Ауылда жыртық “гәлөш” киген Сәкен Майғазиев жұртты күлдірді (фото)
09.01.2017 12 пікір 5043 қаралды

Ауылда жыртық “гәлөш” киген Сәкен Майғазиев жұртты күлдірді (фото)

Ауылда ескі гәлөш киген Сәкен Майғазиев жұртты күлкіге қарық қылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Сәкен Майғазиев туған күнін дүркіретіп атап өтті. Аталған кешке барша танымал жұлдыздар жиналды. Арасында Ринат Зайытов пен Асхат Тарғынов секілді төбелес шығарғандар да бар. Әнші туған күнінен кейін бірден ауылға жол тартты. Ол қысқы демалысын туған өлкесінде өткізуді жөн көрсе керек. Енді міне күн сайын демалысының қызықты сәттерін бөлісіп жатыр. Туысқандарымен суретке түсіп, оларды жеке-жеке таныстырып өтуді де ұмытпады. Мұнымен қатар, анасының денсаулығы түзеліп, омыртқасының қалыпқа келе бастағанын тілге тиек етті.

15876314_864536710347452_6688032380801777664_n

“Анашым мен тұла бойы тұңғышы, ең үлкен әпкем Айткүлден мың сәлем! “Мамкабай, прекрасно выглядите…” десем, “Спәсибә” деп қояды. Ауылға келіп омыртқасы орнығып, белі тіктеліп қалыпты”, – дейді Сәкен Майғазиев. Әнші үйде тұрған ескі гәлөшті кигенді ұнатады екен. “Ауылға қанша жаңа гәлөш беріп жіберсең де, ескісін тастамайды ғой, шіркін. Бірақ, өзің де басқасынан гөрі, осыны кигің келіп тұра ма, бірдеңе ғой”, – дейді ол.

15802720_1215854608497493_466033281947664384_n

Сәкен мырзаның бұл әдеті туралы білгендер күлкіге қарық болды. “Бәріміз де ауылда солай өскенбіз. Шіркін, ауыл сонысымен қызық қой. Ауыл арасын қыдырып шығып кететін едік”, “Сәке, жаңасынан ескісін киген дұрыс! Ауыл сонысымен қызық емес пе?!”, “Ауылды бейшара етіп көрсетудің қажеті жоқ. Ауылда барлығымыз да гәлөш киеміз. Бірақ мұндайларын моншаға жағып жібереміз”, “Жаңасын көршінің үйіне, ауыл арасына киеміз. Ал мұндайлары есіктің алдына жарай береді ғой” деп жазады желі қолданушылары.

Previous Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)
Next Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденова романтикаға толы бейнебаянын көрсетті (фото)

Осыған ұқсас

Елбасының сөзіне жылаған танымал әнші неге жылағанын айтып берді

Әнші Тамара Асар Ақордада Мемлекет басшысымен өткен кездесу барысында неліктен жылағанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«НОВАЯ ВОЛНАДА» ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТЫН ЕКІ БІРДЕЙ ҮМІТКЕР ҚОРҒАЙДЫ

        Мәскеудің «Борродино холл» концерт залында «Новая волна – 2015» байқауының жартылай финалы өтті. Қазылар қатарында сайыстың музыкалық продюсері Анастасия Мухина, композитор Игорь Николай және Игорь Крутой

Димаш Құдайберген туған жеріне оралды (ФОТО)

Бүгін таңертеңгі Бейжін-Астана рейсімен туған еліне «I am a singer» атты Қытайдағы танымал телевизиялық байқауында тамаша өнер көрсеткен қазақстандық әнші Димаш Құдайберген келді. Астаналық әуежайда оны ресми тұлғалар – ҚР

12 пікір жазылған

  1. Асем
    Қаңтар 09, 15:33 Reply
    :bala: Онын несы кулкылы .
  2. Айгүл.
    Қаңтар 09, 15:37 Reply
    Әрине өз ауылында не киседе өз еркi'менiм ағамда ауылға келсе жыртық гәлөш түгiлi жалаң аяқ жүредi'жыртық футболкаларын киiп алады.Ауылдың суына тоймай iше бередi.Солай етер бәрi'ауылға барғанда.СОЛАЙМА?
  3. Куралаи
    Қаңтар 09, 16:50 Reply
    Ауылда турамыз бирак казирде ауылдан жыртык галоштер таппаисын, жыртык галош корага жарамаид .
  4. Бекболат
    Қаңтар 09, 23:29 Reply
    Неси кулкили. Керисинше ол карапайымдылыктын белгиси шыгар. Кулмейтин нарсеге кулмендерш. Саке жарайсыз, тырнак астынан кир издейтиндерго кулип отырган. Кулсе оздеринин жарымдыктарына кулип отырган шыгар.
  5. Айнұр
    Қаңтар 10, 03:23 Reply
    Несі бар ауылға бірі жарасады. Сонымен қызық қой ауыл рахат жалаң аяқ та жүргің кеп кетеді
  6. Молдир.Созак
    Қаңтар 10, 11:11 Reply
    Ауылдын адамдарынын жыртык колоштары болсада,конилдери бай.Каланын кейбир адамдары баргой бутин калош киип,жыртык конилдерин корсетип,мырсия кулетин.
  7. Жəннəт
    Қаңтар 10, 12:22 Reply
    Дұрыс киуге жарамай қалғанда ғана тастаймыз.ауылда киім тамақ бəріне ысырапсыздық жоқ.қаладағылар сияқты. :kulki: