Балғынбек Имашев Атамбаевты «Оңбаған» деп атады (ВИДЕО)

Балғынбек Имашев Атамбаевты «Оңбаған» деп атады (ВИДЕО)

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев елбасыдан кешірім сұрап екі елді жарастырғысы келген қырғыз ақыны Жеңишбек Жумакадырға өлең арнады.

Қазақтың бар ғой нарқында,
Қырғыздың бар ғой салтында.
Інісі қойса еркелеп,
Ағасы қояды кешіріп,
Құшағын жайып келсе деп…”, – деп жырлаған-ды қырғыз ақыны.

Балғынбек Имашев та бұл жағдайдан сырт қалмай, Жеңишбекке өз жауабын қайтарды.

«Ассалаумағалейкум! Қырғыз-қазақ бір туған,
Армысың, досым Жеңішбек, топқа да салса жұлқынған.
Нұрағамызға сөз арнап елдестірмекке ұмтылған.
Елбасымызды мақтаса, сөз қала ма ұртыңнан
Атамбаев ағаңыз Бішкекте жатып бұлқынған
Көзімше әке-көкелеп, ақсақалым деп мәпелеп,
Сөккені алай сыртымнан.
Тағынан түсер алдында айыбын жуып кетме ме,
Кешірім сұрап ұлтынан.
Бір ауыз сөз түзейді қатынасымды құртылған.
Бір ауыз сөз емдейді қанатымызды қырқылған.
Көршінің хақын білетін, тілеуін тілеп жүретін
Елбасым еді дүр тұлғам.
Ақсақалымды сыйламай сақалдан алды Алмазбек,
Алыстап әдет-ғұрпымнан», – деп бастады Балғынбек Имашев сөзін.

Previous Абай Бегей атышулы Әбдіғаппар Смановтың уағыздарын тыңдайтынын айтты
Next Салтанат Бақаева: Жас кезімде ешқашан шымкенттікке тұрмысқа шықпаймын дейтінмін

Осыған ұқсас

Күйзеліске түскен Анджелина Джоли өлім аузында жатыр

Голливуд жұлдызы Анджелина Джолидің өміріне қауіп төніп тұр. Танымал актриса соңғы кездері өмірінде орын алған оқиғалардан қатты жүдеп кеткен. Оның қазіргі салмағы небәрі 34 килограмды құрап отыр. Дәрігерлер Джолидің денсаулығына

Хирургтер Бағлан Әбдірайымовтың қолын неге кеспек болды?

Хирургтер бір кездері ер азамат қауымына үлгі, нәзік жандыларға арман болған “Жігіттер” квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың қолын білегінен төмен кесіп тастамақ болған. Бұл туралы анасы Нұрсұлу ханым “Аналар” бағдарламасында баяндап берді.

Дүниежүзілік «Дауыс» байқауының балаларға арналған нұсқасы – Қазақстанда!

«Бұлақ көрсең – көзін аш». Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнерлі балаларды бір арнаға тоғыстыратын ән байқауы жақын күндерде көрерменге жол тартпақ. Балаңдығына қарамастан, ересектерге бергісіз күш-жігер танытатын өнерге жақын өрендер көрмей тыңдау

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап