Мұхтар Шаханов: Халықты мағынасыз әнге тойдырып, Гитлердің арманын орындап жатырмыз
09.11.2017 3 пікір 5392 қаралды

Мұхтар Шаханов: Халықты мағынасыз әнге тойдырып, Гитлердің арманын орындап жатырмыз

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов елімізде “Зың-зың” сияқты мағынасыз әндердің көбейіп кеткеніне күйінді. Шахановтың айтуынша, қазақ эстрадасында арзан әуенге әуес, атаққұмар әншілер көбейген. Бұл ретте елдің болашағын ойлап жатқан ешкім жоқ деп назданды ол.

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Біз жұрттың талғамын нашарлатып, әлсіретіп алдық. Түкке тұрғысыз әншілер жұлқынып кеп әндерді орындайды, не мағына жоқ, не мазмұн жоқ. Сөзін де өздері жаза салған. Соларға үлкен жиындарда отырған кемпір-шалдарға дейін қол соғып отырады”, – деп ессіз әншілер мен ессіз тыңдармандарға деген өкпесін жеткізді Шаханов.

“Кезінде Гитлерден: “Шығыс жақтан жаулап алған елдерге қандай саясат қолданамыз?”, – деп сұраған. Сонда Гитлер: “Оларға ертеден кешке дейін музыка қойып қою керек, кітап оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек. Өйткені адам неғұрлым рухани жағынан саяз болса, соғұрлым өзін бақсы сезінеді”, – деген. Қазір сол Гитлердің арманы бүкіл әлемде іске асты”, – деп түсіндірді Халық жазушысы.

Шахановтың пікірін өнер иелері де қоштай түсті.

“Ол кісіге ренжуге болмайды. Оны дұрыс түсіну керек. Халықтың талғамы сол деңгейде болса, көп жастардың деңгейіне түспей, Мұхтар Шахановтың деңгейіндегі әндер орындалатын болса, қанеки?!” – деп атап өтті Төреғали Төреәлі

“Оны айтуын айтасың, бірақ тыңдалмаған сөз жетім дейді ғой. Айтқанымызбен, біз туралай салатын нәрсе емес ол”, – деп қоштады “Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев.

Ал “Шудың бойында” атты жеңіл әнімен танылып, артынша “Зың-зыңға” клип түсірген Ахан Отыншиевтің Шахановқа берер жауабы дайын.

“Менің жауабым, ауыр әдемі әндер көп. Жүрегіңді суырып, өкпеңді қолыңа ұстатып жіберетін мықты әндер көп қазақта, бірақ жеңіл әндер өтіп жатыр. Жеңіл ән өткеннен кейін, осындай боп жатыр”, – деп ақталды ол.

Previous Меруерт Түсіпбаева гормондық өзгерістерге ұшырағанын айтты
Next Мақпал Жүнісова өзіне өмірлік серік іздейтінін жасырмады

Осыған ұқсас

Семейдегі интернат директоры 17 жыл бойы балаларды зорлаған азғынның қылмысын жасырған

Семейдегі «Жетім балаларға арналған №5 мектеп-интернатының» директоры өз қызметкерінің педофил екенін бұрыннан білген. Бұл туралы «Время» газетіне сұхбат берген прокурор Жанар Қанғожина мәлімдеп отыр деп жазады Skifnews.kz басылымы. Өскемендегі абақтылардың бірінде

Бекболат Тілеухан: Жер – Анамызды жалға бермесек, онда оған дәрет те сындырмайық

Жер комиссияның отырысыннда Мәжіліс депутаты, ұлт жанашыры Бекболат Тілеухан мырза да сөз алып, маңызды мәселеге қатысты пікірін білдірді, , – деп хабарлайды Qamshy.kz. «Бұл халықтық резонанс туғызды. Үлкен саяси мәселе

Назарбаев замандастарына «Интернет балаларына» кедергі келтірмеуге кеңес берді

Нұрсұлтан Назарбаев жоғарғы буын өкілдері Интернет ғасырында тәрбиеленген жастарға түсіністікпен қарау керек деп санайтынын айтты. Елбасы мұндай пікірін Астана экономикалық форумы барысында оған қойылған сұраққа жауап беру кезінде білдірді деп

3 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Қараша 10, 10:49 Reply
    Димашжан орындаган кай ан болсада кулактын курушын кандырады! Кутты болсын алемдик радио жуйесине енгени! Динмуханбет аман болсын !!!
  2. Айсағали
    Қараша 13, 12:26 Reply
    Ерке қыздар назданатын еді. Назданды деген сөз еркеледі дегенге келеді. Автордың айтқысы келгені - "назаланды" болуы керек.
  3. Мұхтар аға Шахановтың айтқанына қосыламын. Арзан әндер көбейіп кетті. Бұл жерде қазақ телеарналарына айтатын менің де назам бар. Журналистердің кәсіби деңгейлігінің төмендігі ме, өздерін авторлық бағдарламаларын, интеллектуалдық бағдарламаларды ұсынудың орнына, эфирді толтыру үшін демалыс күндері күні бойы тек концерт қосып қояды, одан басқа күндері түрік, үнді сериалдары. "Айта айта "Алтайды", Жамал апа қартайды" дегендей, Шәмші әндерінің кешін ай сайын өткізіп, Шәмшінің де әндерінің қадірін кетірді әртістеріміз. Өз басым ұлттық телеарналарды қарағым келмейтін дәрежеге жеттім. Экономика саласына қатысты, елдегі шығарылып жатқан өнімдер, т.б. еліміздің жетістіктеріне қатысты бағдарламаларды қараймын да, шетелдің TLC деген каналына бұра саламын. 300 келі салмақтан арылған адамдар мен тазалыққа жаны құмар адамдар туралы бағдарлама қызығырақ болды ақыр соңында))). Арзан ән мен жасанды дауыстан мезі болғаным сонша, басында даусы жақсы дегенге сенбей, Димаштың Кытай еліндегі байқауын 7-турдан бастап қарадым. Қазақ эстрадасындағы дауысы жүрегімді баурап алған бірден-бір әртістер - ол Мейрамбек пен айналайын Димаш! Қалғандарыңыз ренжімеңіздер, "өлең айтқанның бәрі әнші емес, өлең жазғандардың бәрі Шәмші емес"))). Ал журналистерге айтарым, күні-бойы арзан әндер қосқанша, эфирде жастардың санасын рухани жаңғыруға жетелейтін бағдарламалар берсе екен деймін. Әйтпесе, шынымен де Гитлердің арманындай рухани кедей ұрпақтардың көбейетіні сөзсіз.

Жауап