Есентаеваның қызы некесіз бала табу ұят емес деп санайды

Есентаеваның қызы некесіз бала табу ұят емес деп санайды

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында ұят туралы сөз қозғап, замандастарын жасандылықсыз өмір сүруге шақырды. Мұнымен қатар, өзімен келіспеген адаммен жеке сөйлесуге дайын екенін жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қоғам қаншалықты адамдарды бір қалыпқа салуға тырысса да, көп адам  еркін жандардың өміріне қызығады. Әншілер мен инстаграм желісіндегі танымал жұлдыздар, блогерлер мен модельдер, актерлер Батыстың тұрмыстық заңдарын мойындайтын жандар. Маған халқымыздың қай жерде қалып қойғаны қызық. Ең бастысы, неге өз еркімен осындай дәрежеге жетіп отыр? Қоғам өзі бақылап отыратын адамдар секілді болғысы келеді. Бірақ, іштей бұл дұрыс емес деп ойлайды. Үздіксіз мемлекет басшыларына, бастықтарға, өзімізге қарағанда табысты адамдарға және санамызды басқарып отырған түрлі жүйелерге ашуланып жүре беруге болады.

Бірақ, ешкім сізден оқу, даму және армандау мүмкіндігін алып қоймайды. Әйел адам үй шаруасында болуы тиіс, ол бір саланың маманы бола алмайды, үнемі бағынуға міндетті деген ойлардан қалай арылуға болады? Өзгенің ашық-шашық киімінде шаруамыздың болмауы керектігін қашан түсінеміз? Жұмыла жиналған кезде ғана қуатты күшке айналатынымызды қашан ұғынамыз? Айналамызда жағымсыз пікірлер, көре алмаушылық және түсініспеушіліктер сондай көп… Тірі тіршіліктің барлығын жойып жібермейтін, керісінше айналадағының барлығын жақсы көретін ұрпақ болайықшы. 1х1 қорабынан шығып, дамыған мемлекеттің мәдениетті азаматтарына айналайықшы. Әрқайсымыздың әртүрлі екенімізді түсіну емес, дінді аяқ асты етіп немесе күштеп дінге кіргізу ұят.

Некесіз бала туып, өзің секілді мықты тұлға тәрбиелеу емес, балаңды көшеге тастап кету ұят. Кешіріңіздер, ажырасып, жұмыс істеп, ары қарай бақытыңды іздеу емес, нәжіспен бірге нәжіс арасында тұру ұят. Әділеттілік іздеу емес, мемлекеттік қызметке барып, пара сұрау, бай балаларының аға-көкелерінен қорқу ұят. Инстаграмдағы бейтаныс аруға жағымды пікір жазу емес, әйел бола тұра екінші әйелді қаралау ұят. Өзгелердің қалауымен өмір сүру ұят. Жақының мен бейтаныс адамға махаббат пен бақыт тілеу ұят емес. Шынайы болу ұят емес. Өзіңнің шындығың үшін күресу ұят емес. Өзгеше болу ұят емес, керісінше керемет. Осы есіңізде болсын. Біреу сізге “ұят” деп ұрысса, маған бағыттаңыз. Онымен өзім сөйлесемін”, – дейді Айсәуле Бақытбек.

Бойжеткеннің жазбасын желі қолданушыларының бірі қоштаса, екіншілері оған нағыз ұяттың не екенін түсіндіруге тырысты.

“Әкеңнің анаң үшін түрмеде отырғаны ұят. Әйелдің еріне опасыздық жасауы ұят. Анаң көптеген сұхбатта айтып жүргендей адал болса, ол күйеуіне келіп “Мен басқа адамды сүйіп қалдым. Мені босат” деп айтар еді. Сол үшін таяқ жесе де, ол өзіне адал болар еді. Ал ол білмесе ше? Барлығы осылай жалғаса берер ме еді? Ол жерде махаббат қанша күшті болса да, күйеуіне опасыздық жасауға хақысы жоқ еді. Сондықтан ұяттың мағынасын түсініп алыңыз. Мені қызғанып тұр деп жазудың қажеті жоқ. Бұл жерде қызыға қарайтын ешнәрсе жоқ”, – деп жазады aizhan090 есімімен тіркелген желі қолданушысы.

Previous Мөлдір Әуелбекованың ажырасып кеткені рас па? (фото)
Next Ерке Есмаханға қатысты шындық белгілі болды

Осыған ұқсас

Ұлықпан Жолдасов «Батыс» тобын құрды

Ұлықпан Жолдасов халыққа жаңа жобасы «Батыс» тобын жариялауға дайын. Біз бүгін Ұлықпан мырзаға қоңырау шалып, топ туралы толық мәлімет сұрадық. «Топтың есімін «Батыс» деп өзім қойдым. Себебі, үшеуімізде батыс өңірінің

Босаға аттамай, жігітпен жақындаспаңдаршы, қыздар!

Сәлеметсіздерме құрбыларым, сіңілдерім. Мен осы сайттың жаңалықтарын үзбей оқимын, Біраз уақыттан бері небір тағдырлар туралы оқып, бірінен сабақ алсақ, енді біріне жанымыз күйзеліп, уайымдадық. Мен бүгін өзімді алаңдататын мәселе туралы

Шарапованың шалқыған әні кубалықтарды тамсантты (видео)

Диана Шарапова «Қайдасыңдар, достарым» бейнебаянын кубалық әртіс Dj Umbertoмен бірге түсіріп, көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлады «Экспресс-К» басылымы. Жеңіл әрі ойнақы ән тыңдарманның көңілін көтеріп, қазір клубтарда хитқа айналды. Шарапова

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!