Тұрсынғали мен Баян елде болмаған той жасап, мыңнан астам қонақ шақыратынын айтты
26.06.2017 3 пікір 13022 қаралды

Тұрсынғали мен Баян елде болмаған той жасап, мыңнан астам қонақ шақыратынын айтты

Баян Есентаева мен оның сүйіктісі Wedding деп аталатын отандық журналға берген сұхбатында ел күткен тойдың неліктен көктемде болмағанын түсіндіріп берді. Күзде олар мыңнан астам қонақ шақырып, бүкіл елге дүркіретіп той жасамақшы деп хабарлайды NUR.KZ.

Ел көктемде болады деп күткен тойдың неліктен болмай қалғанын сұраған журналистің сауалына Баянның сүйіктісі өзі жауап беруді жөн санаған.

«Мен дәл қай жылдың көктемінде болатынын айтқан жоқпын ғой», – деп әзілдеген Тұрсынғали той міндетті түрде болатынын мәлімдеді.

«Жүзік тағып жүрміз. Дүркіретіп, елде болмаған той жасауды да жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам адам шақырмақпыз. Оған арнайы зал іздеп жатырмыз. Бірақ аз уақыттың ішінде бұл шараға дайындалып үлгермейтін болғандықтан тойды көктемде емес, күзде жасауды жөн көрдік. Жазда достарымыз әр жаққа кетеді ғой. Сондықтан күзде жасайтын шығармыз», – деді ол.

Ал Баян Есентаева болса, өмір бойы Алладан нағыз махаббаты сезінуге мүмкіндік беруін сұрап келгенін айтты. Сонымен бірге шынайы махаббат ешқандай тыйымға, ережеге бағынбайтынын да тілге тиек етті.

Previous Жалаңаш еркекпен құшақтасқан Мадина Сәдуақасова желіні шулатты (фото)
Next Қайрат Нұртастың анасы сырқаттанып қалды (видео)

Осыған ұқсас

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры қара жамылды

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театры қара жамылды. Киелі өнер шаңырағында он бес жылдан бері қызмет етіп келе жатқан белгілі актер Мұхитдин Шынтаев пен жұбайы актриса Гауhар Шарипаның қанға

Динара Қырықбаева қызды болды

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жария етті. «Бүгін 28 қаңтарда біз Олжас екеуміз ең әдемі қыз баланың  ата-анасы атандық! Мені өмірге әкелген әке-шешеме рақмет! Маған әрқашан қолдау көрсеткен сүйіктіме,

Алматылық кондуктор 80 теңге үшін жолаушыны пышақтады

Жолақыға тиыны болмай, жер жастана жаздады. Алматыда №303-ші бағыттағы қоғамдық көлік кондукторы ақы төлемеген азаматты пышақтап тастаған деп хабарлайды КТК арнасы. ФОТО: FACEBOOK.COM Мұнымен қоймай,  қасындағылармен жабылып тепкілепті. Басқа жолаушыларға

3 пікір жазылған

  1. Бек
    Шілде 01, 01:26 Reply
    Осыларды елден аластайтын адам табылса... Шiркiн... Ана Айсаулеси сосын кушiгiмен косып
  2. Жанар
    Шілде 02, 12:21 Reply
    Как ты достала уже Баян.... Бесишь всех
  3. мейiрiм
    Шілде 03, 16:58 Reply
    Озыне Назар аударту ушын не бооса соны ангыме ете береды екенсын Баян.Барын айт та бырын айт, енды Турсынгалидын тубыне жетып журмесен болды.