Отандық спортшы өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, бір үйдің құнына тең көйлек киді (видео)
02.05.2017 1 пікір 10072 қаралды

Отандық спортшы өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, бір үйдің құнына тең көйлек киді (видео)

Қазақстандық гимнаст Анна Алябьева тұрмысқа шықты. Ол үйлену тойында құны үш бөлмелі пәтердің құнына тең көйлек киген деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық спортшы өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, бір үйдің құнына тең көйлек киді (видео)Көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьеваның үйлену тойы 30 сәуірде Алматыда өткен.

Салтанатты кештің видеосы белгілі отандық дизайнер Наиль Байкучуковтің Instagram парақшасында пайда болды. Қалыңдық көйлегінің авторы да дәл осы дизайнер.

Спортшы Анна Алябьева өз тойында үш киім ауыстырған. Тойды жүргізген асаба қалыңдық көйлегінің бағасы үш бөлмелі пәтерді құнымен теңесетінін айтып, жұртты құлаққағыс етті.

Аннадан 13 жас үлкен спортшы қыздың жары 36 жаста. Есімі – Нұрлан. Екеуі Астана мейрамханаларының бірінде танысқан екен.

«Менің күйеу жігітімнің есімі  – Нұрлан. Ол 36 жаста. Жас айырмашылығы мені мүлде қорқытпайды. Мен осындай адамды кездесірсем деп өмір бойы армандадым», – дейді Анна vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

 

Previous Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали отбасын құрды ма?
Next Баха Есентаев: Баян көзіме шөп салғаны үшін таяқ жеді

Осыған ұқсас

Елді шулатқан әйгілі жұлдыздар (фото)

Отандық танымал тұлғалардың арасында да өзін елден ерек ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзып жататындары бар. Біреулер мұны «жұлдыз» ауруы деп түсінсе, енді бірі келеңсіз жайт кез-келген адамның басынан өтетінімен түсіндіреді. NUR.KZ

Қазақстан шоу-бизнесінің өкілдері Жаңа жылды қалай қарсы алды? (фото, видео)

Көзді ашып-жұмғанша 2015 жыл зымырап өтіп, 2016 жыл есіктен кірді. Еліміздің абыройын шетелдерде асқақтатып, қазақ өнерінің дамуына өздерінің үлестерін қосып жүрген отандық жұлдыздар жаңа жылды қалай, кіммен қарсы алғанын Baq.kz

Ұлықпан Жолдасов Мәдениет саласының үздігі атанды

Қазақ эстрадасының үздік композиторларының бірі Ұлықпан Жолдасов Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Астана қаласында жеке сазгерлік кешін өткізді. Сонымен қатар, осы күні, яғни 14 ақпан күні орындаушы 50 жасқа толды.

1 пікір жазылды

  1. Қолқоюсыз
    Мамыр 02, 15:00 Reply
    Салеметсиздерма. Сиздер Айкынмен уйлендиниздерма