Сәбиттің масқарасы шықты! Алтынайдың туыстары Сәбитті ұрамыз деп жүр…
19.07.2017 22 пікір 39634 қаралды

Сәбиттің масқарасы шықты! Алтынайдың туыстары Сәбитті ұрамыз деп жүр…

Әнші Алтынай Жорабаеваның туған інісі әнші Талғат әпкесінің отбасына қатысты ішіндегі жиналып қалған ойларымен бөлісті.

Ол Алтынай мен Сәбиттің ажырасуына байланысты соңдарынан ерген сөздерге нүкте қойғысы келеді. Әрі болған іске әпкесін айыптайтындарға Stan.kz арқылы мәселенің неден шыққанын түсіндіріп берді.

Әнші экс-жездесінің шаңырағы шайқалғанына Алтынайды кіналағанына ашулы.

«Сәбит пен Алтынайдың ажырасқаны рас. Оны жасырып қайтемін. Бірақ менің ашуыма тигені Сәбиттің әпкеме жасаған жауыздығы. Ол бір сұхбатында «Алтынай мені тастап кетті» деп айтыпты. Жұрт алдында байғұс болып көрінгісі келді ме білмеймін. Бірақ, оны барлығы тастап кететін әйел емес қой ол.

Әйел адам «тастандымын» деп айтса жарайды. Ал жездемнің бұл тірлігі азаматтыққа жатпайды. Өткен жылы Алтынай үшін инфаркт алдым деп жар салды. Ал, негізі ол жүрекке қойылатын жай ғана стенд деп аталатын ота. Ол екінің біріне жасалады.

Әйтеуір әпкемді елге жауыз етіп көрсету ғой мақсаты. Өз балаларыңның анасын сыртынан қаралағанша, жер басып жүруден бас тартқан дұрыс шығар. Ол ер азаматқа тән қылық емес »,-деп ашуланды Талғат Жорабаев.

Төрт қыздың анасы Алтынай өзін түсінетін өнердегі інісіне талай мәрте отбасындағы түсініспеушілік жайлы айтқан екен. Себебі, күйеуі Сәбит Әбдіхалық оны талай мәрте жылатыпты.

«Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды ғой. Жездем Алтынайды жиі жылататын. Былайша айтқанда, «левый» жаққа көп баратын ғой. Шыдамның да шегі бар. Сондықтан әпкем онымен ажырасуға мәжбүр болды. Негізі Сәбитке өзімнен үлкен болса да отбасын сақтауға, әпкемді жылатпай, қыздарына қамқор болуын айтқам, сұрағанмын.

Қазір әйел кісіні осылай қорлайтын адамдарға ашулымын. Тіпті ол кісіні көрсем қол жұмсап қоямын деп қорқамын. Тіпті кейде іздеп барып, сазайын бергім келеді»,-дейді Алтынай Жорабаеваның туған інісі Талғат Жорабаев.

Бұған дейін Сәбит Әбдіхалық журналистерге «Алтынайдың өзі мені тастап кетті» деген болатын. Ал кеше ғана әнші Алтынай Жорабаева ажырасқаннан кейін өзін ыңғайсыз сезінетінін, құрбыларының күйеулерінен ұялып бұрынғыдай еркін жүре алмай қалғанын жазған еді.

Previous Баянның сұмдық құпиясы ашылды - Мұны естіген халық жаға ұстады
Next Баян Мақсатқызы: Қайрат үшін жылайтын қыздарды түсінемін

Осыған ұқсас

Төреғалиды сынағаны үшін Дастан Оразбеков тыңдаушыларынан сөз естіді

«Сырласу» бағдарламасына қонаққа келген әнші Дастан Оразбеков Төреғали Төрәліге қарата сын айтты. Эфирде әріптесінің өнерін «плагиатқа» теңеген Дастан жанкүйерлердің сынына қалды. ФОТО: INSTAGRAM Әншінің пікірін талқыға салғандар екіге жарылды. Бірі

М.Сәдуақасова: Тойдан кейін ертесінде оянғанымызда жарым енді ерлі-зайыптылар екенімізді айтты

Әнші бірінші күйеуімен бір жарым жылдай бірге тұрып, 2008 жылы ресми түрде ажырасқан. Халық алғашқы жарының кім екенін білмесе де, бұрын-соңды отбасы болғаны барлығының емес-еміс есінде. Сондықтан болар, жары Олжас

Тоқтар Серіков: Мен ашынып айтып қойдым, өнерден ешқашан кетпейміз

Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде Тоқтар Серіков әріптестеріне бола өнерден кетуге шешім қабылдағанын айтқан болатын. Әнші сол сәтте қатты ашынғанын және өнерден ешуақытта кетпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Тоқтар мен Бейбіт

22 пікір жазылған

  1. Шолпан
    Шілде 19, 23:43 Reply
    Мен оны 7000 теңгеге де шақырмас едім.. Әні көңіліме қонбайды, бір әнін қайталап айтып бере алмаймын.
  2. Сəбила
    Шілде 19, 23:58 Reply
    Құдай сақтасын...қай қайдағыны айтып шатпаң... Кім ол...болашағы жоқ...бəдік...өлең түгілі өнерден хабары жоқ....əлдекім...
  3. Кайтжан
    Шілде 20, 13:55 Reply
    Сабит пен Алтынайдын ажырасуы жайында коментарии жазып жатыр екенсиздер. Сиздер мени танымайсыз мен сиздерди танымаймын. Бирак мен оте шындыққа жататын сиздер билмейтин ангимени билемин. Ар нарсене оттап жазудын кажети жок деп ойлаймын. Арине оз ойыныз озинизде бирак кейбир жайларга да дурыс карау деп ойлаймын. Сабиттен Алтынай не ушин кетти? Сурак? Мейли делик Сабит жаман болсын, кыздарга барыпты, ишеди екен жарайды, Алтынайды жас кезинде урганда шыгар олда болды делик. Таякты жеди баланы туды,ози елге айгили адам болды.Мурынбок омирде ештене истей алмаган ози xалыкка бир ани мен жакпаган Талгат ким еди? Кимнин аркасында адам болды ? Жарайды онын,барине Алла куә! Алтынай Сабиттен 4 кызды туганша билмедиме кандай екенин кандай азамат екеинин? Енди келип Сабит жаман болып калыпты, алде торт кызды Алтынай кошеден тауып алыпты ма? Казир когамда елдер жумыс истемейтин,типти екинши токалы бар типти,алкаш бир тиын таппайтын, пайдасынан зияны коп еркектерди елдер байым бар байым деп жур емес пе? Алтынайга не коринди? Оз койнында бир тосекте жаткан оз байын жамандап? Не жаманшылык корди сонша? Енди ойлап кориниз? Сабитке жаланын баленин барин жапты типти уйндеги кызды зорлады деген ангиме бар жарайды делик,ал кайда сонын далели, боска соз боска адамга,бале жабу неге айтпайды осы созди Алтынай официально. Айталмайды ойткени ол отирик соз жала жабу ешкандай делел жок. Осынын барин шыгарып Сабитти елге жаман атты кылып озим тап таза бола каламын деп ойлаган шыгар. Ойткени Сабит пен занды турде айели болып жургенде, Алтынай бир жигитпен журген. Жургенде калай журди массажист Алишер деген жигитпен кадимгидей журген кездесип екеуи моншага тусипте журген. Али де осы жигитпен журеди типти спа салон ашып берген ол жигиттке. Осынын барин алтынай билип турып xалыктын алдында абыройын тусирмес ушин Сабиттен ози бир кунде кошип Тастап Сабитти жаман атты кылып кетип калды. Бар шындыкка уласатын ангиме осындай. Еркек журсе кыдырса жарайды айелдин журуи баска еркекпен ол калай булады екен? Торт кызга обалдын обалы болды. Екеуде аттарына лайык болмады. Сабитти жеп корейк нашар адам болсын дейик. Ал алтынайдын тирлигин калай тусунуге болады? Баян секилди пышактын астына калып жатса оз куйунен ол калай болатын еди? Барине уакыт емши мумкин осылай болганыда дурыс болган шыгар.
  4. Сауле
    Шілде 20, 14:55 Reply
    Жақсы еркектен əйел кетпейді. Əсіресе біздің қазақтың əйелдері.
  5. Адина Рустемовна
    Шілде 20, 15:34 Reply
    ҚАЙТЖАН, сіз кайдан билесыз Алтынай Жорабаеванын Алишер есімді массажиспен жүргенің? Алтынай немесе сол массажист жігіт озы айттыма сізге сырларын??? Әлде сізде олармен бірге бассейнде шомылып жүрдіз ба? пікірініз қызық екен :))))
  6. Рауза
    Шілде 20, 16:38 Reply
    Еркекке жүрген болат әйелге болмастан неге бәрі тең провалы яғни олар істерінің Санитарлық кіндік әйел жүріс жасаса яғни еркектің боқтығы сымсыз қадірі кеткендігі
  7. Рауза
    Шілде 20, 16:40 Reply
    Еркекке жүруге болат әйелге болмаиды неге бәрі тең провалы яғни олар істеуіне еркек кінəлі әйел жүріс жасаса яғни еркектің боқтығы сыисыз қадірі кеткендіг.і
  8. ГУББАЛА.
    Шілде 20, 18:48 Reply
    Алтынай алтын қыз,ғайбат айтудың қажеті не?Ерлі зайыптының арасынлағы əңгіме неге керек,тұрғысы келмесе олардың жүрек қалауы,яғни ары қарай тұру мумкін емес шығар.Уақыт емші,ортада балалар бар,кім біледі,ол біреудің өмірі.Тек əңгіме болсын деп гулетудің еш қажеті жоқ.кімнің аллында не күтіп тұр бір Алла біледі."Күлме досқа,келер басқа"деген де бар ағайын.
  9. ГУЛБАЛА.
    Шілде 20, 18:51 Reply
    Алтынай алтын қыз,ғайбат айтудың қажеті не?Ерлі зайыптының арасынлағы əңгіме неге керек,тұрғысы келмесе олардың жүрек қалауы,яғни ары қарай тұру мумкін емес шығар.Уақыт емші,ортада балалар бар,кім біледі,ол біреудің өмірі.Тек əңгіме болсын деп гулетудің еш қажеті жоқ.кімнің аллында не күтіп тұр бір Алла біледі."Күлме досқа,келер басқа"деген де бар ағайын.
  10. Айганым
    Шілде 22, 22:52 Reply
    Бул кара пиар гой, сабит уакыт откизип осылай жолдастарымен пиар жасайда. Бир уакытта уш жас бахытты деп елди шулаткан, енди ажырасты деп. Сенбеймин, оданша баска нарсе ойлап таппайма.
  11. Қолқоюсыз
    Тамыз 02, 21:33 Reply
    Талғат еркек болсаң араласпа ондай іске. Касында болған жоқ сың. Болсада айтпа олай. Ертең екеуі кайта косылса өзің қызарып жүресің
  12. Сараш Сахиқызы
    Тамыз 02, 23:21 Reply
    Алтынайды жүріс жасады деп айтып отырған Қайтжан дегеннің фейк екені белгілі ғой. Әйелді осылай ғайбаттағанның күнәсі оңай емес. Арнайы жіберген адвокат сияқты бііреудің сөзіне сене ме, Алтынайдай сұхбат беріп жүрген адамға сене ме? Оған сондай қылық жарасатын болса, ел Сізден бұрын байқайды. Босқа мойныңызға күнә жүктеп қайтесіз?
  13. gabiden
    Тамыз 03, 09:01 Reply
    Біреудің өміріне араласпаңдар! Оларды өздерің қасында болғандай жамандамаңдар, мұның бәрі өсек. Айтқан "сияқты-мияқтыларың" үшін Шариғат бойынша (әрине Аллаға сенсеңдер) жауап бересіңдер. Пайғамбарымыз айтқандай "жақсы сөйлеңдер, немесе үндемей-ақ қойыңдар".
  14. Й
    Тамыз 05, 13:08 Reply
    АДАМ БАЛАСЫН АҚША БҰЗАДЫ ЕКЕН, БҰЛАР БІР КЕДЕЙ ҚАЗАҚҚА КӨМЕК БЕРГЕН БОЛСА, ЖАЗАР ЕДІ, ОСЫНДА; "МАҒАН КӨМЕКТЕСКЕН АДАМДАР ҒОЙ, МЫНАЛАР" ДЕП, ЕКІ АДАМНЫҢ БІРІ ЖАҚСЫ АДАМ БОЛСА, КЕШІРІМШІЛ БОЛСА, ӘРИНЕ, ЕКЕУІ ЖАРАСЫП КЕТЕР ЕДІ, АЖЫРАМАҚ ТҮГІЛІ, ДЫБЫСЫН ШЫҒАРМАУҒА БОЛАДЫ! ЕРКЕК ДЕГЕН---ЖЫЛҚЫ СЕКІЛДІ, АЛЫСТАП ЖАЙЫЛАТЫНЫ БАР, БІРАҚ БӘРІБІР ҚАЗЫҒЫН ТАБАР ЕДІ, АЛТЫНАЙҒА АЙТАРЫМ, ЖҮРЕГІҢДІ ТЫҢДАШЫ, ЕЛ ТАЛДАУЫНА ОТАУ ТАҒДЫРЫ МЕН БАЛА ТАҒДЫРЫН САЛМАШЫ, АЙНАЛАЙЫН, СЕН ТӨМЕНЕТЕКТІ АНАСЫҢ, ОЛ-ЕРКЕК ҚОЙ, СӘЛ АҚЫМАҚТАУ БОЛАДЫ ОЛАР, СОНДЫҚТАН, ОТБАСЫН САҚТАП ҚАЛҒАН АНА БӘРІНЕН ДЕ СҰЛУ ДЕР ЕДІМ...
  15. Не деп ж атсын Қайтжан .қайдан білесін.менімше сəбит саған жақын ау .туысқан сияқты. Алтынай жаманға ұқсамайд.бар біле сəбитте.
  16. "Екі кеменің басын ұстаған суға кетедінің" кебін киіп қалатындар бар әлі, бәрін уақыт шешеді! "Сезім алаяғына" заң жаздыру керек, осындайларды соттаса керемет болар еді! Төрт қызымен бәрібір біздің Алтынайымыз бақытты болып кетеді!
  17. Ақмарал
    Қыркүйек 13, 15:57 Reply
    Фууу "Байларда жылайды"-сериалы
  18. Қолқоюсыз
    Қыркүйек 23, 15:04 Reply
    Алла жар болсын алтынаи муслман баурым намзда алладан каирлы дуга тлеик аллга аманат
  19. Қолқоюсыз
    Қыркүйек 24, 13:00 Reply
    Алтынай о баста САУ болса сабитке тиермеди бар бале алтынайда