Министр Атамқұловтың есімі қылмыскерлер тізімінде жүр (ФОТО)

Министр Атамқұловтың есімі қылмыскерлер тізімінде жүр (ФОТО)

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұловтың есімі ұйымдасқан қылмыстық топ серкелерінің қатарында жүр. Бұл туралы Сompromat.ru-ға сілтеме жасап gu-gu.kz порталы хабарлайды.

Сompromat.ru порталы Қазақстан аумағында рэкетирлікпен айналысқан ең белді ұйымдасқан қылмыстық топтардың тізімін жариялаған екен. Олардың қатарында «Сары Алмаз», «Ағайынды төртеу», «Атаба», «Адай», «Киса», «Абрам», «ДепКорпус» сияқты атышулы топтар бар.

Соның ішінде қылмыс әлемінде аты аңызға айналған Несіпбай Нәсеновтың бандасында болған қандықол қарақшылар тізімінде бүгінде Қорғаныс және аэроғарыш министрі қызметін атқарып отырған Бейбіт Бәкірұлының да есімі бар.

Аталмыш порталдың мәліметінше, «Сары Алмаз» бандасы көлік салондары, сауда базарлары мен ойын-сауық бизнестеріне иелік еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топты «Айка, Бегемот» лақап атымен белгілі Айгүл Оспанова, «Гена-Китаец» лақап атымен белгілі Юй-Ся-Ген Геннадий Васильевич, Қайрат Ізбасаров секілді азаматтар басқарған деп жазады басылым.

Біздің түсінбей қалғанымыз бұл тізімде Қазақстандық шенеуніктің есімі қайдан жүргендігі? Әрине, біз бұл бір түсінбеушіліктің салдары деп есептейміз. Бәлкім, Бейбіт Бәкірұлының жауларының ісі болуы мүмкін. Фамилиялас, аттас адам болуы мүмкін дейін десек, әкесінің аты да тура келіп тұр… Алайда, білдей бір министрдің баспасөз қызметі бар, лауазымды тұлғаның қоғамдағы имиджін қалыптастыратын менеджерлері бар, олар қайда қарап отыр? Есімі елге белгілі мемлекет қайраткерін қандықол қарақшылар тізіміне енгізіп қойған кім? Ең бастысы, Атамқұловтың командасы бұған неге мән бермей қарап отыр?..

Біз Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласайық деп едік, алайда ведомствоның ресми сайтында бірде-бір байланыс телефоны көрсетілмеген (Сайттың скрині төмендегі суретте). Бұл да бір ньюанс. Министрліктің баспасөз қызметі біздің сауалдарға ресми жауап беретін шығар деп үміттенеміз, – деп жазады басылым.


Ілмектер:
Previous Мақпал Жүнісова бастық болған Гүлнұр Оразымбетованың масқарасын шығарды (фото)
Next 91 тобынан да асып түскен сырғалы жігіттердің бейнебаяны жұрттың ашуын келтірді (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАМПОЗОВҚА ЖАЛА ЖАПҚАНДАР ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС! (видео)

ЖАМПОЗОВТЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖАРАЛАП, ӨЗІН ӨЗІ МЕРТ  ЕТУГЕ МӘЖБҮР  ЕТКЕНДЕР  КІМДЕР? Сіздердің қол астыларыңызда не болып жатыр, Бас прокурор Ж.Асанов, Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Нұрлан Әлімжан: Үміткерлер тізімінде болғаныма қуаныштымын

«Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде бекітілген Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміндегі әнші, актер Нұрлан Әлімжан депутаттық мансапқа қатысты ойын білдірді, деп жазады “Қамшы” порталы.

Серік Сәпиев мәжіліс депутаты атанды

Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты етіп тіркеді. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлайды. Мұндай шешім 28 ақпан күні орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!