Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Айсәуле Бақытбек сүйіктісімен бірге шетелде демалып әрі ем алып келді. Оңтүстік Кореяда болып қайтқан ол шетелден алған әсерімен желідегі парақшасында бөлісті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Сеуілден қайтып оралдық. Шынымды айтсам, Кореядан күткенім басқа еді, бірақ шын мәнінде көргенім көңілімді қалдырған жоқ. Бәлкім жаныңда сүйікті адамың болған кезде солай болатын шығар. Жалпы сүйіктім жанымда кезде айналадағы барлық нәрседен ләззат аламын», – деп бастады әңгімесін Айсәуле.

Бұдан кейін Есентаеваның тұңғышы корей халқының патриот екенін, оларға қызыға қарағанын айтты.

«Корейлер – нағыз патриоттар. Олардың патриоттығы әр көше сайын ілініп тұрған тудан немесе Пак Кын Хенің портреттерінен көрінбейді. Есесіне олар тек қана өздерінің тілдерінде сөйлейді, өздерінің кино/сериалдарын ғана көреді, өздерінің әндерін тыңдап, тек өздерінің тамақтарын жейді. Тіпті, алкогольді ішімдікке дейін өздерінікі. Оларға сондай қызығып қарадым», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

aissaule 0307017

Үнемі орысша сөйлеп, орысша жазатын Айсәуленің бұл сөзі желідегілердің түсінбестігін туғызды. Олар өз тілінде сөйлейтін корейлерден үлгі алуға шақырған Айсәулені өз тілінде сөйлемегені үшін сынап тастады.

“Қазақтар ғана ана тілін менсінбейді. Бұл постты несіне жаздың қазақша жазбаған соң? Корейлерді мақтап”, “Иә, әркім өз тілінде сөйлеуі керек”, “Сен де үнемі болмаса да, анда-санда қазақша сөйлесең, эх… Олар да саған қызығып қарайтын еді әдемі есімнің иесі”, – деп жазды олар.

Бұдан өзге, Есентаеваның қызы танымал соджу алкогольді ішімдігін ішіп көргенін айтты.

Previous Кәмшат Жолдыбаеваның өнерін құрметтейтіндер одан теріс айналып кетті (фото)
Next Мұхтар Құл-Мұхаммед Алтынай Жорабаеваға қандай ұсыныс жасады?

Осыған ұқсас

Ержан Әлімбетов, «Ұлытау» тобының мүшесі: Жеке өмірім өнеріме бағынады

– Домбыраға деген іңкәрлік бала кезден оянған болар?  – Өзім Қызылорда өңірінің тумасымын. Кішкентай кезімнен домбыраның «құлағында ойнаймын» десем де болады. Негізі біздің әулетте дәулескер домбырашы болмаған. Рахмет атам жырау

Ділназ Ахмадиева өзінің отбасылы еркектің көңілдесі екенін жайып салды

Ділназ Ахмадиева қазіргі сүйіктісінің отбасы бар екенін ашып айтты. Ол мұның уақытша сезім екенін де жасырмады. Бұл туралы 31 арнаның “Ұят емес” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz. Ділназ Ахмадиева отандық

АҚШ-тағы гей-парадқа қатысқан қыз өзін «Бораттың жерлесімін» деп таныстырды (видео)

Кеше АҚШ-та өткен гей-парадқа Қазақстан азаматтары қатысып, еліміздің туын алып шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осыдан соң, желіде Қазақстан туын көтерген бойжеткеннің шағын сұхбаты жазылған видео тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!