Қайрат Нұртастың анасы Бибігүл Төлегенованың сынына қатысты жауап берді
03.06.2017 1 пікір 8033 қаралды

Қайрат Нұртастың анасы Бибігүл Төлегенованың сынына қатысты жауап берді

Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайберген. Халық артисі Бибигүл Төлегенова қазақтың маңдайына біткен қос әншінің бірін көкке, бірін жерге теңеді. Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың мұндай салыстыруларға еті үйренген, –  деп хабарлайды 31 арна.

Себебі, Қайрат үлкен сахнаға шыққалы бері  оны біреулер танымал әнші Мейрамбек Беспаевқа теңесе, енді біреулер Ернар Айдар мен Төреғали Төреәлимен талай салыстырған.  Күні кеше ғана қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың сынына ұшыраған Қайраттың анасы жауап берді.

Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы:

– Халық шешеді. Бірақ, «жерге» теңеп жатыр ғой, жер басып өмір сүріп жүрміз. Аса ренжіген жоқпыз. Қайрат Димаш бола алмайды, Димаш Қайрат бола алмайды.

Тіпті, желілерде кейбіреулер Бибигүлдің сынын өздерінің пайдасына асырып жатқандар да бар көрінеді. Белгісіз біреу Қайраттың жары ретінде Жұлдыз Әбдукәрімова деп таныстырып, көпшілікке инстаграм желісі арқылы жауап беріп жүрген сыңайлы. Әншінің суреттерін салып, пікірлер жазып қалдырып жүр. Алайда, Гүлзира Айдарбекова өзінің келінінің мұндай қадамға бармайтынын және еш уақытта инстаграм желісін ашпаған айтып ағынан жарылды.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

– Жұлдыз мүлдем инстаграм желісін ашпаған.

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмидинова Қайрат Нұртасқа танымалдылық, елдің қошаметі, атақ-даңқ та тек еңбектің арқасында келді десе, ал Димашқа зор дауысты Алланың оған берген сыйы деп түсінеді. Тіпті, екеуін салыстырудың өзі ұят деген пікірде.

Бағдат Сәмидинова, ҚР Еңбек сіңірген артисі:

– Салыстырып не ұтамыз.

Бағдат ханым осыдан бірнеше жыл бұрын Димаш ән сайысына қатысқан кезде шоу-бизнесте жүрген өнер адамдарының дұрыс бағаламағанын айтып, тіпті оларды сынап та тастады.

Бағдат Сәмидинова, ҚР Еңбек сіңірген артисі:

– Өздері аннан-мыннан қашқандар жиналып алып, Димашты сынады. Өздері кім екен? Өздерінің еңбегі сіңбеген адамдарды жинап алып, олар дұрыс баға бермеді.

Дегенмен, Димаштың бүгінде елдің сөзіне құлақ асуға шамасы жоқ. Себебі, 27 маусымда Астанада «EXPO-2017» көрмесі аясында өтетін «Бастау» атты жеке концертіне қызу дайындалып жатыр. «Астана арена» алаңына жиналатын көрерменге Димаш тек жаңа әндерін ұсынбақ.

Әлем таныған әншінің концертіне билеттерді әсіресе, шетелдіктер сатып алып жатыр. Олардың арасында Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея елдері бар. Билеттердің құны 4 мың теңгеден басталады және олардың 50 пайызы әнсүйер қауымның қолында көрінеді.

«Отырар таланттары». Дәл осындай атаумен халықтың дәстүрлі шығармашылығын дамыта отырып, ел ішіндегі таланттыларды анықтайтын ән фестивалі алтыншы рет өтті. Ән додаға 80-ге жуық өнерпаз қатысты. Қатысушылар 6 номинация бойынша бақ сынады.

Бұл фестиваль әлі де жалғасын табады.

Previous Ұлды болған Айдана Меденованы перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды (фото)
Next Әкесінің тойына әйгілі шетел жұлдыздарын әкелген Сиви бүкіл Алматыны шулатты (фото, видео)

Осыған ұқсас

ОСТОРОЖНО! БАЯН БАСТАДЫ ЖҰМЫСЫН

Баян Есентаева жұмысқа кірісіп, өзі жетекшілік ететін топтардың жаңалығын бөлісіп жатыр,-деп жазады Stan.kz порталы. Маусымның 10-ы күні болған қанды оқиға Баян Есентаеваның туған туысқандарын да, барша қазақстандықты да алаңдатты. Бірі тез

Алматыда теракт жасаған лаңкес Дарын Мубаровтың уағыздарын тыңдаған

ЕРЖАННЫҢ СӘЛӘФ БОЛУЫНА КІМ КІНӘЛІ? Алматыдағы қырғында қолға түскен күдікті Ержан Кошаевтың вк әлеуметтік желісіне кіріп, қарап шықтым. Ол соңғы рет вк-ға кеше сағат 14:18 кірген. Аталған әлеуметтік желіде Ержан

Ұлықбек Есдәулет: Бекболаттың жанында балағынан сақалы ұзын адамдардың жүргенін қаламаймын

«Алматы» арнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасына қатысқан ақын Ұлықбек Есдәулет журналист Нартай Аралбайұлының өнер мен өлең, ел өмірі мен қоғам тынысына қатысты ауалдарына жауап берді, – деп хабарлайды Qamshy.kz. Әңгімеге арқау болған

1 пікір жазылды

  1. Қолқоюсыз
    Шілде 16, 15:30 Reply
    Гүлзира Айдарбекова!Сіз өте бақытты əйелсіз. Себебі жолдасыңызбен үш ұл тəрбиелеп отырсыз. Рахмет , сізге отбасын сақтай отырып, перзенттеріңіз үшін жанталасып нағыз Ана деуге лайықсыз. Мен сізге қызығамын!Өнеге тұтарлық қазақ əйелі деп білемін.