Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)

Қайрат Нұртастың анасы Таиландта қолтырауынның етін жеп қоя жаздаған (фото, видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі атақты продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ШаҺизадамен бірге Таиландта демалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Гүлзира Үсенқызы Таиландта тірі қолтырауын көргенін, аталмыш ел халқының қолтырауынның етінен кәуәп дайындап жейтінін айтып берді.

15803045_1221661264584522_147694446316617728_n

“Крокодилдің етінен кəуəп жасайды екен, жыртқыштың етін жеу қанымызға сіңбегендіктен бізге ерсі əрі жиіркенішті көрініп жемедік”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

15803136_227092404410793_9072493233065426944_n

Бұдан бөлек, танымал продюсер не себепті шетелге күйеуі Нұртас Айдарбековсіз барғанын түсіндіріп берді.

15876436_177137142763056_2809564899766697984_n

“Нұрекең шет елге баруға тамағын уайымдап барғысы келмейді. Жемек тұрмақ Хайнанға барғанымызда əртүрлі жәндіктерден жасалғанын көріп иісінің өзінен қатты жиреніп келген, əрең шыдап, нəр татпай тек қызанақ жеп. Бару-бармауы сондықтан өз қалауында. Мінекей бүгін біз əрең дегенде көңілімізден шығатын тағам таптық, мейрамханаларды аралап. Қазағымыздың тамағына жететін тамақ жоқ. Жер көргеніміз болмаса, қазақ халқындай халық жоқ. Қазақтың жеріндей жер де жоқ. Мен шетелде болмадым деп ренжитіндерге айтарым: Қазақ елінде жер басып жүргендеріңіздің өзі ең үлкен бақыт!” – дейді  Қайрат Нұртастың анасы. 


Previous ​Бүгін қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісованың туған күні
Next БАҚ Баян Есентаеваның жаңа махаббаты жайлы жазды (фото)

Осыған ұқсас

ЗАРИНА ДИЯС — «ЖЫЛДЫҢ ЖАҢА ЕСІМІ» АТАҒЫНА ҮМІТКЕР

WTA «2014 жылдың жылдың жаңа есімі» атағына үміткер төрт теннисшінің есімін жариялады. Оның қатарында қазақстандық Зарина Дияс та бар. Әлемнің 33-ракеткасы Зарина Дияспен қатар бұл атаққа Белинда Венчич (Швейцария), Шелби Роджерс

Төлендиев өзін «қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді» деп айыптағандарға жауап берді (видео)

«Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиев танымал актер ғана емес, қаламақысы ең жоғары асабалардың бірі. Алайда осыдан бірнеше ай бұрын оның асабалық қызметіне күмәнмен қарап, айыптаған жандар БАҚ-қа сұхбат беріп, өз

Әлемнің ең бай спортшылары

Жуырда жұттың тиын-тебенін есептеп жүретін «Форбс» журналы әлемдегі ең бай, ең ауқатты спортшылардың тізімін жариялады. Басылымның тізген тізімі бойынша, бүгінгі таңда әлемнің ең бай спортшысы Флойд Мейуэзер екен. Ол бір

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!