Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды
10.01.2017 4 пікір 3262 қаралды

Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды

Салтанат Бақаева дүкен сатушысы ретінде отандық бағдарламадан шақырту алады. “Келесі кім” бағдарламасының сценарийіне сәйкес, ол тон сатады. Ал журналистерге актрисаны алдауға күйеуі Нұржан көмектеседі.

Бұл туралы КТК арнасының “Келесі кім” бағдарламасында айтылды.

Түсірілім барысында Салтанат Бақаева дүкенде тон сатып тұрады. Осы кезде ер адам келіп, оған түрлі жағымсыз сөздер айтады. Оның аңдар терісінен жасалған киімдерді сатып тұрғанын тілге тиек етеді. Қолына жануарлардың қаны құйылған бөтелкені ұстап алып қорқытады.

Осы сәтте Салтанат Бақаева барынша әлгі жігітті сабырға шақырады. Бірақ жануарлардың суретінен қатты қорқып қалғанын да жасырмайды.  Бұдан кейін дүкенге әйел келіп, өзіне жарасымды тон беруді өтінеді. Дүкен сатушысы әлгі әйел мен Салтанаттың арасында байланыс бар деп ойлайды. “Сіздер бір-бірлеріңізді танисыздар ма?” деп сұрайды. Салтанат “Жоқ” деп жауап қайырады. Олар, расымен де, таныс емес. Әйел бар болғаны алдын ала дайындалған актриса.

Салтанат пен дүкеннің тағы да бір сатушысы басқа бөлмеден тон алып келуге кетеді. Сол сәтте әлгі әйел бірнеше тонды ұрлап кетеді. Ал дүкеннің сатушысы мұның барлығын Салтанат Бақаеваға жабады. Яғни ол тондарды ұрлауға Салтанаттың көмектескенін айтып шу шығарады. Осы сәтте Салтанат қатты ашуланып кетеді.

“Ешқандай да қиындық жоқ. Бұл бар болғаны түсірілім емес пе?! Апай, кешіріңіз. Мына жерде оператор жолдас тұр ғой. Бағдарламаның аты қалай еді? Апай, сіз не деп кеттіңіз? Маған айқайламаңыз. Сау болыңыз! Қайдағы өтірікші! Есіңізден адастыңыз ба?” – деп дүкеннен шығып кетеді. Артынша көлігіне барып, әлгі екі тонның өз көлігінде тұрғанын көреді.

Актриса бірден күйеуіне хабарласып, болған оқиғаны айтып береді. Күйеуі тондарды қайтадан апарып беруге кеңес береді. Салтанат амалсыз әлгі тондарды апарып береді. Күйеуі алдауға көмектескенін айтудан бас тартады.  Салтанат ханым жылай берген сәтте бағдарлама жүргізушілері оған бар шындықты айтады.

Previous Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденова романтикаға толы бейнебаянын көрсетті (фото)
Next Нұржан Керменбаев: Алғашында келіншегімнің есі дұрыс емес екен деп ойладым

Осыған ұқсас

Арман Дәулетияров: «МузАРТ» нағыз патриот болса, миллиондардың алдында дәлелдеу керек еді

«Мен әлеуметтік желіде «МузТВ 2015» сыйлығына және оған қатыспаймыз деген «МузАРТ» тобының мәлімдемесіне қатысты әлеуметтік желілерде туындаған тартыстар жайында хабардармын. Әрине, кейбір әріптестеріміздің «тырнақ астынан кір» іздейтін әрекеттері қатты қынжылтады.

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ «ТАУАН» ТОБЫ

Қазақ шоу бизнесінде тағы  бір топ жаңа өмірге келді. Өнердің шыңынан көрінуді көздейтін топтың есімі – «Тауан». «Тауан» – «Тау асу, шыңға өрлеу» деген мағынаны білдіреді. Топты құрудағы мақсат та

Бетін қан жапқан алепполық ұлдың бейнесі әлемді дүр сілкіндірді (фото, видео)

Сирияның үкіметке қарсы белсенділері қоршауға алынған Алеппо қаласындағы әуе соққысынан қираған ғимараттан құтқарылған баланың жан түршігерлік кадрларын жариялады. Бетін қан жапқан, жедел жәрдем көлігінде есеңгіреп отырған баланың видеосы мен фотолары

4 пікір жазылған