Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)

Ақбота Сейтмағамбет сүйіктісінің Дәурен Айдарқұлов екенін ақыры мойындады (фото)

КешYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейтмағамбет таңдаған жігітінің танымал әзілкеш, шоумен Дәурен Айдарқұлов екенін мойындады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын әнші Айдарқұловпен және екі ересек әйелмен (желідегілер екі жастың анасы болуы мүмкін деп болжады) бірге түскен суретін жүктеді.

“Сәлем достар! Жеке сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады, кешке жауабын оқисыздар”, – деп жазды ол бөліскен суретінің жанына. 

айдаркулов и акбота

Одан кейін Айдарқұлов екеуінің жеке түскен суретін парақшасына жүктеп:

“Өзіңізді жайлы сезінетін, жаныңызға рахат сыйлайтын жерде болыңыз, бақыт бар”, – деп жазып қойды.

Жанкүйерлер Ақботаның бұл қылығын түсінбей дал болды. Себебі бұған дейін ол “болашақ жарым Дәурен Айдарқұлов емес, оның шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқ” деп жар салған болатын.

Айта кетейік, Баян Есентаева жуырда топтан Ақботаның кететінін хабарлаған соң ел арасында түрлі әңгімелер өрбіп кетті. Себебі өз сөзінде танымал продюсер Ақботаның өз сүйіктісін “Гламур для дур” фильмінің түсірілім алаңынан кездестіргенін айтқан еді. Соған қарап жұрт Ақботаны фильмдегі жұбы Дәурен Айдарқұловқа қосты. Тіпті, желіде өзін Дәурен Айдарқұловтың әйелімін деп таныстырған әйелдің парақшасы пайда болған еді. Онда әйел Ақбота Сейтмағамбетті “үш баламның әкесінен айырды” деп айыптаған. Алайда кейінірек әнші бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Previous Қазыбек Иса. АКАДЕМИКТЕР ЖАЛҒАН АЙТСА, ҚАЗАҚ ҚАЙДА БАРАДЫ?
Next Айдана Меденова сексуалды суреттерін жария етті (фото)

Осыған ұқсас

Алматыдағы Республика алаңына полицейлер жиналды (фото)

Алматының Республика алаңында, Желтоқсан, Байсейітов көшесі және Абай даңғылында автобус толы полицейлер мен қызметтік көліктер жиналды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. Полицейлердің кейбірі бронежилет тағып алған. Алматының ІІД баспасөз қызметі тәртіп

Баян Есентаева өзі туралы түрлі қауесет таратқандарға жауап қатты

Белгілі продюсер Баян Есентаева өзінің жеке өміріндегі оқиғалар туралы түрлі қаңқу сөздер айтқандарға қатысты жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ. «Шындық мен жағында, адамдар әр нәрсені сөз етіп, әркім өзіне ыңғайлы

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Александр Зайчиков қазақша еркін сөйлейді

Ауыр атлетикадан Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алған қызылордалық Александр Зайчиков жанкүйерлерін қазақша сөйлеп қуантты. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қабылдауында болған ол өзінің

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!