Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр?

Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр?

Продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр? Оның өмірі қалай өзгерді? Ол БАҚ алдында сұхбат беруге дайын ба? Бұл жөнінде тілшілер біліп қайтты.

адвокат-1

Түрмеде күн тәртібі минутына дейін есептелген, деп хабарлайды 31 арна.

Жазасын өтеушілер таңертеңтен тұрып жаттығу жасап, таңғы ас ішеді. Осыдан соң оларды жұмысқа жібереді. Ал, жұмыс істегісі келмейтіндер немесе жұмыс істеуге жарамайтындар отрядда қалады. Солардың ішінде Бақытбек Есентаев та бар.

адвокат-1

«Бақытбек Есентаев бір жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ол отрядта қалатындардың қатарында. Қазір бізде бос жұмыс орындары жоқ», – дейді ЛА 155/8 қатаң жүйедегі түзеу мекемесінің орынбасары Әлихан Молдыбаев.

Бақытбек Есентаевтың өзі тілшілермен кездеспейтінін айтып, өзін камераға түсіруге рұқсат берген жоқ. Мекеме қызметкерлері Есентаевтың өзін салмақты ұстайтынын айтты. Оған екі қызы Айару мен Айсәуле жиі келіп тұрады екен.

адвокат-1

Түрмедегілерге өз жеке бизнесін ашуға болады. Мұнда асхана ашып, кәсібін жүргізіп жатқандар бар. Мұнда дәмді тағамдар дайындайды. Ал, тамақ жасай алмайтындар шеберлік орындарға барады. Олар ағаштан түрлі заттар ойып жасайды. Ол үшін айына 14 мыңнан жоғары ақша алады.

Ал, Бақытбек Есентаевтың мұндай кәсіп ашуға ниеті жоқ секілді.

Есте болса, өткен жылдың қарашасында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шықты. Баян Есентаеваны соққыға жығып, оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер қолданғаны үшін Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Previous Бхубанешварда жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті
Next Танымал әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды

Осыған ұқсас

Бақытбек Есентаев әйелін өлтірмек болған ба?

Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхаділұлы Бақытбек Есентаевты екі айға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды BNews.kz. «ҚР ҚК 21-бабы 2-бөлімі және 99-бабы бойынша (адам денсаулығына зиян келтіру

ПРЕМЬЕРА! ТАНЫМАЛ ӘРТІСТЕР ЖАҢА ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДА БАС ҚОСАДЫ

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттікакадемиялық драма театрының кіші залында 6, 7, 10, 14 ақпан күндері 90-маусымның алғашқы жаңаспектаклі «Қоштасқым келмейді…» (реж.А.Маемиров) драмасының премьерасы болады.Қоғамдағы өзекті және өлмейтін проблема –ажырасу десек, шаңырағын

БАҚ: Баян Есентаеваны телеэкранға шығармау туралы ұсыныс айтылды

Ерлібай Өзбекбайұлы есімді журналист танымал продюссер, тележүргізуші Баян Есентаеваның телеэкранға шығуына қарсы болуда деп хабарлайды qamshy.kz. Журналист фейсбук парақшасында: «Ендігі жерде Есентаеваны қай телеарна экранға шығарса, сол арнаның басшысын өз

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!