Белгілі журналист Майлыбаевтың былықтарын айтып салды

Белгілі журналист Майлыбаевтың былықтарын айтып салды

Қазақ телевизиясында «Аялы алақан» бағдарламасымен танымал Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері өзінің өткір ойларын жария етуде. Бибігүлдің бірнеше жобаларының қолды болғаны, оған қазіргі танымал журналист, продюсердің кінәлі екендігі айтылса, келесі жазбасында Б.Майлыбаев тұсындағы телеарна былықтарын баяндайды. Әрине, біз көпшілікті мұндай пікірлерді сарапқа салып оқуға ұсынамыз. 

Иә, «ашынғаннан шығады жанайқайың» демекші, менің тілімді кешеден бері шығарған сол Кертаев болды. Өмірдегі ең жаманы — алданып, аңқау бала секілді ауызыңның аңқиғаны. Орысша айтқанда өзіңді бір «лохушка» сияқты сезінгенің. Менің бұл сөзімнің төркінін еркек қауым түсінеді деп ойлаймын.
Егер еркектік сөзіңде тұра алмасаң, еркектігің қайсы?!
Жә, мен бұл жерде сонау 2007 -2017 жылдарға дейін БАҚ- ды уысында ұстаған Бағлан Майлыбаев туралы айтқым келеді.
2008 жыл. Күз. Ұлттық арнада бірнеше бағдарламалардың авторы, әрі продюсерімін. Бір күні менің қарамағымдағы тележүргізушінің тікелей эфирдегі әдепсіз жайларын байқадым. Жұмысқа қаталмын. Ешкімді аямаймын. Петличкадан әлгі тележүргізушіге ескерту айтып жатсам, петличканы лақтырып жібермесі бар емес пе? Әй, дәл бұлай ешқашан ызам келмеген болар, сірә?! Эфирдің соңына дейін әрең шыдадым. Жанымдағылар:
-Ойбай, қайтесің? Ол қатынға тиіспе, қарасы жұғады. Майлыбаевтың жақыны. Сондықтан да есіріп жүреді, -деп басу айтуда.
— Маған бәрібір! Итбайдың қатыны болса да. Өлгенде осыдан өлдім ғой, -дедім.
3 студияны аңдып тұрмын. Білем, ол мен шақырғанға келмейтінін. Шыға бергені сол еді, бас салдым.
— Сен кімсің маған айқайлайтындай, щеглиха?!
— Мен сенің бастығыңмын!
— Менің бастығым жоғарыда, -деп сұқ саусағын аспанға қаратып көрсетті.
— Бүгінгі эфиріңді крышаңа көрсетсем қалай сайрайтыныңды көрермін.


Жанжалымыз біразға барды. Ешкім бұл әйелге тісі батпайды. Себебі, Майлыбаевтың туысы. Әрине, су өтпейтін қолшатыры тұрғанда бұл кімге бағынсын?! Телеарнадағы продюсерлердің ішіндегі ең жасы менмін. Дәл қазір отқа жан десе, жануға дайынмын. Көзсізбін. Қорықпаймын. Кейін барып білдім ғой жымысқылардың бұл әйелді менің қарамағыма әдейі жібергенін.
— Ертең эфирге шықпайсың! Повторды қоямын!
Ол қарқылдап күліп кетті. Айтқан сөзімде тұрдым. Жұма күні қайталаумен эфирді жаптым. Дүйсенбі күні кабинетімде отырсам, әлгі крышасы мықты әйел қолында бір торты бар тықылдап келіп тұр. Телефонмен сөйлесіп отыра бердім.
— Бибка, кешірші, менен айып. Сен сіңлімсің ғой. Кіші жүздер осындаймыз. Торт әкелдім. Шәй ішейікші?- деді.
— Мен тәттіге жоқпын. Рақмет! Жаңа ғана шәй ішіп алдым. Уақытым жоқ, -дедім. Ана жерде қиылып отырды. Алдыңа келсе атаңның құнын кеш деген қағиданы ұстанған қазақ емеспін бе, әлгі тележүргізушіге:
— Сіз асханаға(столовый) барып, шәй жасай беріңіз. Мен қазір келемін, -дедім.
Асханаға бір топ журналистермен келдім. Жақтырыңқырамады білем, бірден:
— Биба, мен өзіңді шақырып, шүйіркелессем ба деп едім, -дейді. Үндемедім. Сол оқиғадан кейін ол жіптіктей болды. Басқасына бағынбаса да, менің сөзімді екі етпейді.
Бірақ, бір жылдан соң менің сол арнамен қоштасуыма тура келді. Соңыма майшамды алып түскен басшылардың қитұртқы әрекетінен жиреніп кеттім. Кейін әлгі әйел Майлыбаев арқылы алдыртып тастағанын білдім. Өкінбеймін. Қайта сол арнадан соң шыңдалдым. «Жетінші» арна менің кеңістігімді ашқандай болды. Мәскеуліктермен жұмыстас болғанымды мақтан тұтамын. Ресейдің телеарналарын авторлық бағдарламаларымен жаулап алған Тимур Вайнштейн секілді медиа саласын жақсы меңгерген кәсіби журналистерден тәжірибе жинадым.
Иә, Бағлан Майлыбаевты биыл үй қамаққа алынды дегенде, сол бір тележүргізуші еске түсіп кеткені. Бағланның аутсорсинг арқылы талай ақшаны жымқырғанын Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері айтпады. Бәлкім, оларға телеарнадағы былықтары кәкір -шүкір боп қалған шығар. Телеарнада төбеден қарап, шырт-шырт түкіріп, «шапкасын» алып, қалтасын қампитып отырған Майлыбаевтың та дәуірі — 2017 жылдың қаңтар айында бітті.
Бір қызығы деймін де, бір кездері жанында түлкіше бұлаңдаған журналистер кейін Фейсбук арқылы сыртынан мысқылдап күліп, комент жазып отырды.

Дереккөзalashinform.kz

Previous Белгілі ақын Аллаға күмән келтіріп, ел алдында ішімдік ішкен Әшімовті сынап тастады
Next Желіде Аша Матайдың күйеуінің бейтаныс қызбен жүрген суреті тарап кетті (фото)

Осыған ұқсас

Есентаева енді Дуғалованікі дұрыс деп отыр

“Осыдан бір жыл бұрын Жанар мыңнан тұлпар болып озып шықты, себебі ол халықаралық аренада өз елінің мәртебесін қорғады. Ал бүгін сіздер оған бас салып жатырсыздар, ол бар болғаны Қазақстанның саяси

ӘРУАҚҚА ТИІСКЕН АТАМБАЕВТЫ ЖАҚТАҒАНДАР КЕНЕСАРЫНЫ ЕКІНШІ РЕТ ӨЛТІРДІ…

Біздегі ұлттық идеология  мен патриоттық  тәрбиенің  кемшіндігі  қауіпті деңгейде екен…   Алашта Кенекеме ер жетпеген! Мағжан Жұмабайұлы       Менің  «Қазақ үні» ұлттық порталына 14 қыркүйекте жазған «АТАМА ТІЛ

ЖОҒАРЫ балл жинаған ТАЛАПКЕРЛЕР ЖОЛДА қала бере ме? Елбасыға Ашық хат

Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Егемен еліміздің құқықтық іргетасы – Конституция күніне орай Өзіңізге жолдап отырған  шынайы  құттықтауымызды қабыл алыңыз! Ата Заңымыз әлеуметтік тегіне, табына, жасына қарамай республика азаматтарының барлығына тең құқық

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!