«Зың-зың», «Жоқ, жоқ». Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейіп кеткеніне қынжылды

«Зың-зың», «Жоқ, жоқ». Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейіп кеткеніне қынжылды

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында мағынасыз әндер көбейгенін айтып, кейбір әріптестерін сынға алды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақ эстрадасын қалыптастыру жолында біраз еңбек етіп келе жатқан әншілерміз. Қазақ эстрадасы енді қалыптасып, жастар біздің артымыздан жақсы бір әуенмен еріп келе жатыр еді. Аяқ астынан осындай Еуропаның музыкасы қаптады, Африканың музыкасы ма, құдай-ау. Қара нәсілділердің ритмін алады. Оған қоса қазақша сөздерді қосады, қалай-болса солай, мән-мағынасы жоқ… Не өлең енді анау «зың-зың», «дың-дың», «дым-дым» дей ме… «Жоқ-жоқ» не ән бұл? Ол ұрпақты неге тәрбиелейді. Біздің ұлы ақындарымыздың өлең-сөздері, Тұманбай ағамыз, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Исраил Сапарбаев, Қадыр Мырза Әлиев… көп қой енді. Сол кісілердің өлең жолдары қайда қалды. Қайда қалды?», – деп Мақпал Жүнісова қынжылысын жеткізді.

Previous Тойда жұлқына билеген Ермахан Ибрайымовтың видеосы желіні жарды
Next Алтынай Жорабаев бұрыңғы күйеуі туралы бар шындықты айтты

Осыған ұқсас

МАҚПАЛ ЖҮНІСОВА: «БӘЙТЕРЕКТІҢ ЖАНЫНАН ӨТКЕН САЙЫН ҰЯЛАМЫН»

Биыл мерейлі елу жасқа толға-ныңызда еліміздің біраз қалаларында шығармашылық концертіңізді бердіңіз. Келер жылға жоспарыңыз қандай? — Менде айтылмаған он шақты ән тұр. Концертте репертуарды түгел жаңартып айту мүмкін емес әрі

Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

Танымал әнші Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді. Әнші арақ-шараппен өтетін сауық кештерін назардан тыс қалдырып, халал түрде өткен туған күнді сынағандарға ренжіп қалғанын желідегі жазбасы арқылы

Ақбикеш: ТЫҢДАРМАНДАРЫМДЫ ТАҢҚАЛДЫРМАҚ НИЕТТЕМІН…

– Ақбикеш, әңгімемізді өзіңіздің туған өлкеңіз бен өскен ортаңыздан бастасақ… – Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 1986 жылы 23-шілдеде дүниеге келгенмін. Отбасының жалғыз қызымын. Менің әншілікке бет бұруыма анамның

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап