Қазыбек Иса. ДҮЛДҮЛ. Димаш Құдайбергенге

Қазыбек Иса. ДҮЛДҮЛ. Димаш Құдайбергенге

 

 

ДҮЛДҮЛ

Димаш Құдайбергенге

 

Шырқай білген шынайы сан ғасырдай,

Алты қырдан қазақ па, әнді асырмай…

Әлем біткен әншіге жалт қарады,

Әміренің әдемі жалғасындай!

 

Құбылыссың ерекше, білем мүлде,

Атыңды айтып әр қытай жүрер күнде.

Аспан асты елінде асқақ тұрдың,

Аспан астын шулатып жібердің де…

 

Ән шырқаған дала мен тауда мәңгі.

Қазақ әлем назарын аударар-ды.

Қырдың үні қытайды қырып салып,

Дала даусы дүниені жаулап алды!

 

Ашылатын алдынан бағын біліп,

Келді қытай еліне нар ұл кіріп.

Миллиард қаржы шын дарын шығармай-ақ,

Миллиардты алды ғой бағындырып…

 

Ақындарым арнауда жырын ғажап,

Есі кетті естіп ел үніңді аз-ақ.

Дүлдүлімен жауласа бұрын бабам,

Бұлбұлымен жаулады бүгін Қазақ!

 

Ең үздікке артады ел де ауырын,

Көркем ұлдың шайқаған көр дауылын!..

Жапырылды үніңді жаһан тыңдап,

Жалғыз өзің Жеңдің ғой, Сен бауырым!

 

Биік рух бар анаң, әкеңде де,

Ұлтым десе, ұғынбас қапер неге?

Шекесі тар шенеунік қазақ білмес,

Қазақ тілін үйреттің жат елге де!..

 

Қалың қауым жібермей қарсы алғанда,

Таңдайлары ойылды тамсанғанда.

Қытайларды қыбырсыз тұрмайтұғын,

Қимылдатпай қойдың ғой ән салғанда!..

 

Өскен ұлтпыз өрлеген  өлеңменен,

О, Құдірет!

Осы ғой өнер деген!

Әуеніңмен әуелеп жылап тұрды,

Миллион қазақ еліне елеңдеген!

 

 Дүлдіүлі сен бәйгенің дүбірлеген,

Қаншама ару жылады күлімдеген…

Байлық пенен биліктің қолы жетпес,

Жүректерді жауладың Үніңменен!

 

Қалың қытай Димаш деп қалды ұранмен,

Шақыруда шартарап барлығы әлден.

Ұлы дала ұланы болдың нағыз –

Ұлы Қытай қорғанын алдың әнмен!

 

Шын дарындар шығады шырайлы елден,

Сыпырыла құлады сынай келген.

Әнің ғажап болмауы мүмкін емес –

Сені өйткені Қазаққа Құдай берген!

 

Қазыбек  ИСА

Previous Лара Фабиан мен Димаш Құдайберген Астанада дуэт орындайды
Next Нұртас Адамбай желідегілердің барлығын қазақ тілінде сөйлетудің амалын тапты

Осыған ұқсас

Тоқтар Әубәкіров: Егер менде намыс болмаса өз Ана тілімді үйренбес едiм

Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапары бүтіндей түркі әлемінің, әрі күллі қазақтың тарихындағы толағай оқиға іспеттес. Ол – ең қуатты кеңестік 50 әскери ұшақтың тұсауын кескен атақты сынақшы-ұшқыш. Әскери авиациядағы айрықша жетістігі

Т.Төреәлі: Махаббатты езіп жырлай бергеннен өзгерер ештеңе жоқ (видео)

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі елімізде соңғы уақытта белең алған тастанды сәбилер тақырыбына қатысты ойын білдірді. Өнерпаз бұл туралы «Астана» телеарнасындағы «Сырласу» бағдарламасында айтты. Жүргізішунің «Сіз не жайлы ойланасыз?» деген сұрағына

ҚАЗАҚТЫ ЖЕРГЕ ҚАРАТҚАН ҚАЛИЕВ ЖЕР КОМИССИЯСЫНАН КЕТСІН!

Кезінде парламентте қазақ тіліне қарсы шыққан Ғани Қалиев  тағы да мемлекеттік тілді аяққа таптап, Ресей тілінде сөйледі  Бүгінгі бүкіл қазақты жерге қаратқан Жер комиссиясының мүшесі, «Ауыл» партиясының экс-төрағасы, академик Ғани

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!