Баян Есентаева туған қызын қытайлыққа тұрмысқа беруге қарсы еместігін мәлімдеді
14.07.2017 2 пікір 6092 қаралды

Баян Есентаева туған қызын қытайлыққа тұрмысқа беруге қарсы еместігін мәлімдеді

© youtube.com/ALIBEKOVKZ

Белгілі продюсер Баян Есентаева кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібековке ашық сұхбат берді. Қазақстандағы ең танымал әйелмен сұхбаттың видеосы YouTube желісінде пайда болды, – деп жазады tengrinews.kz.

«Сіздер Баянның неліктен әйелдердің күйеуіне қарап жүру керек деп кеңес бергенін, Қазақстанда тоқалдарды неге сыйлы екенін, депутат болғысы келе ме және бұрынғы күйеуінен шынымен де лайықты «сазайын алды ма» деген сұрақтардың жауаптарын білесіздер», – делінген роликтің жазбасында.

Сонымен қатар, Есентаева Әлібековке өзінің кітабы жайлы айтып берді, темекі шегетінін мойындады, ал Instagram желісіндегі парақшасында жарнама салу үшін миллион теңге сұрайтынын айтты. Парақшасында пікір қалдыру неліктен мүмкін еместігін түсіндірді.

«Егер менің орнымда басқа бір әйел болса, ол баяғыда асылып қалар еді немесе 11-ші қабаттан секіріп кетер еді», – деді продюсер.

«Мен біреудің күйеуін тартып алушы емеспін. Керісінше біреулердің күйеулері мені аңдып жүреді. Менің қызым қытайлықты, немісті, французды немесе қазақты сүйіп қалса… мен махаббатқа жақтаспын. Мен ешқашан ешқандай ақша үшін тоқал болмаймын. Facebook желісінде менің атымнан ашылған аккаунтты кім жүргізетінін білмеймін. Мені біреулердің аяғанын, есіркегенін қаламаймын. Әр кім өз еншісін алады. Мен өзімдікін алдым, мұндайды ешкім басынан өткергенін қаламаймын», – деді Баян Есентаева.

Previous Тоқтар Серіков өзін сатып кеткен жақын досы туралы ашық айтты
Next Нұржан Керманбаев: Халық мені «кап-карашка» деп атағанын қаламаймын

Осыған ұқсас

Баян Есентаева: Мен жаныма бес метрге жақындаған кез-келген ер адамнан шошимын (видео)

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева тележүргізуші Динара Сәтжанға эксклюзивті сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ. БАЯН ЕСЕНТАЕВА Сұхбатында Баян Есентаева 10 маусым күні болған оқиға туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Видео тележүргізушінің YouTube арнасында

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев қызына қандай есім бергендерін жария етті (видео)

Аша Матайды салтанатты түрде перзентханадан шығарып алған Арман Қоңырбаевтың қуанышына ортақтасуға қалың жұрт жиналды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Instagram желісіндегі newstarskz парақшасына жария етілген видеода Аша мен Арман Қоңырбаев қызына қандай

Тәнін жалаңаштаған Мақпал Исабекова өзін ерекше жақсы көретінін айтты (фото)

Тыңдармандарына жаңа әндерінен гөрі жалаңаш денесін көп көрсетіп жүрген Мақпал Исабекова тағы да даудың ортасында қалды, – деп жазады nur.kz. Ол демалып жүрген сәтіндегі суреттерін оқырмандарымен бөліскен. «Қарапайым Мақпал едің, қазіргі

2 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Шілде 16, 22:38 Reply
    Осыдан сухбат алып, китабын сатып алып жургендер акымак па дейм. Елден ерекше тарбиеси болса, улгили отбасы, отанасы болса, бир жон. Несине кызыгады, несине кумартады? Ана тилинде сойлемейтини оз алдына.
  2. нурсулу
    Тамыз 16, 11:18 Reply
    Бере гой,егер озинеде усынвс келип турса озинде тиип алсан болады,бакытты болындар