Қарақат бесінші рет ана атанды (видео)
15.05.2017 16 пікір 20104 қаралды

Қарақат бесінші рет ана атанды (видео)

Танымал әнші Қарақат Әбілдина бесінші сәбиін дүниеге әкеліп, қыз баланың анасы атанды. Бұл туралы әншінің жары Қыдырәлі Болманов елден сүйінші сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында хабардар етті деп жазады NUR.KZ.

«Сүйінші, Қазақ Елі! Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған бақыттың «іңгәсін» естіп, кішкене абдырап, түс көріп жатқан жоқпын ба десем, ояумын. Қызық та, қуанышты өң мен түс араласып кеткендей, бақыттың «нокдаун»-нан есеңгіреп қалғандай, ғажап бір хәлдемін... Бәріңізбен бөліскім келеді!

Қазақтың шексіз ұлы даласына жар салып, айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей!

Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де, мінезін де көркімен, ұзақ ғұмырымен, баянды бақытымен, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп, екі өмірдің абыройын нәсіп еткей! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай», – деп қыз баланың әкесі атанған Қыдырәлі қуанышымен бөлісті.

Қос жұптың өнердегі әріптестері де дүниеге есігін ашқан нәрестеге әдемі тілектерін арнап, құттықтау сөздерін жаудырды.

Еске сала кетейік, Қарақат пен Қыдарәлі төрт ұлды тәрбиелеп отыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

Previous Депутат ЭКСПО кезінде қонақтарға Димаштың анасы шай құйса дейді
Next Димаш Құдайберген Канн киновестивалінде ән шырқайды

Осыған ұқсас

Күйеуінің “көзіне шөп салған” келіншек жұрттан ақыл сұрады

Бірнеше баланың анасы атанған келіншек отағасының “көзіне шөп салып” жүр екен. Ол бөтен еркекпен төсек қатынасында болмаса да, бар уақытын сол адамға арнауға әзір екен. Бұл туралы stan.kz жазады. Қолы қалт етсе, сол

Шымкент әкімі жол ережесін бұзатындарды малға теңеді (видео)

Жол қозғалысының қауіпсіздігі жайында шұғыл жиын өткізген Шымкент қаласының әкімі Ғабидола Әбдірахымов «жүгенсіз» жас жүргізушілерді малға теңеді. Бұл жайында Otyrar.kz хабарлап отыр деп жазады sn.kz. «Егер балаларымыз жолда өліп жатса,

Еркін Нұржановтың қымбат автокөлігін ұрылар тонап кетті (фото)

Танымал әнші Еркін Нұржановтың қымбат көлігі тоналды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. Бұл туралы NUR.KZ-ке сенімді дереккөз айтып берді. Еркін Нұржановтың өзі көлігінің тоналу дерегін растап отыр. «Көліктің тоналғаны рас», –

16 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Мамыр 15, 14:14 Reply
    Бауы берік болсын Каракат Кутты болсын жарадың!
  2. рима
    Мамыр 15, 14:47 Reply
    Бауы берык болсын! Озындей адемы,суйкымды кыз болсын!!!
  3. Азиза
    Мамыр 15, 20:21 Reply
    Кутты болсын бауы берик болсын .Мендеде сиз секилды торт ханзадам бар енды маганда ханшаиым серик етсин
  4. Айгерим
    Мамыр 15, 20:39 Reply
    Бугин менин кишкентай балапаным 1жаска толды ИнщАллах сабилеримиз бейбит елде берекели узак гумыр кешсин; Ата аналары ушин дуга ететин салихалы урпак болгай...
  5. Акжунис
    Мамыр 15, 21:16 Reply
    Бауы берик болсын! Жарадын, Какат!
  6. Гулжан
    Мамыр 16, 00:20 Reply
    Қыдырəлі Карақат , Қызғалдақтарыңыздың бауы берік болсын!!! Тіл - көзден сақтасын! Қуаныштарыңызға ортақпын!
  7. Балжан
    Мамыр 16, 01:40 Reply
    Дуние есигин ашкан кишкене периштениздин бауыберик денсаулыгы мыкты болсын.Аллах узак гумырды насип етсин!! Каракат Кыдырали сиздерге алланын бересалган балапандарыныздын кызыгы мен кайырын куанышын коруди насип етсин!!!!!
  8. Кыдырэли ,Каракат ,жарайсындар ! Алла сиздерди тил козден сактасын ! Сэбилериниздин бауы берик болсын !
  9. Эльмира
    Мамыр 16, 10:33 Reply
    Тіл көзіміз тасқа құтты болсын өмірімен берсін Аллам мағанда жұғысты болсын қыз бала мендеде төрт ұл
  10. Акенжу
    Мамыр 16, 11:40 Reply
    Сіздің өнеріңізді бағалаймыз. Өте үлгілі əдемі жұпсыңдар. Сіздің қызыңыз əдемі болады. Бауы берік болсын. Əлемдегі ең инабатты,ибалы қыз болсын. Тілкөзден жанұяңыз аман болсын
  11. Əсел
    Мамыр 16, 17:39 Reply
    Ой жақсы болған екен ...бауыр берік болсын,ғұмыры ұзақ болып,тіл-көзден аман болып,ағаларының ерке қарындасы,өздеріңіз дің мақтаныштарыңыз,Ата-Əжесінің қамқор "жүрегі" болсын...Анам да қуанып қалды)
  12. Гулжан
    Мамыр 17, 01:11 Reply
    Жарайсыздар!!! Қазақтың санын көбейтип жатқан Қыдырәлі мен Қарақат
  13. КАРАТАЕВА ДИАНА
    Маусым 03, 12:50 Reply
    КАРАКАТ АБИЛЬДИНА СЫЗДЫН КЫЗЫНЫЗГА НЕШЕ КУН БОЛДЫ ЖАНЕ ДЕ БАУЫ БЕРЫК БОЛСЫН
  14. КЕНЖЕБАЕВА АЙЫМ
    Маусым 04, 12:14 Reply
    КАРАКАТ АБИЛЬДИНА КЫЗЫНЫЗДЫН БАУЫ БЕРИК БОЛСЫН! ЖАНЕ ТАГЫ 3 КЫЗ ТАБЫНЫЗ. СОНДА 4 ТЕ 4 БОЛАДЫ