Танымал әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды
08.07.2017 3 пікір 26396 қаралды

Танымал әнші тұрмысқа шығар алдында жігітінің қызтеке екенін біліп қалды

Үнемі лирикалық бағытта ән айтатын жас әнші Дана Кентайдың жігіттерден көңілі әбден қалған екен. Тіпті оның құлай сүйген ғашығы «көгілдірлер» қатарынан болып шыққан. Бұл туралы әнші stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

дана

Жас әнші басынан өткен жағдайды бүкпесіз айтып берді. Тіпті жұртты дүрліктіріп той жасамақ болған қыздың ата-анасы да, ұяттан жолдастары мен ағайындарына не айтарларын білмей қалыпты.

«Шыны керек, өз басым айнаға қарап сыланатын, сұлу жігіттерден алыс жүргенді жөн санаймын. Кезінде, колледжде оқып жүргенде бір жігітке ғашық едім. Тіпті онымен отбасы құруды жоспарлаған болатынмын.

Кейіннен оның қызтеке екенін білдім. Өзі де  мойындады. Себебі біз жиі сырласатынбыз. Міне, содан бері сыланған, күтініп қалған жігіт көрсем зәрем ұшатын болды»,-дейді Дана Кентай.

Деп ағынан жарылған ақ тамақ аруға ғашық жігіттер жетерлік. Десе де, әнші талай табынушының ұсынысын қайтарған екен. Себебін былай түсіндірді.

«Мойындау керек, маған сөз салушылар көп. Ал мен әзірге тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген жоқпын. Сонымен қатар, өнер жолына қадам басқаныма жаңа. Бірақ, менің талғамым мен талабыма сай нағыз жігіт кездесіп жатса, барлығына қолды бір-ақ сілтеуге болады.

Шынымды айтайын, жігіттерден көңілім қалды. Қазіргі еркектер сөзінде тұрмайды, айтқанын орындамайды. Ал менің жүрегім нағыз батырды қалағандықтан, қапыда қалып жүргендеймін»,-дейді жас әнші.

Иә, Дана Кентайдың «жігіттері» жайлы түрлі қауесет ел арасында жүр. Тіпті, дүйім жұрт сылқым сұлуды Абай Бегеймен көңіл қосты деп болжаған болатын. Мұндай әңгіменің шығу себебін әншінің өзінен сұраған едік.

«Біз Абай ағамен гастрольдік сапарға жиі шығамыз. Үнемі бірге жүреміз, құшақтасып суретке түсеміз. Мұны көрген әлеуметтік желідегі қолданушылар екеумізді қосқаны да бар. Айту керек, Абай мырза маған қатты ұнайды, ақ көңіл абзал азамат.

дан111

Ең бастысы иманы жоғары. Алайда, ол кісінің жасы менен үлкендеу. Ол ағаммен отбасы құруға мен қарсы болмасам да ата-анам рұқсат бермес. Ал мен олардың пікірімен санасамын. Сол себепті, Абай Бегеймен қосуды доғарсаңыздар деген тілегім бар»,-деді Дана.

бегей

Міне, осылай жүрегінің жартысын жолықтырмаған жұлдыздың басты жоспары әзірге отбасы емес. Дауысымен дараланған Дананың басты мақсаты қазақ эстрадасының қақ ортасынын ойып тұрып орын алу екен.

Previous Бақытбек Есентаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатыр?
Next Гүлзира Айдарбекованың келіні оның қандай адам екенін жұртқа жайып салды

Осыған ұқсас

Нұржан Керманбаев: Халық мені «кап-карашка» деп атағанын қаламаймын

– Нұржан, саған танымалдылық сыйлаған лақап ат неге ұнамайды? – Ұнамайды деп айта алмаймын. Алайда, қырық жасқа келгенде халық мені «Кап-карашка» деп атағанын қаламаймын. Әр адамның азан шақырылып қойылған есімі

МС САЙЛАУБЕК ЭКСКЛЮЗИВТІ СҰХБАТЫНДА ӨЗІНІҢ СҮЙІКТІСІ МЕН ДІНИ СЕНІМІ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Аяқ асты танымал болып шыға келген рэпер МС Сайлаубекті жұрт түсініксіз тілде ән айтады деп даттағанымен, оны көшеде көргендердің дені рэпермен селфиге түсіп, қолтаңбасын алып жатады. NUR.KZ порталы МС Сайлаубектің

Гүлшарат Жұбаева: «Қазақ өнері үшін құрбандыққа бар!» деп ақыл айтқан өнердегі ағаларымның бірде-біреуі араша түспеді

Режиссер болсам, атамекеніне оралған қазақтар туралы  фильм түсірер едім… – Сұхбатымызды қандай сұрақтан бастайын, Гүлшарат? – Маған бәрібір. Қалауыңыз білсін. – Сізді осы уақытқа дейін мезі қылған сұрақ қандай деп

3 пікір жазылған

  1. Алма
    Шілде 08, 20:09 Reply
    Онда турган ештене жок.бахытты отбасы болу ушин екинши немесе ушинши болудын дым маныздылыгы жок.ен маныздысы бахытты болу.
  2. Жазира
    Шілде 09, 00:46 Reply
    Балаларын кемсітпей, аналық мейірім танытса болды емес пе. Және ең бастысы Абай ағамыз өзіне ұнаса болғаны.
  3. Қолқоюсыз
    Шілде 20, 15:35 Reply
    Онда турган не бар Абай оте дурыс Адам ол жаксы жар болуга лайык деп есептеймн