Танымал ақын Баян Есентаеваны Жазушылар одағына қабылдау керектігін айтты

Танымал ақын Баян Есентаеваны Жазушылар одағына қабылдау керектігін айтты

Жас ақын, «Әдебиет порталының» бас редакторы Бауыржан Қарағызұлы gu-gu.kz порталына сұхбат беріп, Жазушылар одағына қатысты өз ойын айтты.

– Баян Есентаеваны Жазушылар одағына қабылдау туралы ұсыныс айтып едім, әлеуметтік желіде. Шу боп кетті. Осыған орай өзіңіз не ойлайсыз?

– Қадірі кеткен Жазушылар Одағына кім мүшелікке қабылданбай жатыр дейсіз?! Екінің бірі – егіздің сыңары Одақтың мүшесі. Бəленбай Түгенбайұлы деген халтурчик журналист те мүше, əкім, Бас-Тық тағы да басқа толып жатыр. Олардан не қайыр?! Жазушылар Одағы деген қасиетті шаңырақтың атына кір келтіргенен басқа түк пайдасы жоқ. Əйтеуір онысыз да жетістіріп жатқандары шамалы ғой, одан да сіз ұсынып отырған Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдап алсын. Қазір соған лайық болып тұр өзі…

– Жеке сізге Одақтан не пайда? Мүшесіз ғой. Сонда мүше болған уақытан бері, одақтан не көмек көрдіңіз, не істеді сізге?

– Жөн сұрақ. «Əдебиет порталының» бас редакторы, жетекшісі болғандықтан бəрі мені мүше деп ойлайды. Дəл қазір мен мүше емеспін, қуанышыма орай… Бəлкім, Одақтың жұмысы дұрысталғанда ұсыныс болар, сол кезде мүше болармыз…

Сұхбаттасқан Махамбет Ерғали
Previous Мейрамбек Беспаев: Ninety One жігіттерін көшедегі бес адамның екеуі ұрып кеткісі келеді
Next Әйгілі әнші Мадоннаны үйдің шатырында аяусыз зорлап кетті

Осыған ұқсас

Бозымбаев тек қазақ тілінде ғана сұхбат беруге уәде етті

Өткен аптада Қазақстанның энергетика министрі (есім-сойы ел-жұртқа әкімдіктегі қызметі арқылы таныс) Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев журналистерге қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты деген ақпарат БАҚ-та қызу талқыланды. Әуелде, ҚР Энергетика министрлігіне

Танымал актер Нұржан Төлендиев той басқару үшін 600 мың теңге сұраған

Тойын басқарту үшін «Алдараспан» театрының директоры, актер Нұржан Төлендиевке 700 мың теңге төлеген той иесі асабаға көңілі толмағанын айтты. Бұл туралы Замана басылымы жазады. «Әннің де естісі бар, есері бар». Дәл сол

Қарағандыда 15 жастағы қызбен секс үшін ер адамдардан ақша бопсаланды

Қарағандыда екі жергілікті тұрғын 15 жастағы қызбен секс үшін ер адамдардан ақша бопсалады деп хабарлайды NUR.KZ порталы. 28 жастағы Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желіде таныс қыздың атынан парақша құрып, ер адамдарға

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!