Белгілі ақын Аллаға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады

Белгілі ақын Аллаға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады

Белгілі ақын әрі журналист Нағашыбай Қабылбек 80-ді алқымдаса да ел алдында ерсі әрекетке барған абыз актер Асанәлі Әшімовті сынап тастады. Ақынның айтуынша, отандық бағдарламалардың біріне қонаққа келген Әшімов Құдайдың бар екеніне күмән келтірген. Одан қалса, эфир барысында журналистпен бірге ішімдік ішкен.

Ақынның “Құдайды танымау Асанәлі көкеме лайық іс пе еді?” атты мақаласы elana.kz сайтында жарияланды.

«Ашынғасын айтамын да. «Евразия» телеарнасында «Кешкі кездесу» жүріп жатыр. Атақты Халық әртісі Асанəлі Əшімов 80 жаста. Атақ-абыройы бір басына жететін абызымыз құрмет биігінде. Шалқып отыр. Өмірдің түрлі соқпағынан өтіп мүжілмеген, қызығы мен шыжығына еңсесін түсірмеген тұлғаға бәрі жарасып-ақ тұр. Еркін сөйлейді. Қиядан шалады. Ойнақы сөзбен тұла бойыңды тербейді. Тек көзі құрғыр жасаурай бергені болмаса…  Еңсесін тік ұстауға тырысады.

Жалындаған жастықтың ауылынан алыстағанымен, шалт қимылы шабан тартқан көңілін қамшылап қояды. Құрық түспей құтырған көк дөнендей жастығы көз алдынан өтіп жатыр ма, кім білсін?!

Көңілі қанша қарттыққа мойынсұнбағанымен, беделі қыр асқан актердің бет-пішінінен уақыттың өрмекшісі салған әжім-торлар мен мұндалайды. Жақсы қартаюдың өзі екінің біріне бұйырмаған бақ қой, шіркін!» – деп бастады әңгімесін ақын.

Оның айтуынша, қос перзентін қара жерге тапсырған актердің шыдамдылығына қайран қалуға болады. Алайда қаншама әріптестері шықпаған шыңға шығып, олар көрмеген қызықты көріп отырған абыз актер кішіге үлгі бола білуі керек деп санайды ол.

«Олардың көрмеген қызығын, аспаған асуын, шықпаған шыңын бағындырып, Тәңір берген талантымен дарабоз атанған ақсақалдың енді қалған ғұмырында, өткенге салауат айтып, бергенге шүкірлік етіп,  Алланы ұлықтап жүруі өзіне ғана емес, өскелең ұрпағы үшін де мәртебе, зор үлгі-өнеге  емес пе?!

Алайда ел еркесі Асекең бұл үдеден шыға алмады. Оның ақсақалдыққа мүлде жат ерсі әрекеті асекеңді пір тұтатын талайларды жерге қаратты. Өкінішті, әрине», – дейді автор.

Бұдан кейін ақын Әшімовтің эфир барысында журналистпен қосылып коньяк ішкенін, тіпті «60 жыл бойы арақ ішіп келемін» деп араққа жарнама жасағанын айтып сынады.

«Алабұртқан журналиске: «Мына коньягің «Асанəлі» емес пе?» — деп бір күлдіріп алды. Өз атының арақ-шараппен байланысы барына қуанғаны ма, мақтағаны ма бұл?.. Ол — ол ма, жедел сұрақтарға жауап беру барысында: «Құдайға сенесіз бе?» — деген журналист сауалына: «Бір күш бар, ол анық. Бірақ ана дүниеге барған ешкім жоқ қой. Меніңше, жұмақ деген — осы өмір. Тозақ — тіршілікте көрген қиындығың! Сондықтан Құдайға деген көзқарасым нақты емес», — деп, айды аспанға шығарды атақты актер. Тізе берсек, тырнақ астынан кір іздегендей боламын-ау….

Ата сақалы аузына түскен қарияның «қабір азабы» туралы түк сезінбеуі — оны бұрмалап келекелеуі исі мұсылман баласына жат қылық. «Кеудемнен жанымды алсаң да, жүрегімнен иманымды алма» деген даналардың тұяғы, жазық жерде шалыс басатындай не көрінді?! Атеистік көзқарастың сүйекке мұншалықты сіңетінін кім білген?! Дүниенің жалған екенін бір кісі білсе, осы кісі білуі керек еді.  Əттең!..

Баяғының оқымаған шалдары «баратын жері» туралы бөстекі сөйлемей, дайындығын жасап отыратын еді. Арақты татып алмаушы еді. Өлім жайлы жиі əңгімелеп, жастарға ұлағатты ісімен үлгі еді. Сонысымен де қадірлі еді… ал қайран Асанәлі көкем…

Бүгінгінің шалдары бір түрлі болып барады. Аллаға сенбейді, көпіріп сөйлейді. Көз алдынан басқа еш нəрсені көрмейді… Əттең, бір кем дүние!..» – деп түйіндеді сөзін Нағашыбай Қабылбек.

Previous Мәдина Сәдуақасова: Мейрамбектің көзіне тіке қарай алмаймын (видео)
Next Белгілі журналист Майлыбаевтың былықтарын айтып салды

Осыған ұқсас

Депутат болмай қалған әншілер әжуаға айналды

Желі қолданушылары депутат мандатын иелене алмаған Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованы әжуалап, түрлі пікірімен бөлісіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Күні кеше сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2 пайыз дауысын

Жанат Бақыт өзінен 35 жас үлкен азаматпен көңіл қосқан қызды сынап тастады

Белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт өзінен 35 жас үлкен, бірақ қалталы азаматпен көңіл қосқан студент қыз туралы әңгімелеп берді. Аяғын шалыс басқан қыздың тағдырын мысалға келтірген ол өзгелер осы хикаядан сабақ

Мұхтар Шахановқа «Халық қаһарманы» атағын беру ұсынылды

Биылғы шілденің басында қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, Елші, Ақын Мұхтар Шаханов 75 жасқа келеді .Шыңғырған шындықты айтып, шырылдап жүретін, шыжғырып бетке басатын Шахановтың ұлтқа сіңірген ұлы еңбегін ешкім жоққа

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!