Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылдығын дүркіретіп өкізді (фото)

Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылдығын дүркіретіп өкізді (фото)

Әнші Серікбол Сайлаубек анасы Жәмиләның 60 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді. Ағайын-туыс, көрші-қолаңмен бірге эстарда әншілерінің де басын қосты,-деп жазды той қонағы болып қайтқан Stan.kz тілшісі.

a8

Серікбол Сайлаубектің анасын құттықтай келген Майра Илиясова, Мирас пен Құралай, Айгерім Қалаубаева, Өмірқұл Айниязов, Ұлықпан Жолдасов, Мақсат Базарбай, Саят Исембаев сынды қалаулы адамдар қонақ болып, әннен шашу шашты.

A5

«Бүгінгі той басқа тойдан ерекше деп айта аламын. Өйткені бүгін әріптесімнің, досымның, негізі Серікболдың өзі маған жақын, туысқандығымыз бар. Серікболдың бүгінгі осындай анасының құрметіне үлкен той беріп, сондай ізет көрсетіп жатқаны бізді қуантады.

A10

Бізге де ол өнеге, бізге де жол. Енді 60 жас деген кәдімгі бір белес қой. Сондықтан Серікболдың отбасы мен анасы Жәмилә апайымызбен жақсы таныспын. Бүгінгі тойда менің отбасым да бар. Бастарынан бақ, астарынан тақ таймасын. Ұл-қыздары биік төрлерден көрінетін әулет болсын дегім келеді. Бұл отбасында тек жақсылық болсын», – дейді әнші Айгерім Қалаубаева.

a3
Эстрада жұлдыздарының балқаймағы Майра Илиясова да той иесіне ақ тілегін арнады.

a9
«Бүгінт енді тек қана Серікболдың тойы емес. Анасының 60 жылдығын тойлап жатыр. Бұл қазақ өнерінің тойы. Өйткені біз Серікболды өте қатты жақсы көреміз. Бауырым ретінде, қазақтың бір талантты әншісі ретінде. Ақылды, көркем мінезді, өте талантты бауырымыз. Ал енді анасы Жәмилә бүгін қатты толқып кірді. Көзіне жас алып жатыр.

a7

Ол әрине қуаныштың жасы. Өйткені бұндай тойға жеткен де бар, жетпеген де бар. Сондықтан мен Жәмиләға не тілеймін. Ең бірінші бала-шағасының қызығын көрсін. Дені сау болсын. Өмір жасы ұзақ болсын. Жанында немерелері жүр, енді шөбересінің қолынан шай ішсін.

a6

Осындай әдемі, аяулы, киелі анасының тойын жасап отырған Серікболсынға мен сахнада әлі де жарқырай бер, бұдан да жоғары сатыларға көтеріле бер! Елдің анау жеңгелер сияқты әндері көп болсын! Хит хит әндері көп болсын!»,-деді әнші Майра Илясова.

a4
Тойға тілек айтып, әннен шашу шашқан жұлдыздар бұл тойды концертке айналдырды.

«Мінекей бүгін керемет той болып жатыр. Құдайға шүкір, Жәмилә анамыз міне 60 жасқа келіп жатыр Серікболдың мамасы. Өте қуанышты, керемет, өте көңілді той болып жатыр.

a2

Мамасына әрине, денсаулық тілейміз. Отбасына біррлік, ауызбіршілік, денсаулық, сабырлық, иман, байлық тілейміз. Жұмақ ананың аяғының астында дейді, Серікбол деген досымыз біздің, бауырымыз осындай керемет той жасап жатыр анасына. Ол деген әрине анасын сыйлаған деген сөз»,-деді Мирас пен Құралай.

a1

a4

Previous Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтты
Next Қазақ тілін "менсінбейді" деп жиі сынға ұшырайтын отандық жұлдыздар кімдер?

Осыған ұқсас

Қайрат Нұртастың әйелі еш жерде жарияланбаған отбасылық суреттерін жария етті (фото, видео)

Қайрат Нұртас өзінің жұбайы түскен «Үміт үзбе» деп аталатын бейнеклипін жариялағалы бері оның әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова да желіде жеке парақша ашты. Бұл туралы  NUR.KZ хабарлайды. Ал отандық жұлдыздар болса елді қанша

Сиви Махмуди екінші рет ана атанды (фото)

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Сиви Махмуди екінші рет ана атанды. Екі жылда екі ұлдың анасы атану көптің қолынан келмейтін іс екені бәрімізге мәлім. Дегенмен, Сиви сол бақытқа ие болды. Қазіргі

Түсіпбаева сотқа барып Жадодан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Бірнеше айға созылған Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы іске нүкте қойылды. Бір-бірінен кешірім сұраған сәнгер мен әнші өзара мәмілеге келді деп хабарлайды NUR.KZ. Меруерттің айтуынша, бұрын ол Жадырамен жақсы араласқан.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!