Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың махаббат хикаясы басталғалы ғашықтар көпшіліктің сынына ұшырап, жағымсыз пікрілердің астында қалған еді. Алайда шаңырақ құрған ғашықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Елдің сынынан шаршаған Ақбота Дәуренмен не себепті ажырасқандарын Тengrinews.kz  “The Эфир” бағдарламасында айтып берді.

Махаббаттары «Гламур для дур» фильмінің түсірілімнен басталған ғашықтар үйленіп, бала сүйіп те үлгерді. Алайда біраз уақыттан кейін жолдары екіге бөлінді. Көпшілікке бар шындықты ашып айтып, түсіністік тапқан Ақбота бұл жолы не себепті ажырасқандарын да жасырмады.

«Егер ол кісі отбасыға деген көзқарасын өзгертсе, неге қайтадан қосылмасқа? Білмедім, ол кісінің отбасыға деген көзқарасы басқашалау. Намаз оқитын, ұзын хиджап киіп, үйде отыратын әйелді көреді. Оның ойындағы әйел ешқайда шықпайтын, құрбыларымен араласпайтын болуы керек. Ал менің отбасыға деген өмірлік көзқарасым басқаша. Күйеуі де, әйелі де неге жұмыс істемеске?Неге басқалармен де араласпасқа? Неге бірге қол ұстасып көшеде жүрмеске? Ал ол кісінің ойы бойынша басқа. Сондықтан біз шамалы келіспей қалдық”, – деп ағынан жарылды Ақбота.

Бұл ретте әнші алдағы 2-3 жылда екінші рет тұрмысқа шықпайтынын айтып қалды.

“Ертең мысалға, ертең мен өмірлік серігімді тауып жатсам, балам мені қызғанып тұрмысқа шығармай қоюы мүмкін. Үлкен кісілер де бала есін білмей тұрған кезде тұрмысқа шығып кет деп ақыл-кеңесін айтып жатады”,- дейді әнші.

Бүгінде актрисалыққа бет бұрған Ақбота Сейітмағамбет өзіне продюсер іздеп жүрген көрінеді.

stan.kz

Previous Сиви Махмуди "Еңбек даңқы" орденін алатындай не еңбегі сіңді?
Next Тамара Асардың ұлы анасын емдеуге арқалап апарды

Осыған ұқсас

Марат Омаров, әнші, сазгер: Қазақы әндерді үйрету, қазақтың бар екенін дәріптеу бізге парыз

– Кезінде «Анашым» атты әніңіз аналарға арналған гимн ретінде қабылданғаны рас. Жиын тойларда әліге дейін айтылады. Ұмытылып қалып кететін әндердің қатарынан емес. Соңғы уақытта «Анашым», «Алғашқы махаббат» атты әндеріңізбен деңгейлес

Кәмшат Жолдыбаева жарының опасыздығынан кейін көпірден секіріп кетті (ВИДЕО)

«Өгей жүрек” телехикаясының алғашқы бөлімінде жарының опасыздығынан кейін басты кейіпкер Бибігүл көпірден секірген болатын. Түсірілім барысында каскадер табылмай, Камшат Жолдыбаеваның өзі секірген, телехикаядағы түсірілімдер жайында Жолдыбаеваның өзі айтып берді. Бұл туралы juldyz-alem.kz

Мақпал Исабекова бала кезде қандай болғанын көрсетті (фото)

Әнші Мақпал Исабекова Instagram парақшасында көпшіліктің назарына балалық шағының естелік суреттерін жариялады, – деп хабарлайды nur.kz. Фото: Instagram Cуретінің астына әнші “әкем, анам, Дидара және анамның қолындағы қыз – менмін” деп

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап