Қырғызстанның жаңа президентінің қызы әдемілігімен елді тәнті етті (ФОТО)

Қырғызстанның жаңа президентінің қызы әдемілігімен елді тәнті етті (ФОТО)

Жаңа сайланған Қырғызстан президентінің отбасы жайлы қызық ақпараттар Қазнетте таралуда. Кaktus.media порталының мәліметі бойынша, Сооронбай Жээнбеков еңбек жолын 1976 жылы орыс тілінің мұғалімі болып бастап, 1996 жылы саяси қызметке кіріскен, – деп жазады caravan.kz.

«Үш рет Жогорку Кенеш депутаты және ауыл шаруашылығы министрі болды. 2010 жылдан кейін Ош облысын басқарды. Мемлекеттік кадр қызметі басшысының орынбасары, президент аппаратының жетекшісі болды. 2016 жылдың сәуірінен биылғы тамызға дейін үкімет басшысы. Кейін ол президент сайлауында үміткер болды», – деп жазыпты портал.

Жээнбековтің жұбайының аты – Айгүл. Мамандығы белгісіз, үй шаруасында. Қызы Бақтыгүл Қырғыз-Ресей Славян университетінде білім алуда. Былтыр тұрмысқа шыққан. Күйеу баласы – депутат Алиярбек Абжалиевтың ұлы – Атабек. Жээнбековтың Әлиасқар есімді бір немересі бар.

Ал Жээнбеквотің қызы Бақтыгүлдің сұлулығы туралы әлеуметтік желілерде көп жазылып жатыр.

Жээнбековтың жұбайы мен қызы
Жээнбековтың жұбайы мен қызы

«Інісі Асылбек Жээнбеков (53 жаста) V шақырылымдағы Жогрку Кенештің спикері болған. Қазір ҚСДП фракциясының депутаты. 2016 жылы Сооронбай үкімет басшысы болғандықтан інісі төраға орнын босатуы керек болды. Өз билігі кезінде парламент ғимаратында намазхана ашқанымен есте қалған. Әулетінде ең кіші болғанымен беделі артық», – деп жазады портал.

Асылбек Жээнбеков
Асылбек Жээнбеков

Табыс декларациясы бойынша, Жээнбеков былтыр 870 мың 1 сом табыс көрген. Сонымен бірге, ол ауданы 160 шаршы метр үйі, 60 шаршы метр саяжайы және 48,04 гектар шаруашылық жері барын көрсеткен. «1 700 түп алма ағашы бар, екі мың терек пен вагон-үйі және МТЗ-80 тракторы бар. Ал Жээнбековтің туыстары айтарлықтай көп табыс көрген – 2,4 миллион доллар. Олардың басында 64 шаршы метр пәтер мен он гектар ауылшаруашылық жерлері бар. Былтырғы декларациясында оның 66,6 гектар жайылым жері көрсетілген. Декларация бойынша, жайылым жерлер жекеменшік емес, 2015 жылы жалға алынғаны белгілі болды. Қазір бұл жерлер оның иелігінде емес», – деп атап өтіпті басылым.

Previous Фонограммасыз концерт берген Төреғалидың дауысы шықпай қалды (видео)
Next "Ислам мемлекетінің" содырлары Филипп Киркоровты жарып жібермекші болған

Осыған ұқсас

Әкесінің тойына әйгілі шетел жұлдыздарын әкелген Сиви бүкіл Алматыны шулатты (фото, видео)

Өткен аптаның ең есте қаларлық тойларының бірі Сиви Махмұдидің «мұнай магнаты» атанған әкесі Махмұт Нәлібаевтың 60 жасқа толу мерейтойы болды. Алматыдағы аса қымбат Royal Tulip мейрамханасында дүркіретіп той жасаған жұлдыздың

Ұлықпан Жолдасов Мәдениет саласының үздігі атанды

Қазақ эстрадасының үздік композиторларының бірі Ұлықпан Жолдасов Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Астана қаласында жеке сазгерлік кешін өткізді. Сонымен қатар, осы күні, яғни 14 ақпан күні орындаушы 50 жасқа толды.

“Біз ұялмаймыз!” Ел алдында жалаңаштанғанды ұнататын әртістер (фото)

Соңғы уақытта отандық жұлдыздар арасында денесін жалаңаштайтын арулар қатары көбейген. Олар жиі халықтың сынына ұшырайды. Бірақ ел не айтса да, бұл сұлулардың «киінетін» түрі көрінбейді. Бұл ретте Stan.kz ашық-шашық киімі

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап