Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым
18.06.2017 1 пікір 7988 қаралды

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым

Нұртас Айдарбеков бала тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісіп, ұлы Қайрат Нұртасқа әлі күнге дейін қол көтеретінін айтты. Мұнымен қатар, өзі берген қатал тәрбиенің арқасында ұлының жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүргенін меңзеді.

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

– Танымал ұлдың әкесі болу қиын ба?

– Менің сөзіме көп адам сенбейтін шығар. Ұлың танымал болған соң, халықтың екі көзі сенде болады. «Осының әкесі қандай адам екен? Осының отбасы қандай екен? Анасы мен өзі ше?» деген секілді пікірлер айтылады. Менталитетімізге сай көп нәрсе көңілімізден шыға бермейді. Шынымды айтсам, әке ретінде жауапкершілігім ауыр.

– Қайратқа қаталсыз ба?

– Жалпы Алла берген үш ұлым бар. Ер балалар болғандықтан, қаталдық таныттым, танытып та келемін. Әсіресе, Қайрат тұңғышым болғандықтан, оған қаталмын. Қайратқа қолды көптеу жұмсап қойдым. Бала кезінде де, осы өскен кезде де.

– Балаңыздың жұлдыз болуына тәрбиенің әсері болды ма?

– Өнер адамына тәрбие керек. Барлығы өнер көрсетумен ғана шектелмейді. Өнер адамын өсіретін де, өшіретін де халық. Қайратқа берген тәрбиемнің 100℅ пайдасы тиіп жатыр. Осы тәрбие болмаса, ол қалай халықтың адамына айналады? Әйтпесе, халық оны шеттетіп жіберетін еді.

– Қазіргі қоғамда әкенің рөлі қандай?

– Мұның екі жағы бар деп ойлаймын. Әке бола білу және әке деген атқа лайық болып жүру. Ұрпағың осыны сезініп, бағаласа, одан асқан қандай бақыт бар? Қазір көп жас әке қадірін біліп жүр деп ойлаймын. Құдайға мың да бір шүкір, қазіргі жастарымыз жаман емес. Жасыңды түріңе қарап біліп, сый-құрмет көрсетеді.

stan.kz

Previous Гүлзира Айдарбекова: Ұлдарымызды салыстырып жұртқа масқара болмайық
Next Қайрат Нұртас пен Төреғалиді салыстырған бүлдіршін жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Қайрат Нұртасты көруге құлшынған тыңдармандар оның жолына тұрып алды (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртаспен суретке түспек болған тыңдармандар оның көлігін жүргізбей, көпке дейін жібермей қойды деп хабарлайды NUR.KZ. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекқызы желідегі парақшасына видео жүктеді. Ол видеодан тыңдармандар Қайратпен суретке

Ерке Есмахан Асхат Садырбаймен неге ажырасқанын айтты

Белгілі әнші Ерке Есмахан жеке өмірі жайлы біраз әңгіменің басына нүкте қойды. Әртіс бұрынғы күйеуі, танымал тележүргізуші Асхат Садырбайдың оған жүкті кезінде қол көтергенін де жасырмай айтты. Ерке Есмахан шаңырағының

Масқара!!! Қарақат Әбілдинадан дәл мұндайды күтпеген едік… (ВИДЕО)

Facebook әлеуметтік желісіне Нұртас Жұма Бек атты қолданушы салған видео қызу талқыланып, жұрттың наразылығын тудырып жатыр. Бұл туралы adebiportal.kz хабарлады. Қолданушы былай деп жазады: Сауатсыздықты жалпылаған жаяудан көрген бір басқа,

1 пікір жазылды

  1. Ернар
    Шілде 20, 12:34 Reply
    Досындай сырласатын уақытында мұнысы нес. Əлде Қайрат соншалықты айтқанға көнбейтін жігітпе?