Үш ұлы бар Ақбота Керімбекова жаңа ата-енесімен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтты
28.08.2017 2 пікір 12256 қаралды

Үш ұлы бар Ақбота Керімбекова жаңа ата-енесімен қарым-қатынасы туралы жасырмай айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жуырда үшінші мәрте тұрмысқа шығып, өмірінің жаңа белесіне аяқ басты. Екі рет некесі сәтсіз болған әнші, қайта шаңырақ көтеріп, жарымен бал айына да барып келді. Алайда оны сынап, үш баласы бола тұра тұрмысқа шыққаны үшін сөккендер аз болмады. Елдің сөзіне мән бермеген әнші неліктен тағы да отбасын құрғаны жөнінде кеңінен баяндап берді.

Бұл жолы ол «Жұлдыз ТВ» арнасына сұхбат беріп, өзін сөккендерге жауап берді

«Жеке өмірімді айтқым келмейді. Бақыт деген тыныштықты жақсы көреді. Әркімнің өмірі, тыныштығы, әркімге өзіне. Әлеуметтік желіде біраз шулап, біразы анау деді, мынау деді. Бірақ еріккенімнен, күйеуге шыққым келіп шығып жатқан жоқ.

Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан ғой. Көңіліміз он сегіз болса да, жасымыз қырыққа келгені өтірік емес. Барар жерің болады, ортаң болады. Сол кезде сүйенішің, тіреуің жүрсе, үйде ер-азаматтың жүргені жақсы ғой. Балаларға айта алмайтын нәрселер болады, сол кезде азаматың болса, ақылың айтып, сүйеп отырса. Кім болса да, әр адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын», – деді ол.

«Жоқ сәлем салып, орамал тақпаймын. Ол кісілер Орал жақтың кісілері. Орысшалау кісілер. О бастан мені жұлдыз деп қабылдады. Ол кісілерге де қуаныш болды деп ойлаймын. Қазір «Бота, Боташ» деп отырады», – дейді ол.

Дереккөз: Nur.kz

Previous Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты
Next Ерке Есмаханның масқарасы шықты (видео)

Осыған ұқсас

Танымал отандық актриса ұшақ бортында шу шығарды

Актриса, блогер, кәсіпкер келіншек Айнұр Нұрсейіт Анталия-Алматы ұшағы бортында болған жағдай туралы пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған бағыт бойынша чартерлік рейсті орындаған түркиялық әуекомпания ұшағы бортта болған төбелес кесірінен Ақтауға

Меруерт Түсіпбаева: 12 жыл ішіндегі барлық әнім хит болды

Меруерт Түсіпбаева отандық бағдарламалардың бірінде өзінің қазақ еліне қалай танылғаны туралы айтып берді. Мұнымен қатар, әнші соңғы 12 жыл ішінде орындаған әндерінің барлығының хит болғанын тілге тиек етті. Бұл туралы КТК

Қыдырәлі Болманов: «Балаға тәрбие сөзбен емес, іспен берілу керек…»

Ол өнер жолын әншіліктен бастады. Талғамы мен таңдауы биік оның бүгінгі таңда бағындырған белесі биік. Өнердің майын ішіп, ащы уының дәмін татқан еліміздегі нөмірі бірінші Қыдырәлі Болманов туралы айтылар сырдың

2 пікір жазылған

  1. Жазира
    Тамыз 28, 19:10 Reply
    Бақытты болыңдар! Енді өзі секілді сұлу қыз алып келсін жарық дүниеге!