақышына келтіре орындайтын, қазақ эстрадасының еркесі – Зивара өзінің туған күнімен орайластырып, мамыражай жаз айында «Асыл жарыма» атты жаңа

3 пікір жазылған

  1. БІРЕУ
    Қаңтар 16, 00:28 Reply
    Қайран қор болған Бақвтбек. Қатының жүр сені түрмеге тығып осындай албастының апасына қолыңды былғап не бар еді. Қвздарыңныңда ақылы жоқ ау дейм.