Роза Рымбаева ұлының әнші қызға «үйленгеніне» қатысты күтпеген жайттың басын ашты (ФОТО)
02.07.2017 2 пікір 17120 қаралды

Роза Рымбаева ұлының әнші қызға «үйленгеніне» қатысты күтпеген жайттың басын ашты (ФОТО)

Жуырда әлеуметтік желіні Әли Оқаповтың танымал әнші Ақерке Бүркітбаймен түскен той суреті пайда болған еді. Сурет қызу талқыға түсіп, ел Әлиді үйленіп алды деп болжады. Роза Рымбаеваның келін түсіргені рас па? Бұл сұраққа әншінің өзі жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаева Hit TV арнасына арнайы сұхбат беріп, мәселенің анық-қанығын айтып берді.

Роза Рымбаева ұлының әнші қызға "үйленгеніне" қатысты күтпеген жайттың басын аштыСонымен Роза Рымбаеваның келін түсіргені рас па?

«Биылға әзірше ондай жоспар жоқ. Бірақ, егер кез келген уақытта Әли өзінің қалыңдығын алып келіп, «мама, мен үйленемін» десе мен дайынмын. Балама оны күнде айтамын», – дейді әнші.

Роза Рымбаева өзі қарапайым отбасынан шыққан соң, келінінің де қарапайым болғанын қалайтынын айтты. Мұғалім немесе дәрігер болса тіпті жақсы, дейді ол. Өйткені кәсіби музыканттарға төреші болар жан керек.

«Дәрігер болса, мұғалім болса, біздің отбасымызда ол ерекше мамандық болады ғой. Себебі Әли де, Мәди де, біз үшеуіміз де кәсіби музыкантпыз. Біздің әңгімеміз, көретініміз, қызықтыратын дүниенің барлығы – музыка. Сондықтан басқа мамандық иесі келсе, онда біз үшін өте пайдалы дүние болады», – дейді ол.

Previous Нұртас Адамбай туған анасынан ақша ұрлады
Next Кәмшат Жолдыбаеваның өнерін құрметтейтіндер одан теріс айналып кетті (фото)

Осыған ұқсас

Баян Есентаеваның жылдық табысы қанша?

Қазақстандық әйгілі тележүргізуші, актриса әрі продюсер Баян Есентаеваның жылдық табысы 850 мың долларды құрапты. Күні кеше сұранысқа ие жұлдыздардың тізімін жасаған Forbes.kz журналы осындай мәлімет берді. Айта кетейік, Баян Есентаева

Танымал сазгер отандық шоу-бизнесте секспен ақша табатын қыздардың барын айтты

Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі бақуатты кісінің көңілдесі болып жүрген эстрададағы әнші қыздар туралы шындықты жайып салды. Оның айтуынша, жақын танысы қазақ шоу бизнесіндегі 12 әншіге бір-бір зәулім үйден алып берген.

Жетісайда жас қызды жауыздықпен тепкілеген ер адам видеоға түсіп қалды

Желіге қыз баланы аяусыз тепкілеген ер адамның видеосы жүктелді деп хабарлайды NUR.KZ. Бейнежазбадан жас қызды ер азаматтың тепкілеп жатқанын анық байқауға болады. Видеоны желіге жүктеген автордың айтуынша, оқиға Оңтүстік Қазақстан

2 пікір жазылған

  1. Ботакөз
    Қыркүйек 03, 02:29 Reply
    Роза апамыз маган унамайды жалпы баста танылып калган әнши гой болмаса онып турган әндер жок Нагыз хас талант Макпал апамыз гой
  2. Баян
    Қыркүйек 06, 14:23 Reply
    Қалай ғана жазған бұл Роза туралы пікірді ,ол бүкіл Қазақстанның бетке ұстар əншісі дауысы недеген керемет тəрбиелеген екі ұлы қандай жақсы азаматтар ,Мақпалдың орны бір төбе екеуі де өз өнерлерінің маңдайымызға біткен жарқыраған жұлдызы ,