Ақан Сатаевтың әйелі жат ағымның жетегінде кетіп, баласын тозақпен қорқытқанын айтты

Ақан Сатаевтың әйелі жат ағымның жетегінде кетіп, баласын тозақпен қорқытқанын айтты

Елімізге танымал режиссер Ақан Сатаевтың жары Нәзира Бақаева ертеректе өзінің дінді өте қатты ұстанып, қара жамылып, бет-аузын тұмшалағанын айтып берді. Жас кезінде кино мен клиптерге түсіп жүрген заманауи әйел аяқ астынан үйдегі барлық ойыншықтар мен суреттердің көзін жойып, кішкентай баласын тозақ отымен қорқытып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

«Күтпеген жерден туған-туыстардың көзінше адам шошырлықтай өзгеріп кеткенім соншалық, үйдегі кітаптар мен ойыншықтарды лақтырып, картиналардың көзін шұқып, статуэткаларды сындырдым. Ол заттардың бәрі біздің ата-аналарымызға тиесілі еді. Кейіннен олар маған: «Сендердің исламдарың өзгенің мүлкінің көзін жойып, үлкендерді тыңдамау ма?!», – деді. Мен дін фанатына айналдым», –  деп жазады Нәзира желідегі парақшасында.

Ол өзінің кішкентай  баласын әр қадам сайын тозақ отымен үрейлендіргенін де жасырған жоқ.

«Балама бір нәрселер үйретуден қалдым. Керісінше оған сүре, хадис пен Сира тарихын, намаз үйрете бастадым. Әр қадамында тозақ отымен үрейлендірдім. Кішкентай баланы! Аулада балалармен ойнауды доғардық. Балам өз Жаратушысын қуаныш, махаббат, үмітпен танудың орнына қатты қорқып қалған болды.

Туған-туыстармен араласуды қойдық. Бір кездері мен бөтен еркектерді көрмеу үшін үйге келген қонақтармен амандасуға шықпайтынмын. Шай құйып, дәм бермейтінмін. Көршілеріммен амандаспай, жатын бөлмемде отыратынмын. Оңға қарамайын – харам, солға қарамайын – харам! Бұл дұрыс деп ойлайсыз ба?!»,-дейді режиссердің жары.

Кейіпкеріміз өзінің осындай әрекетіне туған-туыстары мен күйеуінің, ата-енесінің қалай шыдағанына таңғалуда.

«Мұндай бассыздықты әйеліңнен, туған қызыңнан, келініңнен көріп, оған шыдау қандай болды екен?! Аллаға шүкір, менің жақындарым шыдамды әрі мейірімді болды», – дейді Нәзира.

«Болған жәйтті мен «ойсыз, көзсіз табынушылық ұстамасы» деп ойлаймын. Миың жұмыс істеуін тоқтатқанда сен өзің түсінбейтін нәрсенің жетегінде кетіп, өзіңе-өзің тиесілі болудан қаласың. Ақиқатында біз тек жаратушыға ғана тиесіліміз және соған қайтамыз! Бірақ, көпшілік бұл өмірді Жаратушы бізге есеп беретін өлім бар екен деп оны жабырқай күту үшін емес,  уақытша қолдануға бергенін ұмытып кетеді», – дейді Сатаевтың жары.

Нәзира осы күнге дейін бес уақыт намазын оқып, орамал тағады.  Ол өткен өмірінде өзіне түсіністік танытқан барша жақындары мен күйеуіне алғыс білдіреді. Еске сала кетейік, Нәзира Бақаева жас күнінде Мейрамбек Беспаевпен бірге «Алғашқы махаббат» фильміне түскен болатын.

Previous Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған
Next Назарбаев Қайрат Нұртасты не үшін шұғыл шақыртып алды?

Осыған ұқсас

Дастан Оразбеков келіншегі босанғанда қасында болып, ұлының кіндігін өзі кескен

Орда тобының әншісі Дастан Оразбеков босану үрдісінде серіктес болуға деген көзқарасының әлдеқашан қалыптасқанын айтып қалды. Ол жұбайы Жанат тұңғышын босанған кезде қасында болып, ұлының кіндігін өзі кескен екен. Бұл туралы 31

Той иелері Мақпал Жүнісованы тақырға отырғызып кетті

Мақпал Жүнісова той иелерінен әлі күнге дейін қаламақысын ала алмай жүргенін айтты. Әнші тойда келген қонақтармен суретке түсемін деп жүріп өзіне тиесілі ақшаны алуды ұмытып кетіпті. Бұл туралы “Ревю” бағдарламасында айтылды,

Меруерт Өтекешова: Тұңғышбаймен бірге оқығаныма қатты өкінемін

Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды. Даудың шет-жағасын көзі қарақты оқырамын білетін шығар, – деп жазады dalanews.kz сайты. Алдымен Жаманқұловты Асанәлі Әшімов сынға алды. Артынша өнердегі

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!