Танымал өнер қайраткері Жаманқұлов туралы бар шындықты жайып салды
06.06.2017 7 пікір 16465 қаралды

Танымал өнер қайраткері Жаманқұлов туралы бар шындықты жайып салды

Жақында nur.kz порталында Жаманқұловқа қатысты мақала жарық көрді. Аталмыш мақаланы еш өзгеріссіз назарларыңызға ұсынамыз:

Мені қайран қалдырған сот та, соттың үкімі де емес. Тұңғышбай Жаманқұлов мырзаның 1 маусым күні соттан кейін бұқаралық ақпарат құралдары алдында айтқан өкпеге толы сөзі болды.

Сол сөздердің ішіндегі «Мен Желтоқсан көтерілісінде қаным төгіліп, таяқ жеп, жастарға араша түстім» дегені әсіресе ашу-ызамды оятты. Бір үлкен апайымыз айтқан екен «мен сахнада әртіс болғанмен, өмірде әртіс болған емеспін» деп. Бұл кісі өмірде де әртіс екен. Себебі, мен «Халық Қаһарманы», КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, театр, кино және опера режиссері, педагог, қоғам қайраткері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтың Тұңғышбай Жаманқұлов туралы айтқан сөздерін өз құлағыммен естіген адаммын.

Тұңғышбай Жаманқұлов жақында берген сұхбатында «Басқа республикаларда театр институты баяғыдан болған, ал біз 1978 жылы ғана бөлініп шықтық. Хадиша Бөкеева, Рабиға Қаныбаева, Фарида Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Кәукен Кенжетаевтар берік іргетасын қалап, шаңырағын, уығын бекітіп берген еді» деп есімдерін ардақтап атап тұрған жандардың кейбірін кезінде өзі «проф. не годный» деп театрдан шығарып жіберген болатын.

Бұл сөзімізге де дәйекті Әзекеңнен алайық: «Қазақтың маңдайына біткен бірден-бір өнер храмы – асыл Мұхаңның қасиетті іздері қалған театрды анау директоры Тұңғышбай Жаманқұлов тоз-тоз қылып жатса, қайтіп күйінбейсің, ә? Қай елден көрдің, театрдың ішінен ресторан ашқанын, оны арақ-шарап ішетін жын-ойнақтың ортасы еткенін. Анау солай етті. Тек өз қалтасын ойлаудан басқаны білмейді. Баюды мақсат еткен. Бетіне қарсы келгендерді, көңіліне жақпағандарды қуғынға ұшыратуда. Осыдан жарты жыл бұрын есімдері елге танымал, 20 актерді аттестациядан өткізбей, жұмыстан шығарған. Сылтауы: кәсіби шеберліктері төмен көрінеді. Сонда олар кімдер дейсің ғой? Барлығы – КСРО және Қазақстан Республикасының Халық әртістері. Қапан Бадыров, Асанәлі Әшімов, Хадиша Бөкеева, Бикен Римова, Торғын Тасыбекова, Фарида Шәріпова, Меруерт Өтекешова, Рахилям Машурова және тағы басқалар «қызметтеріне лайық емес» екен. Міне, Жаманқұлов мырзаның қылығы». Бұған не дейсіз?

Ал қазіргі Жаманқұловтың жыры: «Халық біледі, мен театрға тоғыз жыл директор болғанда, бүкіл бет-әлпетімді, бүкіл жинаған абырой-атағымды сол театрға жұмсадым! Төбесін қайтадан жаптым! Құлап жатқан мраморларын қайтадан өргіздім, оның бәріне үкімет ақша берген жоқ!.. 1993 жылдан 2001 жылға дейін – ең қиын замандар болды. Жұмыскерлер айлығын ала алмай қалған кездерде мен Мәдениет министрлігін айналып өтіп, Қаржы министріне барып, «бірінші Әуезов театрына – Ата театрға жіберіңдер ақшаны» деп сұрап алып, сондай жағдайға жеткем. Басқа театрлар, мекемелер айлап-жылдап айлықтарын ала алмай жүргенде, біздің театрдың адамдарының айлығы бір күн де кешігіп көрген жоқ. Басқа театрлар гастрольге бара алмай жүргенде, біздің театрымыз тоғыз жыл бойы ылғи да гастрольдерге шығып жүрді. Сонда мен бет-әлпетімді әкімдерге сатып, жалынып, алдарына барып, «әй, мынау – Ата театр ғой!..» деп, бар мүмкіндігімді, керек десең, қалтамдағы барымды театрға төккен адаммын, құйған адаммын!..».

Ал ұлы суреткер Әзірбайжан Мәмбетовты тыңдаңыз: «Кезінде мен оған «сен ауру адамсың» дегенмін. Әуезов театрында худрук болып істейтінмін. Бірде министрліктен телефон соғылды. «Солай да солай директорлыққа Жаманқұловты ұсыну ойымызда бар». Мен қарсы екенімді білдірдім. «Өзі қайда? Маған ертең келсін» дедім. Ертеңіне келді ол. Оған: «Сен неге менің артымнан жұмыс істеп жүрсің? Не деп бағалаймыз, мұны?» дедім. Сонда айтқаны: «Олар мені директорлыққа барасың деп қинады, өтінді, Әзірбайжанның жасы келіп қалды, театрға жастау адам керек деп отыр». Сол кезде, Тұңғышбайдың бетіне тура қарап айттым: «Сен түсінесің бе, мен неге қарсымын саған: Өйткені сенің характеріңде мемлекет қазынасын жеке пайдаңа жарату «қасиеті бар». Бұны директор еткен Мәдениет министрі болған Рахмадиев. Кейін Жаманқұловты министр Мамашев қолдап әкетті. Міне, оның карьерасы осылай болған». ..

Ұлы Әзірбайжан Мәмбетовтың мінезін, кесек тұлғасын там-тұмдап болса да білетін бірде бір жан ол кісінің еш адам жайлы ғайбат айтпайтынын, ал айта қалса, әбден қыстығып, үзілер шағына жеткенде ғана тек шындықты сөйлейтінін біледі.

«Бұл жылпос. Кіретін жерге кіріп кеткен. Тахауи Ахтанов айтқандай, «анаудың» өзі. Мықтылардың алдында бар өнерін салады. Конферансье болады оларға. Абылайханды мүлдем нашар ойнайды. Соны неге көрмейді екен осы жұрт»… Бұл Мәмбетовтың Тұңғышбай туралы пікірлерінің бірі. Осыдан он алты жыл бұрын «Сатқындықты намысы жоқ адам жасайды» деген тақырыппен шыққан сұхбаттың да толық нұсқасын жариялайтын күн алда. Сол кезде Жаманқұловтың шынайы болмысын, өмірде де «әртіс» екендігін тани жатарсыздар. Сонымен бірге «Түркістан» газетіне шыққан Т.Жаманқұловтың «Оларды театрдан босатқан мен емес – уақыт» сұхбатын оқысаңыздар (№2, 14-20 қаңтар, 2000 жыл) жыбырлаған тіршіліктің барлығына өкпелі, кінәмшіл Тұқаңның, Ә.Сығайдың пайымдауымен айтсақ, «Айғайшыл Абылай-Тұңғышбайдың» ішкі рухының сондай лас пен кірге толы екендігіне көз жеткісіз.

Мен бұның бәрін не үшін айтып отырмын? Мақсатым – Тұңғышбай Жаманқұловтың екіжүзділігіне халықтың назарын аударту. Алданбауға шақыру. Ол өзінің тиісті жазасын алды. «Фәнидікі бақиға өтпейді» деген халық өзінің көрегендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондықтан, Тұңғышбай мырза, осы күніңізге тәубе етіңіз. Енді жалған сөйлемей, бетіңізді Аллаға бұрыңыз. Бұны сізге тілектес жан ретінде айтып отырмын.

Дереккөз: abai.kz

Previous «ОРЫСШАЛАП ӨЗІҢ АЙТ» – Елбасының орысша сөйлеуді сұраған тілшіге айтқан жауабы (ВИДЕО)
Next Марқұм анасын еске алған Нұржан Төлендиев елді жылатты (фото)

Осыған ұқсас

Марқұм анасын еске алған Бейбіт Қорған тыңдармандарын жылатты (видео)

Танымал әнші Бейбіт Қорған марқұм болған анасын еске алып, тыңдармандарын жылатты деп хабарлайды NUR.KZ. «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында Бейбіт Қорған анасын еске алды. «Анадан артық кім бар? Анаң өмірден

Меруерт Түсіпбаева келінімен ешқашан бірге тұрғысы келмейтінін мәлімдеді

Меруерт Түсіпбаева болашақта келінімен мүлдем тұрғысы келмейтінін айтты. Танымал әнші келінімен алыстан сыйласқанды жөн көреді екен деп хабарлайды hit.tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. «Мен ешқашан келініммен тұрмаймын. Өздері шақырса барып, алыстан ғана сыйласқым

Зарина Омарова: Қай әннің хит болатынын тек халық шешеді

Зарина Омарова 10 жылға жуық уақыт үлкен сахнадан алыстап кетті. Бұған тұрмыс құрып, сәбилерін дүниеге әкелуі себеп болған екен. Ол өзінің алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында

7 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Маусым 06, 19:46 Reply
    Менің өз жеке басым ның пікірі Қазіргі сахна жағалағандар дың Ешқандай Мəдениет көріп турған жоқ мына халық лас тірлік ке айналды .киелі сахнаның киесі атты . Ары қарай да еш нəтижесін көреміз деп айту қиын тұңғыш бай болсын Баян болсын мерует тусіпбайва .қайратың қарақат қыдырəлі сі бар т.б. ........ Бəрі де оңып турған біріде жоқ Қазір телевизор де кансерт берілсе көретін адам жоқ талай семядан байқадым. Жапшы өңкей ( жəлептер) деген баға беретін болды бул неге? Өте ауыр Мəселе Мəдениет қундылығы жоғалды деген сөз .бір улыттың салт дәстүрінде көлеңке түсті бұлыңғыр қараңғылық адастыру ға əкеліп тіреледі. Бул бей жай қарайтын жағдай емес, ағайын есіңді жинауға əліде болса мүмкіндік бар осыны ерекше айтқым келеді. Біз халықпыз сырыт көз бəрін байқап бағалайды оған мың жерден ақталудың қажеті жоқ
  2. Қайсысына сенерімізді білмей қалдыққо. Жаманқұлов мырза мәдениет министрлігін қаралайды, мына мақала оған кереқары айтылған. Өз қазағымыздың аяғынан өзіміз шалып, масқаралап қаралай берсек өзге ұлттың алдында абыройымыз қалай болады екен? осы жағдайда һәкім Абай мен Ахмет Байтұрсыновтың шырылдап айтқан сөздері еске түседі
  3. "Шөптің басы жел тұрмаса қозғалмайды" деген атам қазақ.Мен толық сеніп отырмын ..Жаманқұловтың кінəлі екеніне .Бірақ бір алла куə.,.аян... Соңғы күндерін енді аллаға бет бұрып өткізссе екен ...
  4. Марат
    Маусым 08, 11:43 Reply
    Балық басынан шіриді. Осы ұрылық жасап мемлекет қаржысына қол салған адамдары неге түрмеге отырғызбайды екен?
  5. Қолқоюсыз
    Маусым 08, 12:23 Reply
    Менин ойым Тунгышбай аганы жамандатып жазып отыр. Халыктын ойын бузу ушин
  6. мирас
    Маусым 24, 23:04 Reply
    Биреудин омирин талкыга салганша оз шаруаларынды тындырындар.биринши солардай болып кокке котерилип алындар.казак десен озимизге тиеди кореалмаушылык кундеп мазактап ьиреуге кулуге тек дайын турамыз.Тунгышбай Жаманкулов керемет актёр шоптин басы кимылдасын кимылдамасын сендердин шаруаларын жок
  7. Қолқоюсыз
    Қыркүйек 13, 19:24 Reply
    Мамбетов ұлы режиссор,ал Тұңғышбай ұлы жемқор